«Жаратушы күштер» концептісінің семантикалық ӛрісі «Құдай», «Алла»,
«Тәңірі» жҽне «Құдірет», «Хақ»«, «Раббы», «Жаппар», «Жасаған,
«Жаратқан», «Ием», т.б. лексемалардан тұрады.
«Жаратушы күштер» концептісімен байланысты тілдік құрылым бір
күннің жемісі емес, ғасырлар бойы жасалып, ӛшпей, ұмытылмай, ӛз мәні мен
күшін жоймай бүгінге дейін келіп отыр. Бұл ұғымның ұлттық санамызда
белгілі, анық тұстарына қарағанда тылсым, жасырын тұстары кӛп.
Қазақ тіліндегі сӛздікте: Қҧдай – бүкіл ғаламды жаратушы, оны билеп
төстеуші, табиғаттан тыс бір ғана құдіретті күш ретінде бейнеленеді; алла
тағала, тҽңір, жаратушы [ҚТТС, 424 б.]. Парсы тіліндегі сӛздікте: Қҧдай:
Ходан – құдай [ПРС, 425 б.].
ИЗВЕСТИЯ КазУМОиМЯ имени АБЫЛАЙ ХАНА серия «ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ»
135
Қырғыз тіліндегі сӛздікте: Кудай (бог): Кудай, тенигр, алда. Кандай
экенин кудай билет – қандай екенін құдай біледі; аны кудай билет – оны құдай
біледі; кудай сактасын – құдай сақтасын; кудайга шүкур - құдайға шүкір
[РКС, С. 52].
Ӛзбек тіліндегі сӛздікте: Худо (бог): Худо, тангри, оллох. Худо берсин –
құдай берсін; Худо ярлақасин – құдай жарылқасын; Худо хохласа – құдай
қолдаса [РУС, С. 77].
Татар тіліндегі сӛздікте: Ходай (бог): Алла, худой, тәңре. Алла белсен –
алла білсін; Алла сакласын – алла сақтасын; Алла шөкер! – алла шүкір!
[РТС, С. 42].
Құдай сӛзі түркі халықтарында әр түрлі айтылғанымен, мағынасы бірдей.
Құдай сөзі – қырғызша – «кудай», өзбекше – «худо», ұйғырша – «худа»,
түркменше – «худай», татарша – «ходай», қарақалпақша – «қудай» деп
аталады. Башқұрт, қарашай-балқар тілдерінде алла, құдай, тҽңірі сөзі «алла,
аллах» деп аталады.
Құдай сӛзінің тағы бір синонимі ақ сӛзі. Ақ сӛзі кейбір түркі тілдерінде
«құдай» деген мағынаны білдіреді [1, 16 б.]. Ескі діни ұғым бойынша ақ сӛзінен
«киелі», «қасиетті» ұғымның нышаны байқалады. Л.З.Рүстемовтың сӛздiгiнде:
ақ сӛзiн кiрме, араб тiлiнiң «hәкқ» сӛзi: 1. құқық; 2. әдiлдiк; шындық;
3.мiндет; парыз, мiндет; 4.қҧдай деген мағына білдіреді [2, 21 б.].
Құдай сӛзі араб тілінен енген «тағала» сӛзімен тіркесіп, «Құдай тағала»
түрінде де кездеседі. Сӛздікте: Құдай тағала – құдай, тҽңір жаратқан,
жасаған; алла тағала сөздерінің баламасы [ҚТТС VI, 428 б.].
Сӛздікте: Алла – құдай, тҽңірі сөздерінің баламасы, мифологиялық
түсінік бойынша бүкіл дүниені, адамзатты, жан-жануарды жаратушы ие
[ҚТТС I, 227 б.]. Бұл сӛз қазақ тіліне ислам дінінің таралуымен байланысты
арабтардан ауысқан. Арабша-орысша сӛздікте: Араб тілінде аллах /бог, аллах/
құдай, алла дегенді білдіреді [АОС, 48 б.]. Алла сӛзі – ұйғырша, татарша,
түркменше, башқұртша, қарақалпақ тілінде «алла» деп аталса, қарашай-
балқар тілінде «аллах», өзбек тілінде – «оллох» деп аталады.
Құранда: Алла «қайырымды», «ақылды», «дана», «жасаған дүниенің
билігін қолында ұстаған» деген эпитеттермен суреттеледі. Кейде алла сӛзіне
«тағала» тұлғасы қосарланып, «алла тағала» деп те айтылады.
Сӛздікте: «Тағала» сӛзі де араб тілінен ауысқан, ал мағынасы – «тҽңір,
құдай, жаратқан» дегенді білдіреді [ҚТТС I, 227]. Яғни діни түсінік бойынша
«бүкіл дүниені, адамзатты жаратушы» деген мағынада жұмсалады. Тағала сӛзі
кӛбінесе құдай, алла, хақ сӛздерімен тіркесіп айтылады: алла тағала, құдай
тағала, хақ тағала.
Сӛздікте: Тәңір – кӛне түркі сӛзі. Бірінші мағынасы құдай, алла тағала,
құдірет дегенді білдіретін діни сөз [ҚТТС, 66 б.]. Ежелгі түркі ескерткіштер
тілін зерттеуші А.Махмұтов «тәңірі» сӛзі түркі орхон жазуларында көк/аспан
жҽне құдай деген ұғымды білдіретінін кӛрсетеді [1, 84 б.].
АБЫЛАЙ ХАН атындағы ҚазХҚжӘТУ ХАБАРШЫСЫ «ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» сериясы
136
Кӛне түркі сӛздігінде tanri (тәңір): 1. аспан; 2. құдай; 3. тәңірілік, 4. әмірші
(билеуші), мырза. Осы мағыналардың парадигмасынан кӛрініп тұрғандай,
ежелгі түркілердің дүниетанымында кеңістіктің жоғары (үстем) бӛлігі аспан,
құдай, мырза, адам тағдыры мен ӛмірлерінің әміршісі ретінде қабылданған.
Ежелгі түркі қағандары аспаннан жаралған деп аталды: «Тәңір текті Тәңірден
жаратылған түркі Білге қаған бӛдке/тақ иесіне отырдым» [ДТС, 206 б.].
Достарыңызбен бөлісу: |