Өлі түбір мәселесінің мәнін осыдан бір ғасырға жуық бұрын (1936ж.) қазақ тілі тархи грамматикасының негізін салушы проф. Қ.Жұбанов мектеп мұғалімі Жанғазы Жолаевқа жазған хатында нақты түсіндіріп берген. Ол 1958 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналының 2-ші нөмірінде жарияланған: «...Өлі қосымша, өлі түбір V класқа ауыр соғатын сияқты», – депсіз. Сенбеймін. Меніңше, V класқа түбір мен қосымшаны оқытпасаң балаң тұрып, ұят, оян деген сөздердің түбірі қайсысы деп сұраса, не дейсің? Ұят тұтас түбір десең, ұялболғанда т-ның орнын л, оян болғанда т келіп н-ның орнын қалай алады демей ме? Сонда ұят-тың түбірі өлі ұя; -тесім жасаушы өлі қосымша; ояттың түбірі – өлі – оя;мұндағы -т қара-т дегендегі сияқты өзгелік етістің тірі қосымшасы деп шыныңды айтқан оңай емес пе?».