Қызықты есептер


Ақмоладан  Қарағандыға шыққан машина бір сағатта жолдың 6/19 бөлігін жүрді.Машина екі қала аралығын неше сағатта жүріп өтеді? 9



бет28/55
Дата06.01.2022
өлшемі0,54 Mb.
#12597
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   55
Байланысты:
Қызықты есептер

8. Ақмоладан  Қарағандыға шыққан машина бір сағатта жолдың 6/19 бөлігін жүрді.Машина екі қала аралығын неше сағатта жүріп өтеді?

9. Бір бригада жұмысты  30 күнде орындайды. Екінші бригада  сол жұмысты      20 күнде бітіреді. Екі бригада бірігіп істесе жұмысты неше күнде бітіреді?

10.Бір адам жұмысты 20 күнде орындап бітіреді. Ал бригадамен қосылып істесе оған 4-ақ күн қажет. Бригада жұмысты неше күнде бітіреді?

11.Қуаттары әр түрлі екі трактор жерді бірігіп жыртса, жұмысты 8 сағатта бітірер еді. Бір трактор ол жерді 24 сағатта  жыртатын болса, екінші трактор ол жерді неше сағатта жыртып болар еді?

12. Су қоймасын  бірінші құбыр 24 сағатта, екінші құбыр  30 сағатта, үшінші  құбыр 20 сағатта  толтырар еді. Үшеуі бір мезгілде су толтыра бастаса, қойма неше бриолады және әр құбыр  қойманың қандай бөлігін толтырады?

13. Белгілі бір жұмысты бірінші бригада 30 күнде, екінші бригада 24 күнде, ал үшінші бригада 20 күнде бітірген болар еді. Жұмыс 1260000 теңгеге бағаланса, сол жұмысты  үш бригада  бірігіп орындаса, әр бригада қанша ақша алу керек?

14.Екі  қала аралығын  жеңіл машина 2  сағатта , ал жүк машинасы 3 сағатта  жүріп өтеді. Екеуі бір мезгілде бір-біріне қарсы шықса,неше сағаттан кейін кездеседі және әр қайсысы  жолдың қандай бөлігін жүріп өтеді?

15.Екі қала аралығын бір машина 6 сағатта, екінші машина 9 сағатта жүріп өтер еді. Екі машина бір мезгілде бір- біріне қарама-қарсы шықса, неше сағаттан кейін кездеседі?Екі қала аралығы 550км болса, әр машина неше км жол жүреді?

16А мен В пунктерінің аралығы 42м. Осы екі пункттен бір мезгілде қарама – қарсы шыққан екі бала АВ аралығын тұрақты жылдамдықпен ерсілі-қарсылы жүреді де тұрады. Бірінші баланың жылдамдығы 1,2 м/с, екінші баланың жылдамдығы 1,8 м/с болса, олар бірінше,екінші, үшінші рет қандай уақыт аралығында кездесіп тұрады?

17.Алдыңғы (16) есепті: балалардың жылдамдықтары 1 м/с және 5 м/с деп алып, қайта шығарыңыздар.

 §1


1.     50.

2.      2. 4 сағ.

3.     15 км/сағ.

4.     Бірдей қашықтықта.

5.     Алты баласы бар.

6.     48 жұмыртқа.

7.     300 рет кесу керек.

8.     Бес есе.

9.     2 алманы – 1 сомнан 24 алма және 3 алманы 1 сомнан 36 алма сатылды.

10. 2 теңге.

11. Дәптер 14 тиын қымбат.

12. Иә, мысалы, 1,8,15,22,29-шы.

13. Бір айда жексенбі күні, кезегімен жұп және тақ сандарға тура келеді, ал олардың үшеуі жұп сан болғандықтан, бұл айда 5 жексенббі болды, сондықтан олардың біріншісі айдың 2 жұлдызы ғана бола алады, осыдан 20-шы жұлдызы бейсенбі болады.

§2

1.     Алмұрт.

2.       Сұраққа жауап беруге болмайды.

3.      Бірінші орынды Ерлан, сосын Мырзатай, Нұркен, Арман алды.

4.      Егер 7 қарындаш 8 дәптерден қымбат болса, онда 1 қарындаш 1 дәптерден қымбат, сондықтан 7+1=8 қарындаш 8+1=9 дәптерден қымбат.

5.       6 табан. 10 траннан ауыр болғандықтан, 6 табан 9 тран балықтан ауыр,  сондықтан 2 табан 3 тран балықтан ауыр (үш шарттың екеуі артық).

6.       Автомобильші жолдың екінші жартысына жіберген уақыт ішінде, велосипедші барлық жолды жүріп өтті, осылайша, велосипедші В-ға ерте келеді.

7.      Бірінші.

8.       Мектептен үйге дейінгі жолға көп уақыт кетті.

9.      Бірінші В-ға ерте келді.

10.  Сары түсті. 11. Қуып жете алмайды.

 

 § 3


1. Таразыға екі сақина саламыз. Егер таразы тепе-теңдікте болса, онда қалған сақина жеңілірек, егер бір сақина ауыр болса онда жауабы түсінікті.

2. 9 монетадан 3 бөлікке бөліп, бірінші қай бөлікке жалған монета барын анықтау керек, сосын есептегідей шешіледі.

 3. Берілген сақинаның қалғандарынан ауыр немесе, жеңіл екендігін анықтау керек емес. Екі сақинаны салмағы бойынша салыстырамыз.Егер олардың салмағы тең болса,  онда олар – стандарт, стандарт емесі қалған екі сақинаның біреуі. Енді екеуінің біреуін стандарт сақинамен салыстырамыз. Егер бірінші екі сақина тең болмаса, онда стандарт емесі -екеуінің біреуі, ал қалған екеуі – стандарт (тұжырымды аяғына дейін жеткіз). Әрқайсысында 25 сақинадан болатындай етіп 3 топқа бөл.

 

     § 4



1. 50=2+48=4+46=. . .=46+4=48+2, барлығы 24 түрлі тәсіл бар, егер а+b және b+a түрін бірдей деп есептесек, сонда 12 тәсіл аламыз.

2. 10=1+1+1+7=1+1+3+5=1+3+3+3- тәсілмен.

 3. 6=1+1+1+1+1+1+1+1+1+3=3+3 – төрт тәсілмен.

4. Ия, 8,9,10-ды тексерсе болды,  сосын 3 сомнан қосу керек.

 5. 102=12+6х15= =6х12+2х15 -  екі шешім.

6. 163.


7. а)3; ә)12; б)30; 

 8. 4 партия. Т9. 21 партия. 10. 272 ойын. 11. 1) математика, әдебиет, тарих; 2) тарих, математика, әдебиет.

   

 §5


1.     Әйгерім – ақ, Динара – көк, Гүлсім – жасыл, Назерке – қызыл көйлекте.

2.      Асан, Нұрлан, Қасен, Мақсат, Омар.

3.      Әуез – трамваймен, Елнар автобуспен, Мырзатай троллейбуспен қайтты.

4.      Имашев – дәрігер, Боранбаев – мұғалім, Саматов – ақын.

5.      Сүт – құмырада, лимонад – бөтелкеде, квас – банкіде, су – стаканда .

6.      Бақыт – 4 жаста, Құсайын – 1 жаста, Дидар – 5 жаста.

7.      Дана – 5 жаста, Болат – 8 жаста, Анар – 13 жаста, Ғалия – 15 жаста.

8.      Марат – Имашев, Бақыт – Саматов, Қанат –Ғаниев,

9.      Мұрат чех, Темір мен Қуат – совет, Самат болгар  маркілерін сатып алды.

10.  Бақыт – 1-ші орын, Болат – 2-ші орын, Қанат - 3-ші, Жанат - 4-ші .

11.  Анардың көйлегі мен туфлиі ақ, Дананың туфлиі көк, көйлегі жасыл, Назымның туфлиі жасыл, көйлегі көк.

12. Столда сары квадрат, жасыл ромбы, қызыл үшбұрыш, көк дөңгелек жатыр.

13.  Әсел – 1-ші, Манат – 2-ші, Дана – 3-ші, Нұргүл – 4-ші орын.

14.  Серік – 1-ші, Назым – 2-ші, Қуат – 3-ші, Батыр – 4-ші, Темір – 5-ші орын алды.

15.  Арынов Атыраудан, Беріков – Астанадан, Болатов – Қарағандыдан, Ғалымов – Балқаштан, Батыров – Теміртаудан.

             

§6.

2.     Ия.



3.      Он бәтіңке аламыз. Олардың ішінде 5-уі ашық түсті бір аяқтікі        және  5 қара түсті, олда бір аяқтікі болуы мүмкін. Бұл жағдайда 11-ші бәтіңке алсақ онда ол алдыңғы алынған бәтіңкемен ашық түсті немесе қара түсті бәтіңкемен пар болады.

4.      Бірінші кілт ең көптегенде – 4, Екінші – 3, Үшінші – 2, Төтінші – 1 рет сыналған жағдайда өз шабаданын табады, Бесінші кілт қалған шабадандікі болады. Ең көптегенде 10 рет тексері керек.

5.      10 қарындаш.

6.      а) 10; ә)15; б) 19; в)20.

7.      7 банкі шығаруға болады.

8.      Әр қатысушы 11 рет күреске шығуы керек,қатысушыларды топтарға бөлейік.1-топқа сол мезеттегі бір ретте күреске шықпағандарды, 2-ші топқа бір рет күрескендерді, т.с.с. етіп бөлейік. Соңғы 12 топқа барлық 11 рет күреске шыққандар болсын. Бір уақытта бірінші және он екінші топ бар бола алмайды. Егер бір қатысушы барлығымен күресіп шыққан болса, Онда бір де бір күреске шықпағандары болмайды. Осыдан топтар саны 11, ал қатысқандар саны – 12 бола алады.  Дирихле принципі бойынша бір топта кем дегенде екі адам болады.

 

                       



 § 7

 

 



5. Алты тәсілмен.

6. 60 минутта.

7. А және С пунктінен тек екі жол ғана шығатынын байқаймыз, сондықтан Мақсат екі жолмен де өтуі керек. Оларды жуан сызықпен сызып қоямыз. Осымен В арқылы өтетін ВС және ВА  екі учаскені анықтап аламыз. Мақсат В арқылы өтетін басқа жолдармен (ВМ, ВН, ВF, ВЕ) жүрген жоқ. Оларды

 

 



 

Сызып тастайық. MD сызығын жүргіземіз, DH-ты сызып тастаймыз,HF және HR-ді жүргіземіз,RF пен RE-ні сызып тастап,EF-ті жүргіземіз.Осы жағдайда мүмкін болатын жолды табамыз.Жауабы: D үйі-Ақандікі,C-Бекеттікі,B-Әділдікі,А-Думандікі, Е-Беріктікі, F-Жеңістікі, Н-Кәрімдікі, R-Серіктікі. 10. Квадратты бірдей 5 жолаққа бөліп қию керек.

 

15. Сызбаны суретте көрсетілгендей етіп бояп,боялған бөлігінбір-бірімен байланыстыру үшін суретті кейбір төбелерінде ажырату керек.Сонда боялған бөлігінің шекарасы ізделінді сызық болады.



17-18. Бұл есептер сендерге қиындық келтірмеді деп ойлаймыз.

19. Катер адамдарды B  немесе С аралына апару керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет