1 курс топ кураторларын ортаға шақырамыз! ІІ – жүргізуші. Ельнара Ержанқызы - Ұстаздар, сіздермен бір ойын ойнайык, сіздерді студенттік кездерге саяхаттауға шақырамыз! Алдын ала дайындалған конверттерді алады.
(Ойын шарты түсіндіріліп кетеді)
Ситуациялық жағдайлар.
№1 тапсырма. (Саметов Даулетбай) Сіз группаластарыңызбен автобуста келесіз.Қалталарыңызда билетке ақша жоқ.Бірақ қалайда сабақтан қалмау керек.Түсетін аялдамаға жеткенде достарыңыз шапшаң түсіп кетті,ал сіз кондукторға ұсталып қалдыңыз.Сіз осы жағдайдан қалай шығасыз?
№2 тапсырма. (Ельнара Ержанқызы)
Жатақхана.Сіздің туған күніңіз тойланып жатыр.Асханада ауылдан келген жылқының сүр еті асылып жатыр.Шай ішіп болып «Ламбада»билеп жүрсіздер.Еттің нанын салайын деп асханаға барсаңыз қазан ЖОҚ! Не істейсіз? Сол кездегі көңіл күйіңізді көрсетіңіз? Қонақтарға қалай жеткізесіз?
№3 тапсырма. (Саметов Даулетбай) Жатақхана.Ақшаның,тамақтың таусылып барлығыңыздың тарығып жүрген кездеріңіз.Үзілістің кезінде досыңызбен жүрек жалғау үшін бөлмеге келдіңіз.
3 тілім нан мен 2 жұмыртқа ғана бар.Осы кезде аш жүрген көрші 2 жігіт есікті қағады.Сіздердің бөлмеде екендерізді біледі,бірақ сіздер де аз тамақты бөліскілеріңіз келмейді.Не істейсіз?
№4 тапсырма. (Ельнара Ержанқызы)
Ауылдан жалғыз келдіңіз.Қалада ешқандай туыс,танысыңыз жоқ.Ешқандай орысша білмейсіз.Ағайың орыс.Қалайда жатақханаға орналасуыңыз керек.Ағайың қазақша,сіз орысша білмейсіз.Жағдайды ешкімді араластырмай өзіңіз қалай шешесіз?
№5 тапсырма. (Саметов Даулетбай) Жатақхана.Өздеріңіз білетіндей асхана әр этажда екеу.Барлығы бос емес.Ал сіздің құрбыңыз жылдам тамақ дайындауы қажет.Бөлмеде плитка қосып тамақ әзірлеуге қатаң тиым салынғанын білсе де солай етуге мәжбүр болды. Осы кезде комендант тексеріп келе жатыр.Сіз құрбыңызға шұғыл хабар беруіңіз керек. Қасыңызда комендант Надежда апай. Сіздің тактикаңыз?
Жағдайды қалай реттейсіз?