Ықпалды өзгерістер деп – сөз құрамындағы бір дыбыстың көрші дыбыс әсерінен болған өзгерісін айтамыз. Дәлірек айтсақ, бір фонема екі түрлі дыбысталып, бірінің орнына екіншісі алмасады. Сондықтан, мұндай өзгерістер – дыбыс алмасу (орысша чередование, латынша альтернация) деп аталынады.

Ал ықпалсыз (спонтанды) өзгерістерге келсек, олардағы дыбыстар көрші дыбыстардың әсерінен алмасып (өзгеріп) тұрмайды. Сондықтан оларды дыбыс алмасуы дегеннен гөрі, дыбыс сәйкестігі деп атаған жөн.
Қалай болған күнде де, дыбыстық өзгерістердің бәрі тілімізді икемді етеді; айтылуы қиын дыбыстар мен дыбыстар тіркесімін оңайлатады; сөйтіп, тіліміздің икемділігі мен қарымдылығын, қолайлылығын арттырады, қолданылуын жеңілдетеді.