УДК 81„1:001
Ж.Ж. Есеналиева, ф.ғ.д.,
Абылай хан атындағы ҚазХҚжҼТУ,
Алматы (е-mail: prof.esenalieva@mail.ru)
ПРОФЕССОР М.Т.САБИТОВА
ЖӘНЕ ФИЛОЛОГИЯНЫҢ ӚЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мақала филология ғылымдарының докторы, Абылай хан атындағы
Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетінің профессоры
Марияш Тетешевна Сабитованың ғылыми, ғылыми-кӛпшілік еңбектерін
зерттеуге арналған. Негізінен ғалымның тіл білімінің кӛп ізденісті қажет
ететін аса жауапты салаларына – аударматануға, мәдениетаралық
коммуникацияға және салғастырмалы типологияға қатысты зерттеулері
жан-жақты сӛз болады.
Тірек сөздер: аударматану, мәдениетаралық коммуникация, салғастырмалы
типология, тіл саясаты, фразеологизмдер, тіл білімінің жаңа бағыттары
Филология ғылымдарының докторы, Абылай хан атындағы Халықаралық
қатынастар және Әлем тілдері университетінің профессоры Марияш Тетешевна
Сабитова биыл желтоқсан айының 20-сында 75 жасқа толды.
Білікті маман жүзге тарта ғылыми, ғылыми-кӛпшілік еңбектерді
жариялады. Олардың ішінде монография, оқулықтар, типтік бағдарламалар
және жинақтап қорытатын зерттеулер бар. Ғалымның негізгі еңбектері тіл
білімінің кӛп ізденісті, жан-жақты зерттеуді қажет ететін аса жауапты
салаларына
–
аударматану,
мәдениетаралық
коммуникация
және
салғастырмалы типологияға қатысты [1-3].
Лингвистикасындағы маңызды салалардың бірі – аударматану ғылымы.
Бұл мәселенің әлі де қарастыратын, жеке талданатын проблемалары кӛп екені
айғақ. Сонымен қатар бір тілден екінші тілге аудару жағдайының Қазақстан
Республикасында бүгінгі таңда жүргізіліп жатқан тіл саясатына тікелей қатысы
бар. 2001 жылғы 7 ақпанда Қазақстан Республикасының Жарлығымен
бекітілген «Қазақстан Республикасында тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-
2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» шет тілдерін оқыту-
үйретудің маңыздылығы, терминжасамды жолға қою, реттеу туралы айтылған
болса, бұл аталғандардың барлығы да аудармаға байланысты болып шығады.
«Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша да ӛзге тілдерден қазақ тіліне
аударылған кӛркем әдебиеттің қорын жасау айтылады. Демек, бүгінгі таңда
қазақ мәдениетінде де, тіл ғылымында да аударманың практикалық
жұмыстарын ӛрістетуде, оның қыр-сырын, теориясын жіті білуге профессор
М.Т.Сабитованың аударматануға арнаған зерттеулерінің үлкен септігі тиері
сӛзсіз.
ИЗВЕСТИЯ КазУМОиМЯ имени АБЫЛАЙ ХАНА серия «ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ»
145
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында тіл саясатының батыл,
қарқынды, әрі оңтайлы түрде жүзеге асырылып келе жатқандығына, қазақ
тілінің қоғамдық қызметі аяларының кеңейе түсуіне байланысты қазақ
лингвистикасы жаңа ғылыми парадигмаларды қалыптастыруға және дамытуға,
бұрын қолға алынған ғылыми бағыттарды тың арнада қарастыруға, осы
бағыттарды соны пікірлермен, практикадан алынған тәжірибелердің
қорытындыларымен толықтыруға бет бұрды. Басқаша айтқанда, соңғы
жылдары сӛздің семантикасы адам әлемімен, ғаламның тілдік бейнесімен және
адамның когнитивті қабілетімен тығыз байланыста талданатын болды.
Тілді зерттеудің жаңа бағыттары бір тілден екінші тілге аударудың бұрын
айтылып келгеніндей тек үдеріс емес, сонымен қатар мәдениетаралық
коммуникация, сӛйлеу актісі, адамның коммуникативті мінез-құлқы сияқты
мәселелерге тығыз байланысты екендігін айқын кӛрсетіп берді. Марияш
Тетешевна Сабитова тіл білімінің жаңа бағыттарының бірі – мәдениетаралық
коммуникацияға да ӛз үлесін қосуда. Ғалымның кӛп ізденіп, атақ, дәреже алған
еңбектері – осы аударматану, мәдениетаралық коммуникация және
салғастырмалы типология саласында жазған ғылыми жұмыстары.
М.Т.Сабитованың
ізденістеріндегі
салғастырмалы-типологиялық
зерттеулеріне, құрылымы әртүрлі тілдердегі фразеологизмдерді салғастырған
жұмыстарына ерекше тоқталғымыз келеді. Бұл мәселелерге жеке монография
мен бірсыпыра еңбектер жазылған. Ғалымның іргелі еңбектерінің қатарына
енетін «Фразеологизмдерді салғастырмалы талдау мәселесі», «Қазақ және неміс
тілдеріндегі компаративті фразеологизмдерді салғастыра оқыту», «ЖОО-да
фразеологизмдерді салғастыра оқытудың негізі» т.б. зерттеулерінің отандық тіл
білімінде алатын орны ерекше.
Профессор М.Т. Сабитованың ғылыми еңбектерінің дені құрылымы
әртүрлі қазақ және неміс тілдерін салғастырмалылы-типологиялық жағынан
зерттеуге арналған. Әсіресе 1992 жылы шыққан «Неміс және қазақ тілдерінің
салыстырмалы фразеологиясы» атты оқу құралына, 1999 жылы шыққан «Қазақ
және неміс тілдеріндегі фразеологизмдерді салғастырудың негізі» атты
монографияға, 2006 жылы жарық кӛрген «Неміс, орыс, қазақ тілдерінің
фразеологиясының салыстырмалы типологиясы» атты дистанциондық оқу
құралына ғалымдар оң баға беріп, салғастырмалы типологияға қосылған елеулі
үлес деп таныды.
Халықтың ӛмірі, дүниеге кӛзқарасы фразеологизмдерде сақталғаны белгілі.
Лингвистика ғасырлар бойы тілде сақталып келген фразеологизмдердің рӛлін
анықтауға тырысады. Фразеологизмдер – ұлттық болмысымызды танытатын бай
мұраларымыздың бірі, халқымыздың рухани кӛрсеткіші. Фразеология - әлемнің
тілдік бейнесінің үзіндісі. Ол дүниені сипаттап қана қоймайды, оны түсіндіреді,
оған бағасын және кӛзқарасын білдіреді. Фразеологизмдерде ұлттық мәдениеттің
ерекшелігі кӛрінеді, әдет-ғұрпы, салт-санасы мен ұлт мәдениетінен, тұрмыс-
тіршілігінен хабардар етеді. Онда халықтың дүниетанымы, кӛңіл-күйі кӛрініс
табады. Фразеологизмдер халықтың рухани құндылықтарын білдіреді, оның
АБЫЛАЙ ХАН атындағы ҚазХҚжӘТУ ХАБАРШЫСЫ «ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» сериясы
146
ӛткенімен, салт-дәстүрімен, ұлттық ерекшелігімен таныстырып, халыққа тән
мінез-құлқын ашады. Олай болатын болса, профессор М.Т.Сабитованың
салғастырмалы типологиялық зерттеулері қазақ және неміс фразеологизмдердің
тӛл ерекшеліктерін түсінуге жол ашады [4].
М.Т.Сабитова ӛзінің салғастырмалылы-типологиялық зерттеулерінде
лингвистикалық салғастырмалы талдаудың қиындығы мен аздығын кӛрсете
отырып, тілдердің түрлі топтарына және салғастырудың кез келген деңгейінде
қолдануға болатын кейбір ұстанымдарды анықтап, оларды жіктеп кӛрсетеді:
1.Жеке тілдерді зерттеу салыстыра, тұтастай және кезеңмен жүргізілуі
тиіс, жеке тілді зерттеу тіларалық зерттеуден бұрын басталады;
2.Ұқсастықтар
мен айырмашылықтарға салғастырмалы талдау –
салғастыру бірліктері арасындағы обьективті ұқсастыққа негізделеді;
3.Тілдегі бірліктерді салғастыру және тілдерді зерттеудің біртұтас
теориясы негізінде жүргізілуі тиіс. Біртұтас ұғым – терминологиялық аппарат
кӛмегі арқылы жүзеге асады;
4.Бір жақты немесе екі жақты салғастыру; оның нәтижелерінің салғастыру
барысы, мазмұны біржақты (А тілінің ерекшелігін Б тілінің ерекшелігіне
қатысты зерттеу немесе керісінше), немесе екі жақты (А және Б тілдерін қатар
талдау) болуы мүмкін.
5.Салғастырмалы талдау тілдік формадан мазмұнға (семассиологиялық
жол) немесе мазмұнын оның айтылым тәсіліне қарай (ономасиологиялық жол)
бағытталады. Салғастыра зерттеуде осы екі жол ӛзара үйлесіп тұрады.
6.Салғастыра
зерттеу
синхронды-салғастыру
немесе
диахронды-
салғастыру болуы мүмкін.
7.Салғастырмалы талдаудың кӛздері: салғастырылушы тілдің түпнұсқа
материалдары.
Лингвистикалық типология зерттеу нысанына қарай жеке және жалпы
типология сабақтастығына құрылғанын ескерсек, жалпы мен жалқының
байланысы қазіргі зерттеулердің ӛзегіне айналып отыр. Жеке типология – бір
тілдің құрылымдық ерекшеліктерін, жүйелік нормаларын сипаттай отырып, бір
немесе бірнеше халықтар үшін маңыздылығын анықтауға бағытталса, жалпы
типология – барлық тілдерге ортақ болатын қалыптасу, даму ұстанымдарын
сұрыптауға негізделеді. Жеке типологияның дамуы арқылы, салғастырмалы-
типологиялық зерттеулер негізінде қалыптасқан жалпы типологиялық
мәселелер тілдерге тән толып жатқан ортақ сипаттардың, универсалды
құбылыстардың табиғатын, себеп-салдарын ашуды мақсат етеді. Соның
нәтижесінде лингвистикалық әр деңгейдің ӛз даму принциптерін сұрыптауға
болатын ұстанымдар желісі анықталып, жалпы ереже – «тіл атаулының
барлығына ортақ жалпы заң», жалқы ережелер - әрбір тілдің ӛзіндік даму
ерекшеліктерін сипаттайтын нормалар болып есептеледі. Екі бағыттың да
типологиялық тіл білімі үшін маңызы зор. Ӛйткені кез келген тілдің «қоғамдық
құбылыс ретіндегі жалпы адам баласының тілін сипаттайтын жалпы
заңдылықтармен» қатар «нақтылы бір тілдің ӛзіне тән, оны басқа тілдерден
ИЗВЕСТИЯ КазУМОиМЯ имени АБЫЛАЙ ХАНА серия «ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ»
147
бӛліп қарауға мүмкіндік беретін жеке заңдарын ажырата білу қажеттігі» орын
алады. Сондықтан бүгінгі күні жеке тілдік фактілерді жалпы тіл табиғаты
негізінде талдау қажеттігі сол байланыстың уәжді жалғасы болып табылады.
Құрылымы әртүрлі тілдерді типологиялық зерттеуде жеке тілдің
типологиясы болсын, жалпы типологияда болсын жоғарыда кӛрсетілген
ұстанымдардың тигізер пайдасы орасан.
Сондықтан
оларды
лингвистикалық
типологияда
пайдалану
салғастырмалы-типологияны
дамытуға,
лингвистикалық
типологияның
метатілін байытып, қалыптастыруға ықпал жасайды. Қазақ тілін басқа
тілдермен салыстыра және салғастыра зерттеуді дамыту – ана тіліміздің аясын
кеңейтіп, мемлекеттік тіл ретіндегі статусы мерейінің үстем болуына әсер
ететіні сӛзсіз [5].
Мәрияш Тетешевна – ғылыми кадрлар даярлау ісінде де кӛпке үлгі. Ол
кісінің жетекшілігімен 15 ғылым кандидаты диссертация қорғады. Сол 15
ғылым кандидатының 12-сінің зерттеу тақырыптары салғастырмалы
типологиядан болды. Қазақ тілінің құрылымы ӛзге тілмен мәселен, қазақ және
неміс тілдерін салғастырылғанда, қазақ тілінің материалдарын кӛптеп
пайдаланып, қазақ тіліне тән тӛл ерекшелік тұрғысынан салғастыруды талап
етуінің ӛзі – профессордың ғылыми жолындағы белсенді атқарған ісі деп
бағалауға болады.
Ғалым қазіргі уақытта да кӛптеген магистрлік және докторлық
диссертацияларға жетекшілік етумен қатар, ӛз ғылыми ізденістерін ұстаздық
жұмыспен шебер ұштастырып келеді. Абылай хан атындағы Халықаралық
қатынастар
және
Әлем
тілдері
университетінде
«Мәдениетаралық
коммуникация
теориясы
мен
практикасы»
курсынан,
«Тілдердің
салғастырмалы типологиясы» теориялық курсынан дәріс оқиды.
Достарыңызбен бөлісу: |