Қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты


Мүгедек жандардың көзқарасы



Pdf көрінісі
бет22/46
Дата11.10.2022
өлшемі0,79 Mb.
#42315
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   46
Байланысты:
Инклюзивті-білім беру книга

Мүгедек жандардың көзқарасы
Жалпы зерттеу мүгедек жандардың қоғамның тең және белсеңді мүшелері 
болуға жалпы қоғамның қабылдауынан гөрі өздерінің дайын еместігі 
анықталды. Қоғамның тең және белсеңді мүшесі болуға дайындықтары төмен 
орташа немесе ортадан төмен білім деңгейлі мүгедек жандардың арасында
материалдық жағынан жағдайы қиын және отбасы құрмаған мүгедектер 
арасында кең тараған. 
Көбінесе туғаннан немесе кішкентай кезінен мүгедек болған жандар осал 
болып келеді. Өйткені, олар тәуелсіз болу мүмкіндігінен көбірек айырылған. 
Олардың көбісі басқа адамдардың көбінесе ата-аналарының көмегіне зәру болып 
келеді. Зерттеудің нәтижесі негізінде сауалнама берушілердің (61%) көбісінде 
мүгедектік туған кезден немесе кішентай кезінен келе жатыр, демек, олардың 
өмірінде ең маңызды рольді отбасымен ата-аналары атқарды. 
Сонымен қатар, зерттеу жұмыстары көрсеткендей, мүгедек адамдарды 
қоғамның тең әрі белсеңді мүшесі ретінде нақ мүгедек жандардың ата-анасы 
көре алмайтындығын шығарды. Мүгедек балалардың ата-аналары олардың 
балалары ештеме жасай алмайды және жиі басқалардың көмегіне зәру деп 
санайды. Шынымен-ақ, кейбір қатты ауыр мүгедек саналатын балалар 
басқалардың көмегіне тәуелді болып келетін де шығар. Дегенмен, отбасында 
мүгедек балалар өсіп келе жатқан ата-аналардың, жақындардың олардың 
балаларына әртүрлі тәуелсіз өмір сүру үшін мүмкіндіктер туралы, мүгедек 
балалардың дербес және қоғам өмірінде белсеңді болуға қалай тәрбиелеу 
жөнінде хабардар ету қажеттілігі жоғары болып отырғандығы көрініп отыр. 
Сонымен қатар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың өмірін 
жақсарту және қол ұшын беру бойынша қосымша шараларды іске асыру қажет. 
Қоғамның тең әрі белсеңді мүшесі болуға мүгедек жандардың дайындық 
дәрежелерінің төмендігінің дәлелі ол зерттеуге қатысқан қатысушылардың тең 
жартысы тек қана арнайы мүгедек адамдар үшін салынған нысандарға ғана 
баруға ниет білдіруі. 


41 
Мұндай тілек көбінесе мүгедек жандарға арналып салынған ғимараттардың 
қолжетімді болуы, өздерін өз араларында екендігін сезіну қажеттілігі, осының 
негізінде жайсыздық пен мүгедек емес жандардың жағынанқадалған 
көзқарастарды сезінбеу сезімімен түсіндіріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет