Известия казумоимя имени Абылай хана серия «филолог…»



Pdf көрінісі
бет104/173
Дата09.05.2022
өлшемі3,43 Mb.
#33204
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   173
Байланысты:
салғастырмалы тіл білімі

 
 
 
УДК 316.7(44)+ 351.85(44) 
У.Д. Абдуллина, магистрант, 
Абылай хан атындағы ҚазХҚжҼТУ, 
Халықаралық істер жөніндегі бөлімнің жетекші маманы, Алматы  
 
ФРАНЦИЯНЫҢ МӘДЕНИ-САЯСАТЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН 
 
Мәдениет  саласына  француз  мемлекетінің  белсене  араласуы  және 
мәдениеттің  сақтауына,  дамуына  және  қорғалуына  ұдайы  қамқорлық 
кӛрсетуі француздардың ұлт ретіндегі тұрақты мәдени ӛзіндік ерекшелігін, 


АБЫЛАЙ ХАН атындағы ҚазХҚжӘТУ ХАБАРШЫСЫ «ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» сериясы 
118 
француз халқының айрықша сана-сезімін қалыптастыруға септігін тигізіп, 
және  түпкі  есепте,  Францияның  ішкі  және  сыртқы  саясатының 
тәуелсіздігін,  бірегейлігін,  сондай-ақ  ӛзіндік  рәуіштерін  сабақтастырды. 
Француз  саясатының  осы  ерекшеліктері  әлемді  жайлай  түскен  жаһандану 
жағдайларында айрықша мәнге ие бола түсуде. 
Францияның  ойлау  жүйесі  мен  саясатының  тәуелсіздігі,  атап  айтқанда, 
француз мәдениетінің ӛміршендік жасампаздық қабілеті қазақ қоғамының 
рухани  ӛмірі  мен  қазақстандықтардың  ұлттық  сана  сезімі  үшін  осы 
тәжірибені үлгі ретінде зерделеу қызығушылық танытады. 
Тірек сөздер: мәдени саясат, мәдениет, мәдени игілік, тарихи мұра, мәдени 
институт, Франция мемлекеті 
 
Ұлттық  мәдениетті  сақтау  мен  қорғау  жӛніндегі  мемлекеттің  нысанасы 
қызметі  ретіндегі  мәдени  саясат  тікелей  француздар  "ашқан  жаңалық"  және 
феномен  болып  табылады,  ол  ел  тарихының  терең  қойнауларынан  бастау 
алады,  әрі  ғасырлар  бойы  сабақтастығын  сақтап  қалған.  Анналдар  мектебінен 
кӛрінетін  француздың  ойлау  жүйесінің  интеллектуалды  қайталанбайтын 
нәтижеге айналған елдің айрықша мәдени бейнесі қалыптасты. 
Мемлекеттің  мәдениет  пен  ӛнерді  дамытудағы  жетекші  рӛлі,  тиісті 
әкімшілік  және  қаржы  құрылымдарын  жасау  -  Францияның  мәдени  саясатын 
айқындаушы  факторлар,  солардың  негізі  сонау  XVI-ғасырда-ақ  қаланды. 
Әлемдегі  ең  озық  болып  танылған  Францияның  мәдени  саясатын  "стиль 
сиқыры мен саяси түсінудің биігі" ретінде сипаттауға болады. 
Мәдениетке қызығушылық 1930-шы жылдарда пайда болды. Осы феномен 
Францияда  билік  басында  солшылдар  болған  жылдарда  жасалды.  Халық 
майданы шынайы мәдени саясат жасау мен оны асырудың бастамашысы болды. 
Министрліктер  басшыларының  саяси  ерік  -  жігері  (Леон  Блюм,  мәдениет 
жӛніндегі Кеңестің Президенті, Дан Зей, Ұлттық білім министрі, Лео Лагранж 
мемлекеттік  хатшының  кӛмекшісі)  Францияда  мәдени  саясатты  жүзеге 
асырудағы  екі  тәсілдің  біріне  айналды.  Екінші  тәсілдің  ӛкілдері  оны  іске 
асырушылар немесе біз жоғарыда атап кеткен қатысушы адамдар болды. 
Осы  кезде  солшылдар  мәдениетті  дамыту  мен  оған  интеллектуалды  үлес 
қосуды  қамтитын  түбегейлі  стратегиялық  ӛзгерістер  жасау  жолындағы 
Франция  компартиясының  ықпалында  болды.  Соған  сәйкес,  ӛнер  және 
мәдениет ӛкілдері мәдениетті дамыту жӛніндегі ӛздерінің міндеттемелерін Луи 
Арагонның, Поль Вайян Кутюрьенің және т.б. үлгілері бойынша белгіледі. Осы 
факторлардың  жиынтығы  -  саяси  ерік  жігер  мен  актерлер  қатысатын  адамдар 
(іске асырушылар) – негізгі үш қағидатқа негізделген мәдени саясаттың пайда 
болуын түсіндіреді: мәдени мұра мен оны таратуды қорғау (халықтың барынша 
кӛп  санына  қолжетімді  ету),  мәдениет  пен  қоғамды  интеграциялау, 
шығармашылық үдерісі (жалау) мен оны дамыту [1]. 
Францияның  мәдениет  саласындағы  саясаты  мына  түсінікке  сүйенеді, 
мәдениет  жеке  бастың  даму  кӛзі  ғана  емес,  сонымен  бірге  әлеуметтік  бірлікті 


ИЗВЕСТИЯ КазУМОиМЯ имени АБЫЛАЙ ХАНА серия «ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ» 
119 
нығайтудың  ерекше  тәсілі,  ол  әр  адамға  диалог  жүргізу  мүмкіндігін  және 
басқалармен  мәдениетке  қаланған  түбегейлі  құндылықтарды  бӛлісу  санасын 
береді,  шығармашылықтың  -  еркіндікті  білдірудің  артықшылықты  орны 
сезіледі.  Мәдени  саясат  ұлттық  мәдени  игілікті  сақтау  және  дамыту  бойынша 
мемлекет  тарапынан  жасалатын  күш-жігерлер  мен  шаралардың  үздіксіз 
тізбесіне жатады, ол мәдени үрдіске қалың бұқара халықты таратуды кӛздейді; 
оның нәтижелері туралы әр доктрино бойынша емес, ал қорытындысында осы 
елдің  мәдениетінің  ӛз  халқының  санасы  мен  әлемдік  массштабта  алатын 
кӛрнекті орны бойынша бағалау керек [2]. 
Францияның  1959  жылы  құрылған  мәдениет  Министрлігінің  бірінші 
министрі  Андре  Мальро  болды  (1959-1969).  Ол  мәдени  саясаттың  негізгі 
басымдықтарын  тұжырымдады:  мәдени  мұраны  қорғау,  осы  заманғы  ӛнерді 
дамыту,  шығармашылық  үшін  қолайлы  жағдайлар  жасау,  мәдениет 
саласындағы  білім,  мәдени  индустриялар  нарығын  реттеу  және  мәдени 
институттарды  орталықсыздандыру.  Андре  Мальро  басқарған  министрліктің 
міндеттерінің  бірі-мәдениеттің  барлық  саларындағы  шығармашылықты  және 
азаматтардың  мәдени  қызметке,  әсіресе  театр,  музыка,  мәдени  мұра 
саласындағы іс-әрекеттерге кеңінен қатысуын кӛтермелеу болды. Алайда басты 
міндет-мәдениеттің  байлығын,  әсіресе  Францияның  мәдениетін  халықтың 
барынша  кӛп  санына  қолжетімді  ету,  министрліктер  үшін  1959-1982  жылдар 
арасындағы кезеңде негіз қалаушы қағидаларға айналды. 
Министрліктің  50  жылға  жуық  аралықтағы  жұмысында  19  кӛрнекті  және 
жоғары білікті мемлекет қайраткерлері мәдениет министрі лауазымы бойынша 
бірін-бірі  ауыстырды,  олар,  қағида  бойынша  мәдениет  әлемі  үшін  француз 
мәдени  саясатының  тұжырымдамасы  мен  институттарын  дамытуға  Андре 
Мальро,  Жак  Дюамель  (1971-1973)  және  Жак  Ланг  (1981-1986,  1988-1993) 
қомақты  үлес  қосты.  Әр  жылдары  Эдмон  Мишле  (1970-1971),  Морис  Дрюон 
(1973-1974),  Катрин  Таска  (1983,  2000-2002),  Жан-Ноэль  Жанненей  (1992) 
(кейін  Франция  Ұлттық  кітапханасының  Президенті  болды),  Филипп  Дуст 
Блази (1995-1997), Катрин Тротманн (1997-2000), Жак Тубон (1993-1995), Жан-
Жак  Айагон  (2002-2004)  министр  болды.  Қазіргі  мәдениет  министрі  Кристин 
Альбанель,  ол  Министрліктің  2008  жылға  арналған  бюджетін  ұсынғанда, 
әлемдегі ӛзгерістерге байланысты жаңартылуы тиіс мәдени саясат мән-мәтінін 
ӛзгерту  туралы  айтты.  Андре  Мальро  мен  Жак  Лангты  қоспағанда,  бірде-бір 
министр  ӛз  қызметінде  тӛрт  жылдан  кӛп  уақыт  болған  жоқ,  бірақ  солардың 
әрқайсысы  алдыңғы  әріптестерінің  сабақтастығын  сақтай  отырып,  мәдени 
саясатты жаңа ерекшеліктермен толықтыра және байыта түсті [3]. 
Жак  Дюамель  мәдениет  пен  қоғамды  интеграциялауды  мақсат  тұтқан 
бірқатар  салааралық  және  әкімшілік  реформалар  жүргізді.  Соның  тұсында 
мемлекет  пен  мәдени  институттар  (телевизия,  кинематограф,  театр)  арасында 
әріптестік келісімшарттар жасасу енгізілді.  
1970-ші  жылдарда  Францияда  мәдени  саясатты  кеңейту  мен  жақсартуды 
дамытуға  ықпал  тигізген  екі  оқиға  болды:  біріншіден,  жылжымалы 


АБЫЛАЙ ХАН атындағы ҚазХҚжӘТУ ХАБАРШЫСЫ «ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» сериясы 
120 
ескерткіштерді,  этнографиялық  және  фотографиялық  мұраны  қамтитын  мұра 
ұғымы  кеңейтілді,  екіншіден,  оқу  тек  тәрбие-білім  үдерісінің  ғана  емес, 
сонымен бірге мәдениеттің де нысанына айнала бастады. 
Қызметтес  әріптестерінің  саяси  бағытын  жалғастырған  бұдан  кейінгі 
министрлер, оң ӛзгерістерін енгізді. Мәселен, 1974 ж. Мишель Ги (1974-1976) 
жас суретшілер мен қазіргі ӛнерге қолдау кӛрсетуді және осы заманғы қоғамды 
ӛмірге интеграциялауды басты мәселе етіп кӛтерді. Негізгі шаралар мәдениетті 
қаржыландырудың  кӛлемдерін  ұлғайтуды,  министрліктің  қызмет  салаларын 
кеңейтуді,  жаңа  кӛркемдік  нысандарды  тануды,  мәдениеттің  экономикалық 
салаға  интеграциясын,  аудио-бейне  коммуникацияларды  дамытуды  қамтыды. 
Министрлікке  ел  Президенті  ұдайы  қолдау  кӛрсетіп  отырды,  ол  ірі  мәдени 
нысандардың  құрылысын  салуды  мақұлдады  ("Бастилия"  опера  үйі, 
Францияның Ұлттық кітапханасы, Қорғау Аркасы / Arche de la Dйfence). 
1981  ж.  жаңа  практика,  жаңа  тәсіл  пайда  болды.  Мәдени  индустрия  мен 
оның  дамуын  ұғыну  шығармашылыққа  енді  экономикалық  даму  факторы 
ретінде қаралатын болды. 
Сонымен  қатар  мәдениетті  оның  пайдалылығын  жақсырақ  басқару 
қажеттілігі  министрлікті  әкімшілікті  жаңартуға  және  мәдени  ӛмірге 
қатысушылардың  біліктілігін  арттыруға  байланысты  шаралар  қабылдауына 
қозғау  салды.  Нағыз  экономикалық  қызмет  ретінде  қаралатын  мәдениет  және 
мәдени  мерекелерге  кӛмек  кӛрсету,  министрліктің  басына  Жак  Ланг  келген 
1981 жылдан бастап француз саясатының басым бағыттарының біріне айналды, 
ол соны ӛзгерістерді жүзеге асырып, мәдениет пен ӛнердің барлық бағыттарын 
дамытуға,  мәдениетке  қалың  бұқара  халықты  таратуға  және  француз 
мәдениетін әлемге таратуға қомақты үлес қосты. 1982 ж. 10 мамырдағы 82-934 
Декрет  мәдени  саясаттың  тұжырымдамасы  мен  мәдениет  министрлігінің 
ұйымына  түбегейлі  ӛзгерістер  енгізді жаңа  құрылымдық бӛлімшелер  -  мәдени 
даму,  музыка  және  балет,  кітап  пен  оқу,  бейнелеу  ӛнері,  сондай-ақ  баспасӛз 
және  ақпараттық  қызмет,  сыртқы  байланыстар  мәселелері  бойынша 
басқармалар қатар құрылды. 
Жак  Лангтың  саясаты  ӛзінің  бұрынғы  ең  кӛрнекті  әріптестері  жасаған  іс-
әрекеттің  синтезі  болып  табылады.  Ол  мемлекет  басшысымен  тығыз 
байланыстар  орнатты,  сондықтан  үкіметте  ерекше  орынға  ие  болды.  Ол 
мәдениет  министрлігін  жетекші  мемлекеттік  органдар  жүйесіне  бекітіп,  басқа 
да  мемлекеттік  мекемелермен  және  жергілікті  әкімшілікпен  қатар  осы 
министрлікті ӛз саясатын жүргізудегі толық құқылы әріптес етті [4]. 
Осы  кезеңде  саяси  ерік-жігер  айқын  кӛрініс  тауып,  ӛнер  туындыларын 
салық тарелкасынан шығаруға, мәдени ӛнімді қоғамдық сатуды тіркеу құқығы 
үшін  салынатын  салықты  7-ден  2%-ға  түсіруге,  саяси  шешім  меценаттықты 
кәсіпорынның  үйреншікті  әрекетіне  айналдырған,  меценаттықты  дамыту  мен 
кӛтермелеу туралы 1987 жылғы 23 шілдедегі Заң қабылданды (la loi n° 8-571 du 
23  juillet  1987  sur  le  dйveloppement  du  mйcйnat).  Салықтар  туралы  заңнаманы 
жетілдіру  туралы  біз  тӛменде  айтамыз.  Экономикалық  ӛзгерістер  мен  мәдени 


ИЗВЕСТИЯ КазУМОиМЯ имени АБЫЛАЙ ХАНА серия «ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ» 
121 
қызметті дамытудың нәтижесінде 1970-1980 жж. Мәдениет министрлігі мәдени 
индустриялар  кітапқа,  дыбыстық  жазбаларға,  кинематографқа,  аудио-бейне 
ӛнімге және т.б. – осы нарықты реттеу мақсатымен кӛбірек кӛңіл бӛле бастады. 
Катрин  Тасканың  бастамалары  мәдени  әралуандық,  кӛркемӛнер  және 
мәдени  білімге  қолжетімді  және  орталықсыздандыру  мәселелерімен 
байланысты  болды.  Таска  шаралар  орталық,  жергілікті  және  аймақтық 
биліктердің  әріптестік  тетіктерін  жасауды,  Париждегі  және  аймақтардағы  ірі 
мәдениет мекемелеріне қолдау кӛрсетуді қамтыды, мұнда әсіресе медиатекалар 
құру, азаматтардың жалпыға бірдей білім арқылы мәдени мұраға қолжетімдігін 
арттыру сияқты аймақтық бағыттылық ерекше кӛзге түседі. Аудио-бейне ӛнер 
саласында  Таска  басқарған  министрлік  француз  аудио-және  кино-ӛнімінің 
сапасын арттыру үшін мемлекеттің реттеуші функциясын күшейтуге ұмтылды.  
Францияның  мәдени  саясатының  тағы  бір  ерекшелігі  елдің  мәдени  және 
ғылыми-техникалық  жетістіктерін  сырт  елдерге  тарату  болды.  Осы  бағытты 
іске  асыру  үшін  Франция  бүкіл  әлемде  теңдесі  жоқ,  шетелдік  мекемелердің 
жүйесін  құрды,  ол  Сыртқы  істер  министрлігінің  қамқорлығымен,  бір  Бас 
дирекцияның  аясында,  мәдениет  саласында  шетелдерде  тиімді  іс-әрекеттер 
жүргізу  үшін  қажет  барлық  құралдарды  біріктірді:  француз  тілін  насихаттау 
мәдени  және  ғылыми-техникалық  салаларда  екі  жақты  және  кӛп  жақты 
ынтымақтастықты дамыту, аудиобейне ӛнімдерді тарату және т.б. мәселелер. 
Кейінгі  50  жылдың  ішінде,  әр  түрлі  саяси  бағдардағы  үкіметтердің 
кезектесуіне  қарамастан,  Францияның  мәдени  саясаты  жалпыұлттық 
мүдделерді  қарауға  дәйекті  бағдарланды  және  осы  мағында  ӛзінің  ғасырлық 
сабақтастығын  сақтап  қалды.  Тарихи  дәстүр  мен  конституциялық 
қағидаттардың  нақ  осы  үндестігі  Францияның  бүгінгі  мәдени  саясатының 
заңды да берік негізін құрайды. 
Францияның  мәдениет  саласындағы  саясатының  тағы  бір  ӛзіндік 
ерекшелігі-мемлекеттік  және  жеке  шаралардың,  мемлекеттік  және  жеке 
қаржыландырудың  ұштасуы  мен  сабақтастығы.  Осы  мүдделер  Францияда 
ұдайы  ӛзгерістер  енгізілетін  және  жетілдіріліп  отыратын  заңдармен  реттеледі. 
2003  ж.  мәдениетке  қолдау  кӛрсететіндерге  бірегей  салықты  артықшылықтар 
беретін, әрі сонымен қатар мәдениет ұйымдарына шығармашылық тәуелсіздігі 
мен еркіндігін кепілдейтіндерге арналған жаңа заң қабылданды. Заң мәдениетке 
қолдау  кӛрсететіндерге  орасан  үлкен  салықтық  жеңілдіктер  береді: 
компанияларға  табыс  салығының  салымынын  саласынан  60  %-ға  дейін 
шегеруге  рұқсат  етіледі,  яғни  компания  қаржы  айналымының  5  %-ға  дейінгі 
мӛлшері  мәдени-әлеуметтік  жобаларға  жұмсалады.  Бұдан  бӛлек,  мәдениетті 
қаржыландырудың  20%-ға  дейінгі  шамалы  жеке  адамдар  мен  ұйымдардан 
түскен түсімдердің есебінен жүргізіледі [5]. 
"2003  жылғы  революция"  аталған  осы  заңға  бизнес-қоғамдастық  ұйытқы 
болды.  Компанияларға  арналған  қомақты  салық  жеңілдіктері  бірден 
корпаративті қайырымдылықтар санын күрт ӛсірді. 


АБЫЛАЙ ХАН атындағы ҚазХҚжӘТУ ХАБАРШЫСЫ «ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» сериясы 
122 
Салықтық жеңілдіктер тұрғысынан француздар "демеушілікті" (parrainage) 
және  "корпоративті  филантропияны"  (mйcйnat  d‘entreprise)  айырады. 
Демеушілікке  француздық  салық  заңнамасында  "таза  коммерциялық  қызмет", 
коммерциялық  нәтижені  кӛздейтін  екі  тарап  арасында  кӛрсетілетін 
қызметтермен  алмасу  (мәселен,  демеуші-компанияның  жарнамалық  мәтінін 
театр буклетіне орналастыру немесе мәдени оқиғалар шеңберінде жаңа ӛнімді 
насихаттау  жӛніндегі  науқан)  ретінде  анықтама  беріледі.  Осылайша 
ұғынылатын  демеушілік  компанияның  шығындарына  теңесіріледі  және  салық 
салуға жатпайды. 
Корпоративті  филантропия-компаниняның  беделін  әлеуметтік  немесе 
мәдениет  саласында  кӛрсетілетін  қолдау  арқылы  жақсарту  тетігі  осындай 
қолдау  коммерциялық  болмаса  да,  бірақ  ол  соған  қарамастан,  осы  кӛмекті 
алатын  мәдениет  ұйымдарының  тарапынан  донорларға  белгілі  бір 
артықшылықтармен қызметтер кӛрсетуге мүмкіндік береді. 
Францияда  бизнес  мәдениеттің  ӛзара  ықпалдастығы  тікелей  жүзеге 
асырылатын  демеушіліктен  айырмашылығы,  нақ  осы  мақсат  үшін  негізделген 
корпоративті қорлардың болуымен кӛрінеді. Мәдени немесе  әлеуметтік салаға 
белсенді  қолдау  кӛрсететін  әрбір  компанияның,  француз  заңнамасының 
ерекшеліктеріне сәйкес дербес қоры болады. 
Францияда  мәдениет  пен  бизнестің  тиімді  ынтымақтастығына  қатысты 
қызығарлық  мысалдар  аз  емес,  оның  үстіне  олар  айқын  кӛрінетін  ұлттық 
айырмашылыққа  ие.  Мәселен,  Франциядағы  ежелгі  шарап  кооперативті  "Cave 
Vinicole de Ribeauville" жүзеге асыратын "Кӛзбен кӛруден тыс ӛнер" жобасы, ол 
осы  кооперативтің  100-жылдық  мерейтойына  байланысты  ұйымдастырады. 
Мерейтой аясында компания қоғамға ӛзінің басты құндылығы-ынтымақтастық 
туралы  еске  салуды  ұйғарды.  Жүз  жылдық  мерейтой-компания  тарихындағы 
маңызды  оқиға,  ӛзінің  мәдениетін,  әлеуметін,  қоғам  ӛміріне  қосқан  үлесін 
кӛрсететін  шақ.  Сондықтан  "Cave..."  айналасына  аймақтық  күштерді 
топтастыра  алатын  тартымды  әлеуметтік  жобаны  қарастырды.  Жергілікті 
мұражайлармен  және  азаматтық  ұйымдармен  достық  қарым-қатынастар 
жүргізетін  компания  ӛнер  арқылы  соқыр  адамдарға  кӛмектесуді  ұйғарды, 
компания құрған "l‘Art au-dela du Regard" қауымдастығы ("Кӛзбен кӛруден тыс 
ӛнер")  соқыр  адамдар  үшін  ӛнерге,  табиғат  пен  мәдениетке  қатысты 
мүмкіндікті жеңілдетуді мақсат тұтты. 
Қауымдастықтың  ең  бірінші  қадамы  100  бӛтелке  Эльзасс  шарабын  сату 
бойынша  аукцион  ұйымдастыру  болды,  содан  түскен  табыс  22  867  евроны 
құрап, оған рельефті (бедерлі) кӛшіру машинасы сатып алынды. Осы құрылғы 
енді түрлі нысандардың (карталар, техникалық нұсқаулықтар және тіпті бедерлі 
техникада  сақталған  картиналар  да)  кӛшірмелерін  жасау  үшін  Страсбург 
Зоологиялық мұражайында пайдалануда. 
1996-2000 жылдарда қауымдастық мына бастамаларды іске асырды: 
-  этикеткаларды  Брайл  қарпімен  терілген  Страсбург  мұражайларының 
бірінде  орналастыру  (Museum  de  l‘oeuvre  de  Notre-Dame  de  Strasbourg),  оның 


ИЗВЕСТИЯ КазУМОиМЯ имени АБЫЛАЙ ХАНА серия «ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ» 
123 
мақсаты-соқыр  балаларға  түйсік  сезімі  арқылы  ӛздері  үшін  ӛнер  ашуға 
жәрдемдесу. 
- кинотеатрларда арнайы аудио-сипаттамалық қойылымдар жасау 
- Эльзастағы жеті мұражайда аудио-гид жүйесін құру. 
Бүгінде бәрінен де Францияда корпоративті демеушілер мен меценаттар үшін 
Еуропа  бойынша  ең  қолайлы  салық  ахуалы  жасалған.  Француздық  үлгі  немесе 
оның жеке компоненттері мұқият зерделеумен талдауға лайық, сондықтан біздің 
еліміздің де салық реформаларына пайдасын тигізуі мүмкін [6]. 
Францияда  1959  ж.  мәдениет  істері  жӛніндегі  Министрлік  құралғаннан 
бері  мәдениетке  мемлекеттік  қаржы  бӛлулердің  жеткіліксіздігі  туарлы 
пікірталастар  тоқтаған  емес.  Жак  Лангтың  тұсында  мәдениетке  бӛлінетін 
бюджет  екі  есеге  жуық  кӛбейсе  де,  бірақ  ол  біздегі  сияқты  мемлекеттік 
бюджеттің  шамамен  1%-ға  жуығын  құрайды.  Бюджетке  қатысты  пайыз 
кӛрсеткіш  болмаса  керек,  ал  нағыз  кӛрсеткіш  осы  салада  50  жыл  бойы 
жүргізіліп келген орасан үлкен және нақты ӛзгерістермен нәтижелер. Мәселен, 
Мәдениет  және  коммуникациялар  министрлігінің  2008  жылғы  бюджеті  7,6 
млрд.  €  құрайды,  бұған  тарихи  ескерткіштерді  сақтаумен  қалпына  келтіруге 
бӛлінетін  300  млн.  €  (евро)  қосылады.  Жыл  сайын  10  млн.  €  бӛлінетін 
"Еуропалық  сандық  кітапхана"  жасау  жӛніндегі  жобаны  бӛлек  атап  ӛткім 
келеді. 
Қазір  Министрлік  жаңа  міндеттер  қояды,  олар:  ӛнердің  барлық  түрлерін, 
қысқасы  жалпы  мәдениетті  қамту  бейнелеу  ӛнері,  кино,  тікелей  театр 
қойылымдары, театрдағы жаңарулар. 
"Франция  мәдениеттері"  жаңа  құрылған  агенттігі  осы  мәселелерді 
шешумен  айналысады.  Қазір  ол  ―Сұлу  шетелдіктер‖  /  Belles  etrangиres 
(беймәлім  деген  мағынада  –  3.  Ш.)  бағдарламасы  іске  асырылатын  әдеби 
саладағы  ӛз  құзыретін  кеңейту  үстінде.  Осы  бағдарламаның  аясында 
шетелдердің  жазушыларымен,  ақындармен  кездесулер  ӛткізіліп,  әдеби 
салондар,  кітап  кӛрмелері  ұйымдастырылады.  Бұл  іс-шаралардың  мақсаты  - 
француз  жұртшылығын  ӛзге  елдердің  әдебиетімен,  ақын-жазушылармен 
таныстыру, солардың шығармаларын тарату. 
Сонымен,  француз  мемлекеті  барлық  нысандарындағы  шығармашылық 
ӛнерін кӛтермелейді, дүние барған сайын қарама-қайшылықтарға ұласа түскен 
кез,  жаһандану  жағдайларында  ӛнердің  әралуандығын  қамтамасыз  етеді. 
Францияның  мысалындағы  мәдени  саясат,  берік  ұлттық  сана  –  сезімді 
қалыптастырудың,  ұлт  ауызбірлігін  нығайтудың  тиімді  құралы  және  ұлттың 
ӛзіндік  ерекшелігі  мен  тәуелсіздігін,  сақтаудың  соның  ішінде  сыртқы  мәдени 
саясат  жүргізудің  факторы  болып  табылады.  Ӛзінің  ұлтық  ӛзіндік  ерекшелігі 
мен тәуелсіздігін нығайтудың қамын ойлаған біздің еліміз үшін осы саясаттың 
оң үлгі болуы мүмкін. 
Кітапханалар  мен  оқуды  дамыту  және  қолдау  жӛніндегі  Франция 
саясатына жеке тоқталғанды жӛн кӛріп отырмыз. 


АБЫЛАЙ ХАН атындағы ҚазХҚжӘТУ ХАБАРШЫСЫ «ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» сериясы 
124 
Франциядағы кітап және оқу саласындағы саясат екі қағидатқа негізделеді: 
кітап сұрыптамасының түр-түрі мен сапасын сақтау және оған қолдау кӛрсету. 
Мемлекеттік  билік  мұндай  жағдайда  "кітап  тізбегінің"  түрлі  буындарының 
арасында делдал рӛлін атқарады, үлкен мән берілетін кітап шығару мен тарату 
үдерісі.  Соған  қатысты  құралдардың  бірі-кітаптарға  арналған  бірыңғай  баға 
саясаты,  соның  арқасында  1980-ші  жылдарда  тәуелсіз  француз  кітап  саудасы 
зардап шеккен жоқ. 
Екінші  қағидат  -  кітапханаларға,  ұлттық  мекемелерге  мемлекеттің  кӛмек 
кӛрсету  қажеттілігі:  Францияның  Ұлттық  кітапханасы  "Міндетті  дана"  (МД) 
Заңының  негізінде  міндетті  даналарды  алып  тұрады.  Франция,  мемлекеттік 
тарапынан  баспасӛзге  бақылау  жасау  мақсатымен  1537  ж.  Франсуа  1  тұңғыш 
құрған  міндетті  дананың  отаны  болып  табылады  (Монтпелльер  эдикті).  МД 
туралы  Заң  Францияның  Ұлттық  кітапханасында  (ФҰК)  құжат  жорыққа 
шыққаннан  кейін,  оның  ӛндірісіне,  басылымы  мен  таралымына  қатыссыз 
қолданылады.  Заманның  талабына  қарай  "Міндетті  дана  туралы"  заңға  ұдайы 
ӛзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отыратынын атап ӛту керек. 
Францияның  тәжірибесіне  қайта  оралғанда,  айтарымыз,  ондағы 
кітапханалар  желісі  ұдайы  кеңейтіліп  отырады,  мұндай  желілер  шағын 
қалаларда да, селолық жерлерде де, ірі кәсіпорындарда да бар, олардың міндеті 
-  мемлекеттің  бүкіл  аумағында  әркелкі  аудиториялар  үшін  және  анағұрлым 
ауқымды кӛлемде кітапқа қолжетімділікті қамтамасыз ету. 
Франция  Елшілігінің  мәдениет  жӛніндегі  Мәскеудегі  атташесі,  Париж 
Университетінің  доценті  А.Я.Берелович  атап  ӛткендей  "таяудағы  ӛзгерістер, 
әсіресе  технологиялық  жаңалықтар  бізді  қысқа  мерзімде  шешуге  жататын 
түбегейлі мәселелердің санын кӛбейтуге мәжбүрлейді: тәуелсіз кітап саудасын 
немесе  цифрлық  (сандық)  дәуірдегі  кітапханалардың  болашағын  сақтау. 
Сондықтан  мәдениет  министрі  кітап  істері  жӛніндегі  басқармаға  "Оқу-2010" 
аталатын  таяудағы  перспективаларға  үлкен  зерттеу  жүргізуді  тапсырды  [7]. 
Функционалды  (екінші),  технологиялық,  кӛзбен  кӛру,  компьютерлік, 
ақпараттық  және  басқа  сауаттылық  проблемасына  байланысты  адамға 
қойылатын  талап.  Ақпарат  ғасырының  кілтіне  айналатын  оқу,  бұрынғысынша 
осы  жаңа  тәсілдегі  басты  буын  болып  қала  бермек.  Ғасырдың  орта  шенінен 
бастап,  әсіресе  1980-ші  жылдарда  басты  елдерінде,  соның  ішінде  Францияда, 
кейде  "Оқу  дағдарысы"  аталатындардың  бас  кезінде  бірқатар  облыстар, 
қалалар,  департаменттер  мәдени  Министрлігімен  жаңашыл  жобаларды  іске 
асыру жӛнінде келісімдер жасады. "Қала-оқу" сияқты жаңа ұғым пайда болады, 
ол  әлеуметтік  жігіне  қатыссыз  қаланың  барлық  күштерін  біріктіретін 
іріауқымды  жобаны  іске  асыру  жолымен  күрделі  міндеттерді  шешуге 
ұмтылуды білдіреді. 
1989 жылдан Францияда жаңа "Оқу мерекесі" кеңінен тарады. Бұл оқуды 
баршаға  барынша  қолжетімді  етуге  ұмтылған  туындаған  мереке  еді.  "Оқуға 
құмарлық", "Кітап заманы" – оның бұрынғы атаулары. Осы мереке әлемнің 99 
елінде  ӛтеді.  Бұл  ел  ӛміріндегі  мүлде  бӛлек  оқиға,  жаңа  нысандар  мен 


ИЗВЕСТИЯ КазУМОиМЯ имени АБЫЛАЙ ХАНА серия «ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ» 
125 
кеңістіктерді  қамтитын  осы  мереке  кӛшелерде  және  алаңдарда,  кафелер  мен 
поездарда,  әкімшілік  ғимараттарда,  қаладағы  кӛпшілікке  арналған  кӛліктерде, 
ауруханалар  мен  түрмелерде  жүргізіледі.  Басты  ұйымдастырушы  -  мәдениет 
Министрлігі  ғана  емес,  сонымен  бірге  сыртқы  істер,  экономика,  қаржы  және 
индустрия,  әділет,  білім,  қорғаныс,  ауыл  және  балық  шаруашылығы 
Министрліктері,  муниципалдық  кеңестер.  Басты  мақсаты  -  кітапты  қалың 
жұртшылыққа қолжетімді ету, білім мен мәдениетке жол ашу. Мереке кітаппен 
байланысы  барлардың  барлығын  бірдесті  жұмылдырады:  жазушыларды, 
баспагерлері, оқушыларды, артистерді, суретшілерді, кітапханашыларды, кітап 
саудасымен айналысатындарды. Мереке әдеби талқылаулар, диалогтар, кештер, 
кездесулер ӛткізу кезінде жаңа есімдерді ашады. Мереке ӛткізудің жаңа түрлері 
пайда болуда: қала кӛшелеріндегі әдеби аукциондар, ресторандардағы әдеби ас 
мәзірі,  барлар  мен  кабарелердегі  би  ӛрнектері,  кафедегі  әдеби  микрофон, 
алаңдардағы  әдеби  "құмбыл  базар",  бұта  түбіндегі  оқу,  парақтардың  түнгі 
сыбдыры. Мынадай кітап салондары ұйымдастырылады: жастар, театр салоны, 
"қалың журналдар салоны", "тарихи кітаптың бірінші салоны". 
Францияда  оқуды  қолдауға  қатысты  әлеуметтік  шаралар,  ӛзіміз  байқап 
отырғанымыздай, тек энтузиастар мен кәсіпқойлардың ғана қам-қаракеті емес. 
Оқу  саласындағы  проблемалар  шешуде  келісілген  және  нысаналы  шаралар 
жүйелері арқылы ұлттық саясаттың бір бӛлігі ретінде халықтың оқу мәдениеті 
ұғынылатын  және  іске  асырылатын  жағдайда  жақсы  нәтижелер  мен  үлкен 
тиімділікке қол жетеді. 
Бүгінгі  күнде  жеке  адамның  ақпараттық  мәдениетінің  негізінде  жатқан 
сауаттылық,  білім,  оқу  мәдениеті  проблемалары  ерекше  маңызды  бола  түсуде 
және  бұлар  ұлттың  ӛсіп-ӛркендеуіне  байланысты  болатын  деңгейге  шығады. 
Кітапханаларды  және  оқуды  қолдау  жӛніндегі  Француз  тәжірибесі  аса  бай, 
алуан түрлі, сондықтан ол Қазақстанға да ӛте пайдалц болуы мүмкін. 
Оқу  мерекесі  Қазақстанға  1997  ж.  қадам  басты,  оны  Француз 
Республикасының  Қазақстандағы  Елшілігінің  мәдениет  бӛлімі  ҚР  Ұлттық 
кітапханасында ӛткізді.  
Мәдениеттің  барлық  салаларына  қатысты  сансыз  кӛп  және  саналуан  іс-
шаралар  Францияда  ұлттық,  жалпыеуропалық  және  халықаралық  деңгейлерде 
ӛткізіледі.  Халықаралық  деңгейдегі  кӛптеген  бұқаралық  шерулердің  ӛзіндік 
ерекшелігі - оларды Парижде емес, ал муниципалды (аймақтық) орталықтарда 
ӛткізу. Мақсаты - елдің шалғайдағы түпкірлерін қамту арқылы бүгінгі қоғамды 
қазіргі  заманға  нақты  интеграциялау.  Мәселен,  Президент  Франсуа 
Миттеранның қатысуымен 1986 ж. 13 наурызда ашылған La Vilette орналасқан 
(Париж) ірі медиатекалар сияқты бұқаралық ақпарат құралдары Руанда, Долeде 
(Жюра),  Орлеанда  (Луара),  Шамбери  сияқты  шағын  елді  мекендерде  де 
ұйымдастырылды. 
Мәдениет  саласына  француз  мемлекетінің  белсене  араласуы  және 
мәдениеттің  сақтауына,  дамуына  және  қорғалуына  ұдайы  қамқорлық  кӛрсетуі 
француздардың  ұлт  ретіндегі  тұрақты  мәдени  ӛзіндік  ерекшелігін,  француз 


АБЫЛАЙ ХАН атындағы ҚазХҚжӘТУ ХАБАРШЫСЫ «ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» сериясы 
126 
халқының  айрықша  сана-сезімін  қалыптастыруға,  септігін  тигізіп,  және  түпкі 
есепте,  Францияның  ішкі  және  сыртқы  саясатының  тәуелсіздігін,  бірегейлігін, 
сондай-ақ  ӛзіндік  рәуіштерін  сабақтастырды.  Француз  саясатының  осы 
ерекшеліктері әлемді жайлай түскен жаһандану жағдайларында айрықша мәнге 
ие бола түсуде. 
Францияның  ойлау  жүйесі  мен  саясатының  тәуелсіздігі,  атап  айтқанда, 
француз  мәдениетінің  ӛміршендік  жасампаздық  қабылеті  қазақ  қоғамының 
рухани ӛмірі мен қазақстандықтардың ұлттық сана сезімі үшін осы тәжірибені 
үлгі ретінде зерделеу қызығушылық танытады. 
Мемлекеттің ӛнер, әдебиет және мәдени мұра саласына белсенді араласуы 
француз тарихының баянды және ӛзіндік ерекшелігі болып табылады. Биліктің 
интеллектуалды  және  кӛркемӛнер  ӛмір  саласына  осылайша  белсенді 
араласуының нәтижесінде уақыт озған сайын Франциядағы мәдениетке ерекше 
мәртебе  беріліп,  оны  жеке  құбылысқа  емес,  ал  француз  қоғамының  тыныс-
тіршілігі мен дамуындағы аса маңызды салалардың қатарына шығарды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет