41
-
Не істеп жатырсың?
-
Бұл жер жындыхана. Жындыларға дәрі жасап жатырмын.
-
Менің ауруыма да бір дәрі ұсына аласың ба?
-
Не ауру?
-
Менің ауруым - күнәһарлық. Кӛп күнә істеймін.
-
Күнә ауруын білмеймін, мен жындыларға дәрі жасап жатырмын...
Олардың сӛзін естіген бір жынды Баязит Бестами хазретлеріне:
-
Кел, кӛке, кел! Сенің ауруыңның емін мен айтайын,- деп дауыстайды.
Баязит Бестами оның қасына жақындап:
-
Айтшы қане, менің дертімнің шарасы не? – деп сұрайды.
Жынды былай дейді:
-
Тәубенің тамыры мен кешірім тілеу жапырағын араластыр. Жүрек ыдысында
тәухидтің тоқпағымен ұр, ынсаптың елегінен ӛткіз, кӛздің жасымен иле,
сүйіспеншіліктің пешіне пісір.
Таңертең, кешке кӛп мӛлшерде же. Сонда
кӛресің, сенің ауруыңнан түк қалмайды.
Осы дәріні үйреніп алған Баязит хазретлері:
-
Әй дүние-ай, демек, сені де жынды деп осы жерге әкелген ба?-деп ол жерден
кетеді.
Бұл дәрі - әлі күнге дейін күнәһарлық ауруы бар
адамдарға ұсынуға болатын
жақсы дәрі. Яғни, оның үкімі әлі де жалғасуда деген сӛз.
Достарыңызбен бөлісу: