Қызметіне виртуалды экскурсия


Қазақстан Республикасы Гидрометеорология жөніндегі Мемлекетаралық Кеңестің мүшесі болып табылады



бет14/14
Дата25.03.2023
өлшемі242,59 Kb.
#76164
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Қазақстан Республикасы Гидрометеорология жөніндегі Мемлекетаралық Кеңестің мүшесі болып табылады


ТМД Гидрометеорология жөніндегі мемлекетаралық кеңес (ГМК) 1992 жылғы 8 ақпанда Гидрометеорология саласындағы өзара іс-қимыл туралы келісімге сəйкес құрылды. ТМД ГМК гидрометеорологиялық процестерді болжау, олардың қоршаған ортаға əсерін болжау, басқару органдары мен халықты уақтылы хабардар ету жəне алдын алу, Достастыққа қатысушы мемлекеттердің экономика жəне қорғаныс салаларында тиімді пайдалану үшін қажетті гидрометеорологиялық ақпаратты уақтылы алу жəне пайдалану жөніндегі міндеттерді шешу үшін құрылған. Толық ақпарат ресми сайтта http://cis.minsk.by/.

1994 жылы Каспий маңы мемлекеттерінің ұлттық гидрометеорологиялық қызметтері: Əзірбайжан, Иран, Қазақстан, Ресей жəне Түрікменстан арасында Каспий теңізінің гидрометеорологиясы жөніндегі үйлестіру комитеті (КАСПКОМ) құрылды. Каспий теңізінің гидрометеорологиясы саласындағы ҰГМҚ бірлескен қызметінің негізі ДМҰ-ның Ғаламдық байланыс жүйесі арналары бойынша деректермен жедел алмасу болып табылады.
2014 жылғы 29 қыркүйекте қол қойылып, Каспий маңы мемлекеттері басшыларының Саммитінде Каспий теңізінің гидрометеорологиясы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, 2016 жылғы 31 қаңтарда күшіне енді.
Ынтымақтастықтың мақсаты ауа райы мен климаттың өзгеруіне байланысты Каспий теңізінің акваториясы мен жағалауындағы теңізде жүзу қауіпсіздігін жəне басқа да қызмет түрлерін қамтамасыз ету болып табылады. Толық ақпарат ресми сайтта http://www.caspcom.com/.
«Қазгидромет» РМК 2018 жылғы қарашада EUMETSAT-пен 2019-2021ж. кезеңге арналған Лицензиялық келісімге қол қойды. Осы Келісім аясында EUMETSAT ақысыз негізде
«Қазгидромет»-ке жоғары дəлдікті спутниктік суреттерді ұсынады.
Сондай-ақ, Келісім шеңберінде 2019 жылғы 10 -11 сəуір аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Шығыс Еуропа, Кавказ жəне Орталық Азия елдері үшін «Eumetsat ақпараттық күні» атты халықаралық конференциясы өтті.
EUMETSAT – жерсеріктерді іске қосу жəне соңғы тұтынушыларға ауа райы туралы сандық деректерді ұсыну есебінен еуропалық метеорологиялық спутниктік жүйені құру жəне пайдалану мақсатын көздейтін, сондай-ақ планетадағы климаттық өзгерістердің жедел мониторингін жүзеге асыратын 1986 жылы құрылған үкіметаралық ұйым. Толық ақпарат ресми сайтта https://www.eumetsat.int/website/home/AboutUs/WhoWeAre/index.html.

Пайдаланылған əдебиеттер тізімі:




1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Гидрометеорологиялық орталығы сайты: https://www.kazhydromet.kz



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет