Қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты


Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуде



Pdf көрінісі
бет24/46
Дата11.10.2022
өлшемі0,79 Mb.
#42315
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   46
Байланысты:
Инклюзивті-білім беру книга

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуде 
тұрғын үй көмегімен сүйемелдеу 
 
«Тұрғын үй қатынастары 
туралы» 
Қазақстан 
Республикасының
1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-I Заңына және Отбасыларға (азаматтарға) пәтер 
үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну 
ережелеріне (бұдан әрі-Ереже) сәйкес тұрғын үй көмегіне қалада тұрақты 


46 
тұратын, тұрғын үйдің меншік иесі болып табылатын немесе мемлекеттік 
тұрғын үй қорынан 
тұрғын үйді 
жалға алушы 
аз қамтамасыз 
етілген 
азаматтардың құқығы бар. 
Тұрғын үй көмегінің 
мөлшері 
тұрғын үйді 
ұстауға іс жүзіндегі 
төлем және Ереже 
нормаларымен 
бекітілген 
шектеуде 
коммуналдық 
қызметтерді тұтыну мен бұл мақсаттарға аталған отбасы рұқсат етілген шығын-
деңгейі шегіндегі арасындағы айырма ретінде анықталады (отбасы табысынан 
10%). 
Сонымен 
қатар, 
«2011–2020 
жылдарға арналған Қазақстан 
Республикасында ТҮШ жаңғырту» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, егер 
үй кондоминиум объектісі ретінде тіркелсе және басқару органы болса, сондай-
ақ пәтер меншік иесінің күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтерді 
төлеуге және тұрғын үйді ұстауға шығындары бекітілген Ереже нормаларының 
шегінде отбасының жиынтық табысынан 10% артық болса, онда көп қабатты 
үйдегі тұрғын үй иесі тұрғын үй алуға мүмкіндігі бар. Тұрғын үй көмегін 
тағайындау мәлімдеуші сипатқа ие. 
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» ҚР 2011 жылғы 17.07. 
№ 246-II Заңына, «Балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар 
туралы» ҚР 2005 жылғы 28.06. № 63 Заңына сәйкес халықтың әлеуметтік-әлжуаз 
қатары мынадай әлеуметтік қолдау түрлерін алады: мемлекеттік атаулы 
әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы. 
Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын 
ҚР азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және 
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың 
атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар. 
Атаулы әлеуметтік көмек мүгедектерді және стационарлық емделуде бір 
айдан астам уақыт кезеңінде болатын адамдарды, күндізгі оқу нысанында 
оқитын оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттар мен 
магистранттарды, сондай-ақ І және ІІ топтардағы мүгедектерді, сексен жастан 
асқан адамдарды, жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын 
азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті 
органдарда тіркелмеген жұмыссыздарға тағайындалады. 
Мүгедек балаларға үйден әлеуметтік көмек көрсетуді, облыстық ПМПК 
қортындысы бойынша әлеуметтік қызметкерлер атқарады. Әлеуметтік 
қызметкерлер жергілікті әкімшілікке және әлеуметтік қорғау мекемесіне 
қарайды, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және білім беру бөлімдері 
мекемелерімен бірлесіп, өзіне бөлінген мүгедек балалардың үйіне барып, 
қажеттілігін анықтап, өмірге биімдеу, үйрету, тәрбиелеу мақсатында ата-
аналарына Заңдарды түсіндіріп, көрсетіп, көмектеседі, қадағалайды, ортамен 
қарым-қатынас орнатады. Облыстық ПМПК-ның ұсыныстары толық орындалуы 
керектігін ата-аналарға, мұғалімдерге, дәрігерлерге, әлеуметтік мұғалімге және 
әкімшілікке ұғындырып, бірлесіп жұмыс жасайды. 


47 
Мүгедек балаларды әлеуметтік қолдаудың бағдарламасын орындайды. 
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ұсынысы бойынша 
тегін әлеуметтік көмек көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет