Тақырыбы: Математикалық калейдоскоп Мақсаты: Сынып оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімдерін көрсетуге үйрету.Оқушылардың сөздік қорын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге және шығармашылықпен еңбек ете білуге дағдыландыру.Болашаққа өз үлесін қоса білетін, іздемпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу. Жан - жақты білімділікке, тапқырлыққа, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Типі: жарыс сабақ
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, топпен жұмыс.
Жүрісі:
Психологиялық дайындық
Әрбір сабақ - үйрену, ұғу, ұлағат,
Әрбір ісің - тірлік, тірек, адалдық.
Әрбір сөзің - шындық, бірлік, адамдық
Балалар, бүгін біз сіздермен " Математикалық калейдоскоп" атты интеллектуалды жарыс өткіземіз.
Жарысқа үш топ қатысқалы отыр
I. топ"Болашақ"
II. топ "Достық"
ІІІ топ “Тұлпар”
Жарыс ережесімен таныстыру.
Әділқазылар мүшелерімен таныстыру.
Жарыс 8 кезеңнен тұрады.
1. Таныстыру
2. Сиқырлы сөздер.
3 Кім жылдам?
4. Кім көп біледі?
5. Білгенге маржан.
6. Ғажайып аланы
7. Сын сағаты.
8. Өнерлі болсаң.
Құрметті ұстаздар, оқушылар!
"Математикалық калейдоскоп " сайысына қош келдіңіздер! Бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған топтарды қол соғып қарсы алайық.
Бас иіп топ алдына шығатын
Сәлемдесу парызы әрбір жастың
Білімдерін паш етер сайыскерлер
Сәті келіп қалғандай танысатын дегендей сайысымыздың бірінші кезеңі "Таныстыруды бастайық"!
Сөз кезегін "Болашақ", "Достық", “Тұлпар”топтарына береміз. (Әр топ өз тобының атын, ұранын таныстырады.)
1 - кезең: Таныстыру.
1 - топ.Ұраны:
Нақтылы жауап, саналы шешім бере біл,
Қарсыластарды сайыстарда жеңе біл!
2 - топ. Ұраны:
Неше сұрақ қозғайтұғын ойшылдар,
Шешуі сол сұрақтардың дәл шығар!