Қызықты химия есептері



бет6/28
Дата02.12.2023
өлшемі0,57 Mb.
#131654
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

6 есептің шешуі:


Жану өнімі толығымен суда ериді деп есептейтін болсақ, онда жанған кезде екі оттекті қосылыс түзіледі, былай ұсынуға болады, онда сілтілік металл (сілтілікжер металдардан тек қана Ba деп қана ұсынуға болады, себебі Ba(OH)2 суда аздап ери алады). Оттекті қосылыстар болып, тотықтар, пероксидтер, асқын пероксидтер (жанған кезде озонидтер түзілмейді. Суда барий пероксидінен басқа, тек тотықтар мен пероксидтер ғана ери алады. Яғни жану өнімі – тотықтар қоспасы болып табылады (оттектің эквиваленті 8 тең) және перекисте (оттектің эквиваленті 16). Егер перекисті оттегінің бір эквивалентіне «n» эквивалентті «тотықты оттек» сәйкес келетін болса, онда түзілген қоспадағы оттегінің орташа эквиваленттік мөлшері (г) тең болады. Жану өніміндегі оттектің мөлшері, оның орташа эквивалентті Эх, онда Эх – металдың эквиваленті (7, 23, 39, 84,5, 133, 137/2 мынаған тең). Теңдеу бойынша:
= 2/3Эх, бұдан n = n > 0, онда 12 < Эх < 24, т.е. металл – натрий металы болып табылады, Эх = 23.
2Na + O2 = Na2O2
4Na + O2 = 2Na2O
Na2O + H2O = 2NaOH
Na2O2 + 2H2O = 2NaOH + H2O2
2H2O2 = 2H2O + O2
Буландырғаннан кейінгі қатты қалдық – NaOH.
7-есеп. Өзгерістер нәтижесінде тек қана екі зат: азот және су түзіле жүретін реакция теңдеуіне мысал келтіріңдер. Бұл реакциялардың ғылым мен техникадағы маңызын, қолданылатын жерлерін көрсетіңіздер. (бір типті реакция теңдеуін көрсетпеу керек).

7есептің шешуі:


  1. Азот оксидтерінің сутекпен тотықсыздануы.

  2. Азоттың сутекті қосылыстары: аммиак, гидразин, гидразингидрат, аммоний азиді және т.б. оттекпен тотығуы (немесе озонмен). Азоттың сутекті қосылыстарының сутек пероксидімен тотығуы. Азоттың сутекті қосылыстарына азоттың оксидтерімен және азоттың оттекті қышқылдарымен әсер ету.

  3. Аммоний нитратының ыдырауы.

N2O + H2 реакциясы газкөлемдік анализде қолданылады.
Нитраттың ыдрауы – азоттың алынуы.
Азотқышқылды зауыттарда бөлінген NO газын басқа газдардан бөліп алу үшін NH3 пен жүргізілетін химиялық реакция қолданылады. Ракеталық техникада = гидразин мен оттектің, сутегінің асқын тотығы мен азот қышқылының реакциялары қолданылады.
8-есеп. А деген жай затты Б деген газда жаққан кезде В деген өнім түзіледі, ол өнім ылғал ауада “түтінденеді” және бірден булана алады. Егер ерітіндінің белгілі мөлшеріне аммноний карбонатын қосатын болсақ, ақ түсті Г тұнбасы пайда болады. Аммоний карбоанатын эквимолярлы мөлшерде натрий карбонатымен алмастыратын болсақ, құрамы дәл сондай, бірақ салмағы азырақ мөлшерде тұнба пайда болады. Егер Г тұнбасын қатты қыздыратын болсақ, қышқыл мен сілтіде еритін қасиетін жоғалтады. Жоғарыда айтылған процестерді түсіндір.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет