7
Білім беру жүйесінде даму мүмкіндігі шектеулі балаларға айырықша орын
бөлінген. Бұл балаларға қатысты біздің алдымызда тұрған негізгі міндет-
олардың әлеуметтік ақталуы мен бейімделуіне, қоғамдағы толыққанды өмірге
дайындалуына жағдай жасау және көмек көрсету.
Қ.Р Президентінің 07.12.2010 жылғы №1118 Жарлығымен бекітілген білім
беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында инклюзивті білім беру
жүйесін жетілдіруді қарастырады.
Осы заң аясында жарымжан балаларға ерте бастан білім беру мәселесіне
мән берілген. Оларды білім беру ,әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз
ету қарастырылған.
Инклюзивті білім беру –мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім
беретін мектептерде тең жағдайда бірдей білім алуына қолжетімділігін
ұйымдастыру. Мәселен арбамен қозғалатын балалар үшін мектептерде арнайы
пандустар өзге де мүмкіндіктер қарастырылуы керек. Бұл индикаторлар 2011-
2015жылдарға арналған стратегиялық жоспарда да талап етілген.
Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын
жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету,
сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттігі бар балаларға арнайы жағдай
қалыптастыру.Тәжірибе көрсеткеніндей қатаң білім беру жүйесінен балалардың
бір бөлігі шығып қалады,өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық
қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды
оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптас-
тырады.
Достарыңызбен бөлісу: