Известия казумоимя имени Абылай хана серия «филолог…»



Pdf көрінісі
бет108/173
Дата09.05.2022
өлшемі3,43 Mb.
#33204
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   173
Байланысты:
салғастырмалы тіл білімі

 
 
УДК 81'373.2+811.581 
А.О. Устемирова  
Абылай хан атындағы ҚазХҚжҼТУ, 
қытай филологиясы жҽне аударма кафедрасының 
оқытушысы, 2 курс магистранты 
Алматы, Қазақстан  
 
ҚЫТАЙ МӘДЕНИЕТІ МЕН ҚЫТАЙ ТІЛІНДЕГІ  
ТҤР-ТҤС АТАУЛАРЫ 
 
Тіл  –  қарым-қатынас  құралы  ғана  емес,  ұлттың  мәдени,  рухани  және 
тарихи  ӛмірінен,  тұрмыс-тіршілігі  мен  дүниетанымынан  ақпарат  беретін 
маңызды  дереккӛз.  Әр  этностың  ӛзіндік  дүниетанымын  айқындауда  түр-
түс  атауларының  алатын  орны  ерекше.  Мақалада  қытай  тілі  мен 
мәдениетіндегі  түс  атаулары  лингвомәдени  аспектіден  талданған.  Қытай 
тіліндегі  түс  атауларының  кеңістік-уақыт  моделіне  сәйкестігі  баяндалып, 
түс  атауларының  семантикалық  құрылымына  компоненттік  талдау  жасау 
арқылы  түсті  білдіретін  тіл  бірліктеріннің  мағыналық  құрамында  этносқа 
қатысты 
ел 
табиғаты, 
мәдени-тарихи 
және 
психосоматикалық 
ерекшеліктер сияқты ақпараттардың болатындығы анықталған. 
Тірек  сөздер:  түр-түс  атаулары,  лингвомәдени  аспект,  кеңістік-уақыт 
моделі, семантикалық құрылым, концепт, реалий, символдық мән 
 


АБЫЛАЙ ХАН атындағы ҚазХҚжӘТУ ХАБАРШЫСЫ «ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» сериясы 
128 
Адам  баласы  ӛзін  қоршаған  ортаны,  дүниені  түрлі-түсті  кейіпте 
қабылдайды  және  бұл  адамзат  үшін  маңызды  болып  табылады.  Сондықтан  да 
қай  уақытта  болмасын  адам  баласының  түр-түс  табиғатын  тануға,  олардың 
адам  санасына  әсеріне,  түр-түстің  эстетикалық  мәніне  деген  қызығушылығын 
білуге  деген  ұмтылысы  ешуақытта  толастаған  емес.  Бұған  түстердің  бірнеше 
ғылым,  атап  айтқанда,  психология,  лингвистика,  физика,  эстетика  және  т.б. 
салаларына нысан ретінде алынып, зерттеліп жатқандығы дәлел бола алады. 
Табиғат,  яки  болмыстағы  түстер  вербалданып,  сӛзге  бекітілген  атау 
ретінде  лингвистиканың  да  зерттеу  нысанына  айналып  отыр.  Тіл  –  қоғамда 
атқаратын басты қызметі жағынан адамзат арасында қарым-қатынас жасаудың 
құралы болумен қатар, этностың ӛткен тарихынан және мәдениеті мен тұрмыс-
тіршілігінен ақпарат бере алатын құнды дереккӛз де болып табылады. Ӛйткені 
халықтың  тұрмысы  мен  тіршілігі,  қоршаған  ортасы,  ӛмір  сүру  салты  ұлт 
дүниетанымы  мен  мәдениетінің  қалыптасуына  тікелей  әсер  етеді.  Адам  ӛзін 
қоршаған ортаны, айналадағы дүниенің бәрін ой қабілеті арқылы танып біледі, 
ал  ойды  сыртқа  шығарудың  бір  тәсілі  –  тіл.  Бұл ұлттық дүниетаным  адамның 
ойлау, қабылдау әрекеттерінің нәтижесі арқылы жүзеге асатындығын кӛрсетеді. 
Осымен  байланысты  соңғы  кездері  тіл  біліміндегі  зерттеулердің  бағыты  тілді 
таза  лингвистикалық  тұрғыдан  ғана  емес,  тіл  арқылы  ұлттың  болмысын, 
мәдениетін тануды мақсат ететін басқа ғылым салаларымен интеграцияда алып 
қарастыруға ойысып жатыр. 
Қазіргі  кездегі  лингвистикадағы  ғылыми  парадигма  түр-түс  атауларын 
тілде интегративті тұрғыдан қарауды қажет етеді. Бұл түстің әр адамның, яғни 
индивид  санасында  қызметі  мен  түсінік  тұрғысынан  түрлі  түрде  кӛрініс 
табатындығымен байланысты болып келеді.Сонымен қатар, ұлттық тіл ұлттың 
ӛзін ғана танып-білудің құралы емес, сонымен қатар, халықтарды бірлестірудің, 
елдікті  сақтаудың,  мемлекетті  дамытудың  алғышарты  [1,  4  б.].  Осыған  орай 
қазіргі кезде әр ұлт ӛзінің ана тілін терең әрі жан-жақты түрде лингвистикалық 
жағынан  ғана  емес,  сондай-ақ,  басқа  ғылым  салаларымен  ӛзара  байланысты 
қарастыруға  және  туыс  емес  тілдердің  тілдік  деректерімен  салыстыра  отырып 
қарастыруға  бет  бұруының  ӛзіндік  себептері  де  жоқ  емес.  Мәселен,  жүйесі 
бӛлек тілдерді ӛзара салыстыру арқылы әр тілдік ӛзіне ғана тән болып келетін 
ерекшеліктерін  анық  табуға,  байқауға  болады.  Ал  мұндай  ерекшеліктерді 
білудің  екінші  қажеттігі  мынамен  байланысты  болып  келеді:  бүгінгі  таңда  әр 
адамның ана тілінен басқа шет тілін меңгеруге деген ұмтылысы заңды құбылыс 
болып  табылады.  Бұл  оның  ӛзге  тілді,  яғни  сол  үйренген  тілді  ортада  ӛзін 
сенімді  ұстауға,  сол  ұлттың  мәдениетін  жақынырақ  тануға  және  ең  бастысы 
қарым-қатынас жасауы үшін қажет.  
Ғаламның,  дӛңгеленген  дүниенің  бейнесі,  ондағы  ӛмір  сүріп  жатқан 
ұлттардың  мәдениет  мен  оның  наным-сенімдері,  әдет-ғұрыптары,  салт-
дәстүрлері  сол  тілде  сӛйлейтін  халықтың  тілінен  кӛрініс  табатындығын 
ескерсек, осындай әлемнің тілдік бейнесін танытатын тілдік деректің маңызды 
бӛлігін кез келген халық ұғымындағы түс атаулары құрайды.  
 


ИЗВЕСТИЯ КазУМОиМЯ имени АБЫЛАЙ ХАНА серия «ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ» 
129 
Түр-түс атаулары кӛп тілдерде таза тілдік тұрғыдан зерттелген. Бұл орайда 
түр-түс  атауларының  семантикалық  құрылымы  жағынан  талданады.  Мұндай 
лингвистикалық талдаулар сол нысанға қатысты зерттеулердің екінші деңгейде 
немесе басқа қырынан  қарауға жол ашады. Мәселен, лингвомәдениеттану мен 
когнитивистикада  түстер  адамның  қоршаған  ортаны  танудағы  бірден  бір 
маңызды  танымдық  категория  ретінде  қарастырылады.  Ал  түрлі  ұлттың 
тіліндегі  түс  атауларын  салғастырмал  түрде  алып  зерттеу  біріншіден,  қазіргі 
зерттеу  бағыттарында  кең  орын  алып  отыр,  екіншіден,  мұндай  зерттеулердің 
қажеттілігі  ұлттың  ӛзіне  тән  ұлттық  дүниетанымды  айқын  тануға  мүмкіндік 
беретіндігінде болып табылады. 
Соңғы  кездері  қытай  тілі  деректерін  концепт  теориясы  тұрғысынан 
қарастырған  бірқатар  зерттеушінің,  атап  айтқанда,  Т.А.Морозова  [2], 
О.П.Шевчук [3], О.В.Дубкова [4], Гао Хайянь [5] еңбектерін атап ӛтуге болады. 
Концепт  когнитивті  лингвистиканың  негізгі  орталық  ұғымдарының  қатарына 
жатады.  Концепт  мәселесі  лингвистика  ғана  емес,  мәдениеттану,  елтану, 
философия,  когнитология,  психолингвистиканың  да  нысаны  ретінде  алынып 
жүр.  «Концепт»  терімсӛзі  когнитивті  лингвистикада  әр  ғалым  тарапынан 
түрліше  түсіндіріледі.  Жинақтай  келгенде,  үш  бағытын  кӛрсетуге  болады. 
Олардың алғашқы тобы концепт мәселесін лингвомәдениеттану саласында, сол 
саланың  зерттеу  нысаны  ретінде  алып  қарастыруды  қолдаса,  келесі  бағыттың 
ӛкілдері  оны  семантикалық  жақтан  зерттеуді  ұсынады.  Ал  үшінші  топтағылар 
концепт дегенге сӛз бен болмыс арасындағы танымдық байланыстырушы нәрсе 
ретінде қарайды [6, 32-35 б.]. Әр бағыттың негізге алған басты ұстанымдарына 
орай,  концептіге  берілетін  анықтама  мазмұны  да  ӛзіндік  ерекшеліктерге  ие 
болып  келеді.  В.А.Маслова  концепт  ұғымының  мамзұнын  былайша  ашады: 
концепт – мәдениеттанымдық мәні бар вербалданған мазмұн-мағына, ол тілдегі 
лексика-парадигматикалық  кӛрінісі  мен  ұлттық-мәдени  сипаты  бар  ұжымдық 
білімнің  жеке-дара  бір  бӛлігі»  [6,  35  б.].  Яғни  бұл  мазмұн  бойынша  концепт 
адамның менталды дүниесінде орын алған мәдениет деген тұжырым жасалады. 
Осы тұрғыдан келгенде, түс (түс атаулары) қытай тілі мен мәдениетінде ерекше 
орын  алады  және  қытай  мәдениетін  танудың  бір  жолы  осы  түстерді  арнайы 
қарастыру  қажеттігін  алға  тартады.  Ӛйткені  түр-түсті  білдіретін  сӛздердің 
семантикалық құрылымында қытай халқының мыңдаған жылдық тәжірибесінің 
кӛрінісі,  этносқа  тән  сан  түрлі:  жағрапиялық,  әлеуметтік-экономикалық, 
мәдени-тарихи  ерекшеліктер  кӛрініс  табады.  О.В.Дубкованың  кӛрсетуінше, 
қытай мәдениетінде түр-түс мәдениеті еуропалық түс дәстүріне контраст болып 
келеді  екен  және  ғалым  оған  дәлел  ретінде  Кӛктем  мерекесі  (ай  күнтізбесі 
бойынша  1  қаңтар)  қарсаңында  қытай  дүкендерінде  ашық  қызыл  түсті 
киімдердің толы болып келетіндігін айтады [4, 188 б.].  
Қытай  мәдениетіне  қатысты  зерттеулерге  ден  қояр  болсақ,  олардан 
кеңістік-уақыттық  үлгі  деген  түсінікті  немесе  ұғымды  жиі  кездестіреміз.  Егер 
этностың  ӛмір  сүрі  салты  мен  дүниетанымдық  түсінігінде  кеңістік  пен  уақыт 
үлгісі  орын  алған  болса,  онда  оның  түске  қатысы  жағынан  шет  қалмауы  тиіс 


АБЫЛАЙ ХАН атындағы ҚазХҚжӘТУ ХАБАРШЫСЫ «ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» сериясы 
130 
деген  түсінік  пайда  болады.  Қытай  тілі  мен  қытай  мәдениетіндегі  түстердің 
кеңістік-уақыт  моделіне  қатысы  қаншалықты  деген  сауалға  түс  атауларына 
қатысты сӛздердің семантикалық құрылымына талдау жасау арқылы және осы 
семнатикалық  компонеттердің  неден  тұратындығын,  оның  халықтың  тұрмыс-
тіршілігіне, ӛмір сүру ортасына қатысы қанша екендігін анықтау арқылы жауап 
табуға болады.  
О.В.Дубкова  «Қазіргі  қытай  тілі  сӛздігінен»  «түс»  семасы  бар  негізгі 
лексикалық  120  бірлікті  кӛрсетеді  [4].  Автордың  кӛрсетуінше,  осы  барлық 
семантикалық  құрылымында  «түс»  деген  семалық  бӛлшек  бар  лексикалық 
бірліктердің  құрамында  негізінен  бес  түс  болады  екен.  Олар:  «ақ»,  «қара», 
«қызыл», «сары» және «кӛк (жасыл)».  
Түс  атауларын  сипаттауда  қытай  сӛздіктерінде  берілген  түсіндірмелерге 
кӛңіл  аударатын  болсақ,  негізінен  онда  Қытайдың  табиғатындағы  реалийлер 
кеңінен  қолданылатындығын  байқау  қиын  емес  және  бұл  түсіндірмелер  бізге 
ӛзіндік  пайымдаулар  жасауға  мүмкіндік  береді.  Мысалы:  сары  түстің 
дефиницасықытай  асқабағы,  күнбағыс  түстерімен  салыстыру  арқылы 
сипаттамалы  түрде  түсіндірілсе,  қызыл  түс  қан  түсі,  анардың  түсімен 
салыстырылу арқылы, ал ақ түс қармен, қара түс кӛмірмен, көк түс ашық аспан 
түсімен,  жасылтүс  жас  шӛптің  немесе  ағаштың  жаңа  кӛктеген 
жапырақтарының  түсімен  салыстырылады.  Қытай  тілінде  бұл  аталған  негізгі 
түстердің  иероглифпен  таңбалануы  былайша  болып  келеді:  白色 [bбi  sи]  –ақ, 
黑色 [hēi sи] –қара, 黄色 [huбng sи] –сары, 红色 [hуng sи] – қызыл, 绿色 [lǜ sи] – 
жасыл,  蓝色 [lбn  sи]  –кӛк,  紫色 [zǐ  sи]  –сия  кӛк  немесе  күлгін  (фиолетовый), 
灰色 [huī  sи]  –  сұр,  褐色 [hи  sи]  –қоңыр,  橙色 [chйng  sи]  –  ашық  қызыл  сары 
(оранжевый).  Жалпы  қытай  тілінде  «ашық  түс»  ұғымы  'qian',  'nen',  'dan' 
сӛздерімен, ал «қара , яғни ақ түске қарама-қарсы қою күлгін түс» мағынасында 
'shen' сӛзі қолданылады.  
Қытай  тіліндегі  түр-түс  атауларына  уәж  болатын  реалийлер  ретінде 
О.В.Дубкова  мынадай  ұғымдарды  кӛрсетеді:  кӛктем,  қарға,  күннің  батуы, 
алтын,  киноварь,  қан,  бояу,  балықшы  құс,  қырау,  мандарин,  марена,  май,  сүт, 
аспан, нефрит, от, орхидея, шабдалы, күріш, күміс, қар, тушь, жібек, яшма [4]. 
Қытай  тіліндегі  түс  атаулары  білдіретін  ұғымдарды  түсіндіруде  негізге 
алынған  салыстыру  нысандарына  қарай  отырып,  оларды  ӛмір  шындықтары 
ретінде мынандай реалийлермен байланыстыруға болады: табиғат көріністері, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет