48
жауапкершілігі бірнеше есе өсіп отырады. Ол тек баланы өмірлік
қажеттіліктермен
қамтамасыз
етуден
ғана
тұрмайды,
оны
үнемі
сүйіспеншілікпен қамқорлық аясына алу, сезімталдықпен қолдау қажет. Бірақ ол
баланың өзінің өмірлік тәжірибесін меңгеруіне жағдай жасауы үшін өзіндік
белсенділігін қолдау және қалыптастыруға бағытталған болуы керек.
Түсініктірек айтқанда баланың әлеуметтік дағдылары жас және жалпы даму
деңгейіне қарай мүмкіндігінше ересек адамдар мен балалар арасындағы өзара іс-
әрекет арқылы қалыптасады.
Ата-аналар тарапынан болатын жоғары дәрежедегі қамқорлық та баланың
өздігінен жуыну, киіну, тамақтану, қажетін өтеу дағдыларын игере алмауына
себеп болады. Төгіп-шашады, бүлдіреді деген сылтаулармен көп жағдайда ата-
аналар баласы үшін өздері істегенді тиімді көреді. Осындай себептермен балада
өз-өзіне қызмет ету дағдысының қалыптасуы қиындайды. Түзету, әлеуметтік
бейімдеу орталықтарына осындай бағытта жүргізілетін нәтижелі жұмыстар ата-
ана тарапынан қолдауды бекітілуді қажет етеді.
Мүгедек бала тәрбиелеу, отбасының шаруасы әртүрлі жанұялық
проблемалар кей жағдайда баланың болашағын, оның кейінгі тағдыры туралы
ойлануға мойын бұрғызбайды. Дегенмен де, ата-ана түзете-дамыту үрдісінен
тыс қалмай белсенді қатысушы болып, мамандармен, медициналық,
психологиялық кеңес алып отырса, баласының өмірлік қажеттілік дағдыларды
меңгеруіне сауатты түрде ықпал етер еді.
Достарыңызбен бөлісу: