Раббы – құдай, алла, тҽңір, жаратушы деген мағынаны білдіреді [ҚТТС, 250
б.]. Хақ – діни ұғым бойынша дүниені жаратқан алла тағала, құдай, тҽңірі,
жаратушы [ҚТС, 707 б.]. Хақтың жазуы, хақ дидарын көрді, хақ жаратты,
ИЗВЕСТИЯ КазУМОиМЯ имени АБЫЛАЙ ХАНА серия «ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ»
137
хақ жаратқан құдай, хақ жаратқан тағала, хақ салған жол, хақ тағала, хақ
тағала құдайы, хақ жарады, хаққа тапсырды, хақтың үйі, хақтың ісі, т.б.
сияқты тұрақты тіркестер кӛбінесе эпостық жырларда кездеседі. Хақ культтік
сӛзі «тағала», «жаратқан құдай», «жаратқан тағала» сӛздерімен тіркесіп,
«Хақ жаратқан құдай», «Хақ жаратқан тағала» деген фразалар жасап,
«құдай, алла, тҽңірі, жаратушы ием» деген мағына білдіреді. Хақ тағала –
жаратушы құдай, алла, тәңірі деген кӛнерген сӛз.
Жинастырған деректер жиынтығы бойынша «Құдай» сӛзінің синонимі
«Құдірет», «Хақ»«, «Раббы», «Жаппар», «Жасаған, «Жаратқан», «Ием»
лексемаларының тіркелген мағыналарынан абстрактілі, материалдық емес,
рухани ақпараттық ұғымдық аясын, қабатын құрайды.
В.Радлов сӛздігінде жаратқан сӛзінің синонимі - қайрақан сӛзі Сібір
түркілерінде (алтайлықтарда, тувалықтарда, телеуіттерде т.б.) «жаратқан иенің
қастерлі аты, жебеуші періште» деген мағынаны білдіреді [РСл ІІ: 22 б.]. «Осы
анықтаманы Л.Будагов те береді. Сӛйтіп, тау-тас сияқты табиғат күштерінің
«иесінің» атауы ретінде, яғни табынатын, сыйынатын, қорқатын «тәңірлердің»
аты қатарында қайрақан / қайраған сӛзі ертедегі қазақтардың да, дәлірек
айтсақ, қазақтарды құраған ру-тайпалардың да тілінде жұмсалған деген
тұжырымға келуге болады», - дейді академик Р.Сыздық [3, 111 б.].
Жоғарыда келтірілген «Құдай» концептісінің бірнеше синонимдерінің
қазақ және қырғыз, ӛзбек, татар тілдерінің лексикографиялық деректерінде
тіркелген мағыналардың ұқсастықтарын байқадық. Тӛрт тілде де Құдай сӛзінің
мағынасын түсіндіруде «Құдай, тҽңірі, алла» деген мағынасы қатар айтылады,
тӛрт тілдегі лексемалар мағыналарының ұқсастығы жағынан тӛрт халықтың
ұғымдық, дүниетанымдық ерекшеліктерін аңғартады.
Жоғарыда қарастырылып отырған «Құдай, алла, тәңірі» культтік сӛздері
араб тілінен енген «құдірет, жаппар, хақ» сӛздерімен кӛбінесе тіркесіп
қолданылады. Жаратқан, жаратушы, жаппар, жасаған, жасаған ием, ие
дегендер – алла, тәңір, құдай сӛздерінің қазақша баламасы, синонимдес сӛздер.
Бұл сӛздердің айтылуы басқа болғанымен лексикалық мағыналары бірдей.
Олар да «бар ҽлемді жасаушы ұлы күш, құдірет иесі, яғни құдай, алла, тҽңір,
жаратушы» деген мағынада жұмсалады.
«Жаратушы
күштер»
концептісі
ономастикалық
лексикада
–
антропонимдерде кӛрінеді. Антропонимдер адамдардың ӛткендегі тұрмысын,
қоғамдық, әлеуметтік құрылысын және материалдық әрі мәдени ӛмірдің
құбылыстарын да кӛрсете алады. Кез келген халықтың антропонимиясында
жалқы есімдер адам баласы туа салысымен беріледі, олар дүние туралы білімді
толықтырады, ӛзінің аялық семантикасында ерге, әйелге тән тұжырымдық
ұлттық дүниетанымды, мәдени-әлеуметтік құбылыстарды бейнелейді. Кісі
есімдері халықтың дүниетанымына, мәдени-әлеуметтік құбылыстарға, тұрмыс-
тіршілігіне, шаруашылығына байланысты танылатын ұғымдармен уәжделеді.
Қазақтардың кӛптеген жалқы есімдері табиғат құбылыстармен, аң-құс, жан-
АБЫЛАЙ ХАН атындағы ҚазХҚжӘТУ ХАБАРШЫСЫ «ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» сериясы
138
жануарлармен, жер-су, жеміс-жидек, асыл металдармен байланыстырып
қойылатын есімдер де кӛп кездеседі.
Түркі халықтарында, соның ішінде қазақ тілінде «Құдай, Алла, Тәңірі»
лексемаларына қосымшалар жалғану арқылы жасалған тек адам есімдері ғана
кездеседі. Мысалы, «Алла», «Құдай», «Тҽңірі», «Жасаған», «Жаппар» сияқты
культтік лексемалар негізгі тірек компонент қызметін атқарып, « берді»,
« берген» деген етістіктермен тіркесіп келіп Аллаберген, Тҽңірберген,
Жасағанберген, Құдайберген, Аллаберді, Құдайберді, Тҽңірберді сияқты кісі
есімдері жасалады . Қазақ халқының ұғымында бұл атаулардың сыртқы
формасы әртүрлі болғанымен, мағынасы мен мәні бір. Бұл культтік сӛздердің
астарында «құдай берді», «құдай бере салды» деген танымдық түсінік жатыр.
Дәл осындай ұқсастық қырғыз және түркі-татардың тілдерінің
ономастикалық лексикасында «Құдай, Алла, Тәңір» лексемаларымен
байланысқан есімдер де кездеседі. Қырғыз тілінде: Алдаберди, Теңирберди,
Кудайберди, түркі-татарлардың тілінд е: Аллабирде, Аллабиргҽн, Аллагол,
Ходайбирде, Кудайбакты, Ходайбакты, Тҽңребиргҽн, Тҽңребирде, Тҽңрекол,
Тҽңребирдиев, Тҽңребирдин, Тҽңрегулов деген есімдері қойылады.
Жоғарыда келтірілген түркі тілдеріндегі адам есімдерінің қойылу
мағыналары жағынан ортақ ұғымдық, дүниетанымдық байланыс бар екенін
аңғардық. Бұл үш тілдегі адам есімдерінің айтылуы жағынан фонетикалық
ӛзгеріске түскенімен, семантикалық мағынасы бірдей. Ал ӛзбек тілінің
ономастикалық
лексикасынан
«Алла»,
«Құдай»,
«Тҽңірі»
культтік
лексемаларымен байланысқан есімдерді кездестірмедік.
Культтік лексемалардың бейнелілік компоненттері қазақ, қырғыз тілдік
санасында ортақ болып келсе, символикалық бӛліктерде әр халықтың
танымында ӛзіндік ерекшеліктері байқалды. Культтік фразеологизмдер – тілді
жасаушы халықтың бір кездердегі ой-санасының, жан-дүниесінің сәулесі
іспетті. Сондықтан халықтың дүниеге кӛзқарасы, кӛңіл-күйі, алғысы мен
қарғысы, қуанышы мен реніші, кӛз жасы мен қорқынышы, тілегі, батасы – бәрі
сол халықтың қоғамдық ӛмірімен тығыз байланысты. Сондықтан ӛзіндік ұзақ
тарихы бар мұндай тұрақты сӛз тіркестері әдеби тілімізге тарихи материал бола
алады [4, 92 б.].
«Жартушы күштер» концептісі лексикалық бірлік бойында сан ғасырлар
бойы халық тәжірибесі арқылы жинақталған аялық білімнің молдылығын,
халық дүниетанымында алатын орнының ерекше екендігін танытады. Түркі
тілдерінің лексикографиялық материалдары негізінде қазақ және қырғыз
тілдеріндегі культ лексемасының ұғымдық, дүниетанымдық ерекшеліктері
анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: |