Қызықты есептер


Сыныпта оқитын балалардың 4/9-і ер балалар, ал қыз балалардың сан жағынан бұдан үшеуі артық. Сыныптағы ер балалар саны қанша? 26



бет27/55
Дата06.01.2022
өлшемі0,54 Mb.
#12597
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   55
Байланысты:
Қызықты есептер

25. Сыныпта оқитын балалардың 4/9-і ер балалар, ал қыз балалардың сан жағынан бұдан үшеуі артық. Сыныптағы ер балалар саны қанша?

26.Геологтар бірінші жоспарланған жолдың 2/9 бөлігін, екінші күні 1/3 бөлігін,ал үшінші күні бірінші күні жүрген жолдан 14 км артық жүріп тоқтады.Үш күнде неше км жол жүрді?

27. 3 тиындық пен 5 тиындық бірнеше бақыр 81 тиын болады. 5 тиындықтардың сомасы 3 тиындықтардың сомасынан 9 тиынға артық. Әр қайсысынан неше бақыр бар?

28. 3 тиындық пен 5 тиындық бақырлари 52 тиын құрады. 3 тиындықтар сомасы 5 тиындықтар сомасынан 2 тиынға артық.Неше 3 тиындық, неше 5 тиындық бар еді?

29.Ақша не 10кгш күрішке, не 30кг сөкке жетеді.Күүріштен 7кг алса,қалған ақшаға қанша сөк түседі?

 

 



 

       3.Уақыт,жылдамдық,жол. Кері үлесті шамалар



1.Екі қаладан бір мезгілде  бір- біріне қарсы шыққан  екі машина 3 сағаттан кейін жолықты. Екі қала аралығы 360км. Бір машинаның жылдамдығы 65км/сағ.Екінші машинаның жылдамдығы қандай?

2. Екі қаладан бір мезгілде  бір- біріне қарсы шыққан  екі машина 3 сағаттан кейін жолықты.Екі қала аралығын бір машина 5 сағатта жүріп өтетін. Онда екінші машинаекі қала арасын неше сағатта жүріп өтеді?

3. Егер маман жұмысшы сағатына күндік жоспарының  0,13 бөлігін орындаса, ал оның шәкірті сағатына 0,07 бөлігін  орындады.Егер екеуі бірігіп істейтін болса, күндік жоспарды неше сағатта орындайды?

 

4. Екі қаланың арасы 330км. Екі қаладан бір мезгілде қарама–қарсы екі машина шығып, 3 сағаттан кейін кездесті. Егер кездескен сәтте бір машина екінші машинадан 30км артық тжүріп өткен болса, машиналардың жылдамдықтары қандай?



5.Бір бағытта қозғалған екі машинаның аралығы 400м. Алдыңғы машинаның жылдамдығы 15м/с, ал артындағы машинаның жылдамдығы 20м/с. Соңғы машина алдыңғыны қашан қуып жетеді?

6. Екі велосипедші ұзындығы 400м тұйық жолмен  жаттығып жүр. Біріншінің жылдамдығы 15м/с, екіншісінің жылдамдығы 13м/с . Олар  бір бағытта бір мезгілде жүріп кетсе, қанша уақыттан кейін тағы қатарласады?

7. Бір бағытта қозғалған екі машинаның аралығы 300м. Артқы машина 20м/с  жылдамдықпен жүріп отырып, 4км жүргеннен кейін  алдыңғыны қуып жетті. Алдыңғы машинаның жылдамдығы қандай?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет