18
соң қаржылық жағдайы төмендеген, себебі, дәрі-дәрмектер олар үшін қымбытқа
түседі.
Осындай жауапты жалғыз басты аналардың 50%-ы берген. Бұл
отбасыларына тек баланың зейнет ақысымен күн көрушілер жатады.
Отбасылардың 20%-ының балаларын әжелері тәрбиелеп отыр. Тек 10%-нда ғана
қаржылық жағдайы қалыпты. 90% отбасылар әлеуметтік қорғауды, әлеуметтік
қамсыздандыруды өз балалары үшін қажет деп санайды.
Инклюзивті білім берудің тиімділігі тек психологиялық-педагогикалық,
дефектологиялық және басқа да білім мен дағдыларды меңгерген мамандарға
ғана емес, сонымен қатар өз кәсібінің шеңберінен тыс шығуға қабілетті,
өздігінен дамудың шығармалық әлеуетін меңгерген, өзінің кәсіби қызметін
сапалы іске асыруға ішкі қозғамдамасын иемденетін маманға да маңызды орын
бөлетін әр түрлі саладағы: денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау
мамандарының ынтымақтастығына байланысты.
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012
жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан
дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауында білім саласына
түбегейлі өзгерістер жасауды міндеттеумен қатар, нәтижесі – Қазақстандағы
адами капитал деңгейінің сапалы өсуін атап көрсетті. Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
бағдарламасы барлық балаларға тең дәрежедегі білім беру мен оларды сапалы
тәрбиелеу кепілі ретінде айқындалып, мүмкіндігі шектеулі оқушылардың да
білім алуына қажетті негізгі мақсаттарды айқындап көрсеткен.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың, мүгедек балалардың сапалы білім алуға
тең құқылы болуы Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген.
Достарыңызбен бөлісу: