Дыбыстық өзгерістердің бәрі – тіліміздің дыбыстық заңдары бойынша өзгерген фонетикалық құбылыстар. Тілімізге орыс тілінен енген төмендегі сөздер – осы заңдылықтар негізінде өзгеріске ұшыраған сөздер: бөкебай (пуховый), бөрене (бревно), бөтелке (бутылка), доға (дуга), кәмпит (конфета), кереует (кровать), көшір (кучер), қамыт (хамут), самаурын (самоварь) т.б. Бұлар – тіліміздің заңдылығына бағынып кеткен кірме сөздер. Рас, тіліміздің дыбыстық заңдары бойынша әлі де толық өзгеріске түспей жүрген мұғалім, кітап, қазір, қате, тілмаш, қауіп, ислам деген сияқты бірлі-жарым сөздер кездеседі. Ықпалсыз (спонтанды) өзгерістер дегенге дыбыстардың бір-біріне ешқандай ықпалсыз, әсерсіз, тарихи түрде болған дыбыстық өзгерістер жатады. Бұл құбылыс фонетикалық еңбектерде спонтанды өзгерістер деп аталынып жүр. Яғни ықпалсыз өзгеріс дегеніміз – «кенет пайда болған немесе тарихи себептерден болған өзгерістер» деген сөз болып шығады. Мысалы: палуан ≈ балуан, дізе ≈ тізе, түзу ≈ дүзу, бұның ≈ мұның, садақа ≈ садаға, айқай ≈ айғай, Ғали ≈ Қали, Жүсіп ≈ Нүсіп ≈ Түсіп дегендері де осы топқа қосуға болады. Ықпалсыз (спонтанды) өзгерістер дегенге дыбыстардың бір-біріне ешқандай ықпалсыз, әсерсіз, тарихи түрде болған дыбыстық өзгерістер жатады. Бұл құбылыс фонетикалық еңбектерде спонтанды өзгерістер деп аталынып жүр. Яғни ықпалсыз өзгеріс дегеніміз – «кенет пайда болған немесе тарихи себептерден болған өзгерістер» деген сөз болып шығады. Мысалы: палуан ≈ балуан, дізе ≈ тізе, түзу ≈ дүзу, бұның ≈ мұның, садақа ≈ садаға, айқай ≈ айғай, Ғали ≈ Қали, Жүсіп ≈ Нүсіп ≈ Түсіп дегендері де осы топқа қосуға болады. Бұл сөздердегі дыбстық өзгерістер (айырмашылықтар) көрші дыбыстардың ықпалынан болып тұрған жоқ. Олар – тілден тыс (экстралингвистикалық) жағдайлардан туған тарихи өзгерістер. Мұндағы п/б, т/д, б/м, ғ/қ, ж/н/т дыбыстарын бір-бірімен алмасып тұр деуге болмайды. Олар – бір-бірімен жай ғана сәйкес келіп тұр.
Достарыңызбен бөлісу: |