40
Аллаһты зікір еткендер бізге ешқандай сауап қалдырмады»
дегенде пайғамбарымыз
«Иә» деген
87
.
Мына бір хадис болса зікірдің маңыздылығын кӛрсететін ең маңызды
хадистердің бірі болып саналады. Пайғамбарымыздың кӛкесінің
баласы Ибн Аббас
(радиаллаһу анх) айтады: Бір күні Аллаһ расулы жолдастарына үгіт-насихат айтып
тұрған Абдуллаһ Бин Реваханың (радиаллаһу анх) қасынан ӛтіп
бара жатып оларға
былай дейді: «Сендер Аллаһтың сендермен бірге сабыр етуімді бұйырған
жамағатсыңдар». Сосын сӛзін былай жалғастырды:
«Жақсылап тыңдаңдар! Сендер бұл
жерде қанша адам отырсаңдар, сонша
періште де сендермен бірге отыр. Сендер Аллаһты тәсбих еткендеріңде олар да тәсбих
етеді, сендер Аллаһты мадақтағанда
олар да мадақтайды, сендер Аллаһқа тағзым
еткенде олар да «Аллаһу Әкбар» деп, Оған тағзым жасайды.
Сосын Ұлы Аллаһтың алдына барады. Аллаһ
құлдарының не жасағанын
періштелерден жақсы білсе де періштелер «Ей, Раббымыз! Құлдарың сені тәсбих етті,
біз де тәсбих еттік. Аллаһу әкбар деді, біз де дедік. Саған мадақтар айтты, біз де саған
мадақ айттық» дейді.
Раббымыз: «Ей, періштелерім! Сендерді куәгер етемін, мен оларды кешірдім»
дейді. Періштелер: «Бірақ, олардың ішінде ӛте күнәһар болған пәленше де бар еді»
дейді. Аллаһ Тағала: «Олар сондай бір жамағат, олармен бірге отырған адам бақытсыз
болмайды!» дейді
88
.
Достарыңызбен бөлісу: