УДК 81‟37+811.581
А. Нуржаубек
магистр,қытай тілі филологиясы жҽне аударма кафедрасының
аға оқытушы, Абылай хан атындағы ҚазХҚжҼТУ,
Алматы
«ҤШ АСПЕКТІЛІК ТЕОРИЯСЫНЫҢ» ҚЫТАЙ ТІЛІ
СИНТАКСИСІН ЗЕРТТЕУДЕГІ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Ұзақ жылдардан бергі ғылыми зерттеулерде қытай тілінің ӛзіндік
болмысына байланысты кейбір тұстарын, дәстүрлі құрылымдық
грамматика, сипаттамалы грамматика түсіндіруге қауқарсыз болды.
Алайда
«Үш аспектілік теориясы » ортаға қойылғаннан кейін, қытай тілін
үш аспектілік теориясы негізінде зерттеу, мұнда әсте үш аспектіні бір
бірінен бӛліп қарау емес, қайта осы үшеуінің ӛзара ұштасуы, түйісе
байланысуы негізінде байланыстыра зерттеу қытай тілі әлемінде зор
қолдау тапты. Әрі шешімі қиын мәселелерді талдауда маңызды рӛл
атқарды.
ИЗВЕСТИЯ КазУМОиМЯ имени АБЫЛАЙ ХАНА серия «ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ»
149
Тірек сөздер: қытай тілі, жай сӛйлем,
үш аспектілік теориясы
, синтаксистік
құрылым, семантика, прагматика
Қытай тілі снтаксисінің зерттелуі күрделілік пен қайшылықтарға толы.
Оның басты себебі қытай тілінің тұлғалық ӛзгерістерге ұшырамайтын
құрылымдық ерекшелігімен байланысты. Сӛзбен сӛз арасындағы синтаксистік
байланыс кӛмекші сӛздер, орын тәртібі арқылы жүзеге асады, сӛйлемнің негізгі
белгісіне жақтық, шақтық, модальдік белгілер емес, қарым-қатынаспен
байланысты интонация жатады. Онсыз сӛйлем-синтаксистік бірлік ретінде
қалыптаспайды.
Сӛйлемнің әр қырынан дербес топтастырылып зерттелуі тіл білімінің
тереңдей дамуына септігін тигізеді. Әрі қажетті де. Десе де, бір тілдің сӛйлем
жүйесін жан-жақтылы сипаттау немесе нақтылы сӛйлемді дұрыс талдау үшін
сӛйлемнің үш аспектісін қайта тоғыстыруға тура келеді.
Бүгінгі таңда лингвистикада сӛйлем кӛп қырлы құбылыс ретінде қаралады.
Қазіргі кезде сӛйлемнің сан алуан қырлары ішінен негізгісі – оның құрылымы
мен мағынасы және прагматикалық жағынан зерттеу болып табылады.
«Үш аспектілік теориясы»ның түп тамыры 20 ғасырдың 30-жылдары
Ч.Моррис негізін қалаған семиотика теориясының негізгі қағидаларында
екендігі даусыз. Семиотика ілімінде синтактика, семантика, прагматика үш
аспектісі жатқаны белгілі. Мұнда семантика–таңбаның таңбалаушы обьектіге
қатынасы, синтактика– таңбалардың ӛзара қатынасы, прагматика–таңбалардың
оны қолданушыға қатынасы [1, 20 б].
Қытай тілінде жай сӛйлем синтаксисін зерттеу құрылымдық,
семантикалық және прагматикалық үш түрлі аспектінің ӛзара байланысында
қарастырылуы қажет. Синтаксистің басты зерттеу обьектісі болып табылатын
жай сӛйлемді сипаттаудың қазіргі лингвистикада үш түрлі аспектісі бар болып
бұл белгілі дәрежеде қарастырылған. Оның біріншісі сӛйлемді қарым- қатынас
құралы болу(коммуникативтік,прагматикалық) тұрғысынан сипаттау. Екіншісі
сыртқы құрылымы жағынан сипаттау. Үшіншісі сӛйлемді мағыналық
құрылымы жағынан сипаттау. Осымен байланысты қазіргі тіл білімінің басты
мақсаттарының бірі – сӛйлемді прагматикалық, құрылымдық және мағыналық
аспектілердің ӛзара түйісуінің ұштасуының негізінде сипаттау болып отыр.
Қытай тілінде сӛйлемді грамматикалық, семантикалық, прагматикалық
аспектілері тұрғысынан қарастыруды алғаш айтқан Hu Yushu (胡裕树) болды
[2, 16 б]. «Үш аспектілік теориясы» қытай тілінде тұңғыш ортаға қойылғаннан
қазірге дейінгі ғылыми зерттеулер мен еңбектерді саралай келе мынадый
қортынды шығаруға болады.
Біріншіден «Үш аспектілік теориясы» қытай тілі грамматикасын
зерттеудің ӛзіндік нәтижесі
«Үш аспектілік теориясы»ның қытай тілі грамматикасын зерттеуде
қолданылуы батыс лингвистикалық теориялардың ықпалы мен ел ішіндегі
АБЫЛАЙ ХАН атындағы ҚазХҚжӘТУ ХАБАРШЫСЫ «ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» сериясы
150
қытай тілі грамматикасын зерттеудің ӛзіндік дамуының ӛзара ұштасуы мен
түйісуінің нәтижесі
Батыс лингвистикалық зерттеулерінің ғылыми теориялары мен жаңа
бағыттары қытай тілі грамматикасының зерттеу бағыттарына әсерін тигізбей
қоймады.
Енді бір жақтан ел ішіндегі қытай тілі грамматикасын зерттеудің ӛзіндік
дамуы да жаңа бағыттар мен идеялардың шығуына түрткі болды. Сонау Ма
Жианжоң(马建忠) Ли Жиңши(黎锦熙)лерден бастау алатын қытай тілінің
дәстүрлі грамматикасы тілдік бірліктерге талдау жасағанда мағынаны негізге
алуға басымдылық беріп, оның тұлғалық жағынан дәлелденілуін елеусіз
қалдырды. Нәтижесінде ғылымилықтан айырылып қалды. бірақ мағынаны
жетекшілікке алып, негізгі байланысқа басымдылық беру әрине орынды да.
мұны байқаған қытай ғалымдары бұл талдау әдісін бірден қабылдап, одан ары
қарай дамыта түсті. Ал структуралық грамматиканың сипаттамалы ілімі болса
мағынаның грамматикалық тұлғаға қарата тежеу рӛлін ескерусіз қалдырып,
жалаң түрде тұлғалық сипаттамалы талдау жүргізуді негізге алды. Сол себепті
70 жылдардан бері ғалымдар тарапынан сынға ұшырап гүман тудыра бастады.
Әрине сипаттамалы грамматиканың тұлғалық талдауды жетекшілікке алып,
зерттеу барысында қолданылымдылыққа басымдылық беретін артықшылығы,
қытай тіл білімі әлемінде бірден қолдау тапты [3,1-10 б].
Сӛйтіп ел іші сыртындағы лингвистикалық теориялардың ортақ
ұштасуында, қытай тілі грамматикасын зерттеуде кӛп аспектілі грамматикалық
зерттеу идеялары біртіндеп қалыптаса бастады.
Екіншіден үш аспектілік теориясы грамматикалық зерттеудің аясын кеңіте
түсті.
Үш аспектілік теориясы әсте жалаң грамматикалық тұлғалық талдау
немесе жалаң мағыналық байланыстық талдау немесе жалаң қатысымдық
жағдаяттық талдау емес, қайта бір уақытта синтаксистік тұлғалық талдау,
мағыналық байланыстық талдау әрі жағдаяттық мазмұндық талдаудың ӛзара
айырмашылығы мен байланынысына басымдылық бере отырып жасалынатын
талдау. Нақтылап айтар болсақ, Үш аспектілік теориясы синтаксистік тұлғаны
жетекшілікке ала отырып, оның семантикалық байланыс пен прагматикалық
фактормен сәйкестік байланысын зерттейді. Сӛйтіп грамматикалық зерттеудің
аспектісі (қыры) кӛбейе түседі. Зерттеудің мазмұны байыи түседі. Әрі
грамматикалық құбылыстарды түсіндірудің мүмкіндіктері де молая түседі.
Үшіншіден үш аспектілік теориясы грамматиканың ӛзіндік ілімі әрі
грамматикалық талдаудың методалогиясы
Үш аспектілік теориясы грамматиканың ӛзіндік ілімі деудегі себебіміз
синтатксис, семантика, прагматика грамматикалық құрылымның негізгі
құрамдас бӛлектері. Грамматикалық құрылым осы үшеуінің ӛзара түйісе
байланысуының нәтижесі. Үш аспектілік теориясындағы семантикалық аспекті
пен прагматикалық аспектінің зерттейтін тұсы тек синтаксистік тұлғаға ықпал
ИЗВЕСТИЯ КазУМОиМЯ имени АБЫЛАЙ ХАНА серия «ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ»
151
кӛрсететін немесе тежеу рӛлін атқаратын бӛлегі ғана. Бұл бӛлектер
синтаксиспен бірге грамматикалық зерттеудің нысандарын құрайды. Үш
аспектілік теориясы семантика мен прагматиканың барлық мазмұндарын
зерттеу нысаны ретінде қарастырмайды. Мысалы, «семантикалық ӛріс»
семантиканың басты зерттеу нысаны, алайда үш аспектілік теориясында түр-
түс семантикалық ӛрісі, туыстық қатыныстар семантикалық ӛрістері т.б
қарастырылмайды. Және де «言外之意, Сӛйленімнен тыс мағынасы»
прагматиканың зерттеу нысаны. Алайда үш аспектілік теориясы «天晴了, Күн
ашылды» құрылымында тәбиғат құбылысының ӛзгерісін хабарлаудан тыс
басқаларды сыртқа серуенге шығуға болатындығына сендіру мағынасы
(Сӛйленімнен тыс мағынысы) яғни прагматикалық мақсаты болатындығын
қарастырмайды [3,1-10 б].
Үш аспектілік теориясы грамматикалық зерттеудің методологиясы деудегі
себебіміз,
грамматикалық
зерттеулер
синтаксистік,
семантикалық,
прагматикалық аспектіде қарастырғанда ғана зерттеудегі сипаттау мен
тұсіндірудің толықтығына шынайы қол жеткізуге болады [4, 225 б.]. Әрине тек
бір аспектіде қарастыруда ӛзіндік құндылыққа йе, алайда қашанда жеткіліксіз.
Батыстың семиотика ілімінен бастау алатын Үш аспектілік теориясы,
қытайдағы
ғалымдардың
толықтырып
дамытуымен,
қытай
тілі
грамматикасындағы ең негізгі ағымдардың біріне айналып жаңа модельді
қалыптастырды. Оның грамматикалық зерттеулерге болған әсері батыстың
структуралық грамматикасынан кейінгі кез келген ағымдардан асып түсіп,
қытай грамматикасын жаңа бір белеске, жаңа бір деңгейге кӛтерді. Үш
аспектілік теориясының қытайда мұнщалықты қолдау табуы, әсте сӛйлемнің
үш аспектінісінің ара жігінің бір бірінен анық ажырытылғанынан емес, қайта
керісінше оладың бір бірімен біте қайнасып, ӛзара бір бірінен бӛліп қарауға
келмейтіндігі, ӛзара тығыз байланыста болғандығы.
Үш аспектілік теориясы европадан бастау алғанымен, батыстың
лингвистикалық зерттеулері оны негіз етпейді. Ӛйткені үнді европа тілдерінде
үш аспектінің шек шекарасы ӛте айқын ажыратылған. Синтаксистік құрылым
семантика мен прагматиканың щектеуіне белгілі дәрежеде ұшырағанымен,
орасан зор дәрежеде дербестікке ие. Мысалы, Him I`ve met сӛйлемінде Him
синтаксистік талдауда толықтауыш,прагматикалық талдауда тема болады. Ал
қытай тілінде «他我已经见过了» сӛйлемінде, 他 (ол)ның тема екені сӛзсіз,
алайда бастауыш па әлде толықтауыш па бұған бірдеңе деу қиын. Орыс тілінде
де синтаксистік талдау мен прагматикалық талдаудың шекарасы ажырытылған.
«Мейлі тұрлаулы мүшелер немесе тұрлаусыз мүшелер болсын, барлығының да
тема немесе рема болу мүмкіндігі бар. Бір сӛйлем мүшесі мейлі тема немесе
рема болсын, оның синтаксистік рӛлі ӛзгермейді.» [5, 39 б.]. алайда қытай
тілінде мұндай қортынды шығару ӛте қиын. Мұндағы басты себеп, қытай
тілінде синтаксистік құрылымның ӛзіндік дербестігі болмайды. Яғни семантика
АБЫЛАЙ ХАН атындағы ҚазХҚжӘТУ ХАБАРШЫСЫ «ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» сериясы
152
мен прагматикадан салыстырмалы түрде дербес тұратын ӛзіндік синтаксистік
жүйе қалыптастыру мүмкін емес. Нақтылап айтар болсақ, біріншіден қытай
тілінде синтаксистік тұлғалық кӛрсеткіштер (белгілер) аз немесе қолдану
барысында шектеуге кӛп ұшырамайлы. Кӛптеген категориялар тек семантика
мен прагматиканың кӛмегімен ғана жүзеге асады [6, 32 б.]. Екіншіден қытай
тіліндегі саусақпен санап аларлық түлғалық тәсілдер мысалы, сӛздердің орын
тәртібі, демеуліктер синтаксистікте, семантикалықта әрі прагматикалықта
мағыналырды білдіреді. Сондықтан бір бірінен бӛліп қарау ӛте қиын. Мысалы,
сӛздердің орын тәртібі тема-рема белгілері ретінде қарастырылған кезде,
бастауыш-толықтауыштың қарама қарсылығын кӛрсете алмайды.
Үш аспектілік теориясы алғаш рет бізге мынаны анықтап берді. Қазіргі
қытай тілі грамматикасы жүйесіне семантика, прагматика ұғымдары әлде
қашан кірігіп енген болса да, батыстың синтаксистік аспектіде ғана қарастыру
категориялық жүйесін қолдану әдетке айналып кеткендіктен, кӛптеген
мәселелерді түсіндіру қиын болды. Алайда мұның ӛзі ұлы жетістік. Бұл қытай
тілі болмысында ойламаған жағдайға алып келді. Ӛйткені Үш аспектілік
теориясы бойынша ең әуелі грамматикадағы үш аспектіні бӛліп қарау кӛзделді.
Бірақ нәтижеде қытай тілінің ӛзіндік табиғатына сай, үш аспекті ӛзара түйісе
байланысқан грамматикалық жүйе қалыптастыру қажет еді. [7, 5. б]. Бұл әрине
жаман нәтиже берген жоқ. Ӛйткені бұл үш аспектілік жүйені кӛр соқырлықпен
бір аспектілік деңгейде қарастырғанға қарағанда зор ілгерлеушілік еді.
Достарыңызбен бөлісу: |