«Қызмет адамының жеке-бас қасиеттері» Адалдық пен туралық



Pdf көрінісі
бет1/127
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144215
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127
Байланысты:
Шынайы адам




«ҚЫЗМЕТ АДАМЫНЫҢ ЖЕКЕ-БАС ҚАСИЕТТЕРІ» 
 
 
1.
 
Адалдық пен туралық 
Адамның достарына деген адалдығы - олардың қайғысын шынайы сезініп
қуаныштарына ӛз қуанышындай қуану деген сӛз. Достары жылағанда жыламаған, олар 
күлгенде күлмеген дос адал дос деп саналмайды. (М.Фетхуллаһ Гүлен) 
Адалдық және туралық дегеніміз не? 
Адалдық берген уәдеде тұру, Аллаһтың берген нығметтері мен жақсылықтарына 
шүкіршілік ете білу үшін кӛрсетілетін құрмет дегенді білдіреді. Ал, туралық болса 
турашыл болу, сӛзінде тұру және дұрыстық мағыналарына келеді. Сонымен қатар
туралықтың ӛз бауырына Аллаһ ризалығы үшін жақсылық тілеу, достық, уәдеде тұру, 
берген сӛзін орындау, аманатқа қиянат жасамау, мойнына алған міндеттерді атқару 
сияқты мағыналары да бар.
Адалдық пен туралық сезімі Хақтың және де халық алдында адамның беделге ие 
болуына себепші болатын маңызды нәрселер болып табылады. Мүмін адам ӛзі сенетін 
іс пен құндылықтарға да, соларды бастан кешіруге себеп болған адамдарға да адал 
болуы оның мойнына жүктелген міндет болып саналады.
Әрбір адамның ішінде бір жақсылық бар екеніне сеніп әрекет жасау - адалдық 
пен туралықтың шарты. Қазіргі кезде кӛптеген ұрпақ адал, турашыл адамдардың 
кӛмегін күтуде. Оларға кӛмек қолын созбау - адал және турашыл сипаттағы қызмет 
адамына жараспайтын әрекет.
Адал жолдас деген кім? 
Адамның үш жолдасы болады. Олардың біреуі ғана адал болады. Бұлардың бірі 
мал-мүлкі, екіншісі туыстары мен достары, ал үшіншісі жасаған жақсылықтары. 
Адам ӛлген кезде малы оны тастап кетеді. Ұзақ сапардың жолаушысы болған 
адам ӛкінішке орай баратын жері үшін дайындауы керек болған азығын жолда 
қалдырған болады.
Достары қабірінің басына дейін келеді. Қайғырып жерлеген соң қол бұлғап
кетіп қалады.
Адамды ешқашан жалғыз қалдырмайтын ең адал досы – оның мәңгілік азық етіп 
дайындаған 
ғибадаттары, 
ақиқат 
жолында 
шеккен 
қиындықтары, 
кӛрген 
қиыншылықтары және Аллаһ жолында жасаған қызметтері. Қабірден ӛтіп, Сыратқа 
қарай ӛзімен бірге аяқ басатын және осылайша мәңгілік бақыт ретінде алдынан 
шығатын нәрсе - осы жақтан алып барған нәрселері және икрамы-ы иләһи
1



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет