Байланысты: Расчетные задачи Қызықты химия есептер (10 класс)
№ 1 есеп шешуі:
І. Темір (ІІІ) бромидінің бөлінуі:
а) қоспа ерітіндісін сілті ерітіндісімен өңдейміз.
FeBr3 + 3NaOH = Fe(OH)3 + 3NaBr
AlCl3 + 4NaOH = NaAlO2 + 3NaCl + 2H2O
б) темір гидроксидін сүзіп аламыз.
в) темір гидроксидіне бромсутекпен әсер етеміз. Бастапқы бромидті аламыз:
Fe(OH)3 + 3HBr = FeBr3 + 3H2O
Алюминий хлориді бөлінеді:
а) бастапқы қоспаның ерітіндісін сілтімен өңдеген кезде алынған сүзіндіні (NaAlO2, NaCl, NaF), көмірқышқыл газы арқылы өңдейміз.
(CaCO3 + 2HCl = CaCl2 + H2O + CO2)
2NaAlO2 + CO2 + 3H2O = 2Al(OH)3 + Na2CO3 б) алюминий гидроксидін сүзіп аламыз. Алюминий гидроксидіне хлорсутекпен әсер еткенде бастапқы алюминий хлоридінің ерітіндісін аламыз:
Al(OH)3 + 3HCl = AlCl3 + 3H2O
Натрий фторидінің бөлінуі:
а) сүзіндіні (Na2CO3, NaF, NaCl, NaBr) хлорсутек қышқылымен өңдейміз:
Na2CO3 + 2HCl = 2NaCl + CO2 + H2O
б) кальций карбонаты мен хлорсутектен алынған затқа, кальций хлоридін қосамыз:
2NaF + CaCl2 = CaF2 + 2NaCl
в) кальций фторидін сүзіп алып және күкірт қышқылымен өңдейміз:
CaF2 + H2SO4 CaSO4 + 2HF
г) бөлінген фторсутекті сілті арқылы сіңіреміз және бастапқы натрий фторидін аламыз:
HF + NaOH = NaF + H2O
2-есеп.Белгісіз купоростың MeSO4nH2O және сол купоросқа сәйкес келетін сусыз тұздың суда ерігіштігі 100 г суда 20 оС температурада 101,3 г және 38,4 г тең. Қандай заттар жөнінде сөз болып жатыр, белгісіз затты анықта.