40
Тұрғындар арасында жүргізілген сауалнама мүгедек жандардың әртүрлі
мекемелерге, мәдени және демалыс объектілеріне төмен қолжетімділіктерін
дәлелдеді: мүгедек жандар көбінесе медициналық мекемелерде кездеседі; кейде
- далада; сирек-дүкендер мен көліктерде - кездеседі. Тұрғындардың көпшілігі
мүгедек жандарды кинода, театрда, мұражай,кафе,мейрамхана, жұмыс жасайтын
және оқитын орындарында кездестірмеген.
Бұл мүгедек жандардың қоғамның тең және белсеңді мүшесі еместігінің
тағы бір дәлелі болып келеді. Теориялық жағынан келгенде мүгедек жандар
адамдардың барлық құқығына талаптана алады, ал, тәжірибеде әлі күнге дейін
мүгедек емес жандарға қолжетімді әртүрлі мекемелер мен объектілер мүгедек
адамдар үшін қол жетімсіз болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: