Қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты


Инклюзивті білім беруді іске асыруда психологиялық-педагогикалық



Pdf көрінісі
бет11/46
Дата11.10.2022
өлшемі0,79 Mb.
#42315
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   46
Байланысты:
Инклюзивті-білім беру книга

Инклюзивті білім беруді іске асыруда психологиялық-педагогикалық 
сүйемелдеудің ерекшеліктері. 
 
Білім беру мекемелерінде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу 
ерекшеліктері философиялық құндылық негіздерімен түсіндіріледі. 
Бұл түсінікті инклюзивті білім беру үрдісінің психологиялық-
педагогикалық сүйемелдеу Концепциясында табуға болады.Ұсынылған 
міндеттерді 
және 
жағдайларды, 
мамандандырылған 
психологиялық-
педагогикалық сүйемелдеу жұмыстарын іске асырылмаған жағдайда мүмкіндігі 
шектелген физикалық және психикалық жетіспеушіліктері бар балаларды жалпы 
білім беру ортасына кіріктіру мүмкін емес. 
Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді баланың барлық өмірлік іс 
әрекет аймақтарының кешенді үрдісі ретінде қарастыру қажет. 
Инклюзивті білім беру жағдайында психологиялық-педагогикалық 
сүйемелдеу жеке және топты түрде ұйымдастырылады. 


23 
Психологиялық-педагогикалық 
сүйемелдеу 
білім 
берудің 
барлық 
кезендерінде іске асырылады. Осыған орай, сүйемелдеу үрдісінің үздіксіздігі 
қамтамасыз етіледі. 
Сүйемелдеудің маңыздылығы мен өнімділігі оның жүйелілігімен 
анықталады. Оның ішінде отбасы, білім беру ортасын құру, оқыту мен 
тәрбиелеу, өзін-өзі тану және тұлғалық іске асырылуы қарастырылады. 
Отбасын сүйемелдеу дегеніміз, тек мүмкіндігі шектелген психофизикалық 
ерекшеліктері бар отбасын қолдау емес. Ол «ерекше» балаларға әлеуметтік 
қызығушылығын қалыптастыру болып табылады. 
Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мамандарының басшылыққа 
алатын принципі – әр балаға және отбасына жекешелендірілген тәртіппен 
қолдау көрсету. 
Инклюззивті білім үрдісінің психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің 
келесі принциптерін анықтауға болады: 
1)үздіксіздігі; 
2)жүйелілігі 
3)жекелендірілген тәсіл; 
4)білім беру үрдісінің жағымды эмоционалдық қалыптарын қамтамасыз ету
5)сүйемелдеу мамандарының конмандасында пәнаралық іс-әрекеттестік; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет