Ж 81 Сайлаубек Жұмабек, 2014



Pdf көрінісі
бет2/21
Дата21.01.2017
өлшемі1,52 Mb.
#2334
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

17
жанарымен мізбақ 
бай қадалып қалды. Иесінің 
алғашқы қағыстары нан-ақ Топан біраз сырды ұқты. 
Осы бір майда, жұм сақ үндердің әуездерінен иесі  н-
ің өзіне кешірім жасаға нын сезе отырып, Топан өзі -
нің жастық әрі аңғал қателі гін кешірген жоқ. Бірте-
бірте көтерілген әуез күйшіге де, Топанға да бір-
біріне деген өзара қымбат сағыны шын сездіргендей 
бо 
лады. Олардың осы сағыныштарын, мұңдарын 
барын ша ақтарып әрі ыршынып айтқан жа ңа күйдің 
сазына екеуі де бас ұрып, ден қойды. Жаңа күй дің 
ши  рыға көтерілген үні иірімдене түсіп, күйдің өзек-
ті өртеген қайырымын қайталаған сайын, өзіне әлім-
сақ тан таныс сиқырлы саздың биік бір шыңындай 
сезілген жа ңа әуенге бар болмысымен елтіген Топан 
киіз үйдің оң жақ босағасындағы өз тұғырына қонды. 
Күйші Дәукең 
нің жүрегі жарылып кетуге сәл-ақ 
қалды. 
Дүдәмәл ойы осы уақытқа дейін, Топан 
ның 
табиғаты 
на біткен естілігімен сендіріп келгенін 
Дәукең енді ғана біл ді. Күйші қанша бір қуанса да, 
күйдің мана бір әзірдегі май да сазына енді түскен 
домбыраның ырғағын бұза алмады, не батылы жетіп 
жылдамдата алмады. 
Дәукең қанша шаттанғанмен жаңа күйдің өзіне 
тән кербез ырғағының, өз әуезінің терең де сырлы 
сабыр лылығын асып кете алмады. Күйшінің домбы-
расы күй 
дің қайырмалы жеріне келгенде, ыршы-
ған зармен безіл 
 
деп-ақ кетті. Күйші Дәукеңнің 
серілік сағынышы, сая 
хат 
шылық құмары, аңшы 
-
лық бапкерлігінің қызығы – бә рі қосылып, домбы-
ра дан дауылдана шығып, тыныш үй ді, көк аспан-
ның бұлтсыз, тынық ауасын, қуаныш пен қайғы ға 
әр кез ортақ шағын ауыл адамдарының бәрінен бұ-
рын Топанның, өзінің жүрегін және домбырасының 

18
Сайлаубек Жұмабек
шана 
ғын осып-осып тілгілеп өтті. Жаңа күйге 
күрсінген көкірек пен ащы өксіктің әуені жас Топан-
ның, Дәукеңнің, құдірет 
ті домбыраның көкірегін 
қарс айырды. 
Топан шыдай алмай кетіп иесіне жақында 
ды. 
Дәукең нің нұрлы көздері қуаныштан жасаурап кетті. 
Күйші, Дәу кең де, қызғыш домбыра да осы жолғы 
қуанышын жасыра алмады. 
Күйші барлық уайым қайғысынан, алты ай 
бойында 
ғы сағыныш дертінен туып өксіп айтқан 
зарын шаттан ған шабыттың ырқымен дереу қуаныш 
сазына ұласты 
ра қойды. Әуездің ойнақы үні 
нен 
желпінген, күйшінің шор боп қалған өкпесін жаз-
ған Топан да қуанғаннан жылдам-жылдам адым-
дап Дәукеңнің дәл қасына жақында ды. Күйші тарт-
қан күйін дың еткізіп аяқтап, бүркі тін қолына алды. 
Домбыра ұстаған сиқырлы саусақтар 
мен Топанын 
көпке дейін сипалап, еркелетіп отырды. Ауыл 
адамдарының Топанды, жаңа тартылған шерлі де, ке-
рім күйді қошеметтеген үндері жарыса шықты. 
Дәукеңнің реңі кіріп, өткір көздері нұрла 
на 
жымиып, сері қалпына келді. Дәукең жаңа күйін 
тартып кеп жібер ді, Топан өзінің орнына барды. Есік 
пен шаңырақтан көрін ген мөлдір аспан, жусанды 
маңғаз дала мен халық, орал ған Топан – бүркіт – 
бәрі күйді ұйып тыңдап қалған, «Топан» атты жаңа 
күйден тартылады. Күйші Дәукең домбыра 
сын 
ерекше шабытпен тартып отыр, бірақ даланың шежі-
ре күйлері де таусылар емес... 

19
оФсаЙДқа түспеЙтін ақын
Шығармашылығы тәуелсіз еліміздің баспасөз бет-
терінде, әр алуан топтамаларда, дербес жинақ  тарда, 
теле каналдар мен радиоэфирлерде, поэзия кеш  тері 
мен мүшәйраларда мейлінше сирек көрінсе де, есімі 
оқыр мандарға,  жұртшылыққа  белгілі  ақындар  дың 
бірі – Саты балды Қосалыұлы Дулати.
Кешегі Кеңестік дәуірде «аспаннан түсетін, 
өзінен-өзі келетін шабытты» күтіп, оқта-текте жаз-
ған аз өлеңіне мәз болып жүріп, жиде сияқты кеш 
гүлдегенін әрі мойын дап, әрі опынғанынан бар ма-
ғын шайнаған ақын Сатыбал ды бәрібір «еш тен кеш 
жақсы» деп жүріп, Тәуелсіздіктің он жылы ішінде 
«Дәуір  –  дастан» (1993), «Көзімнің қарасы» (2001), 
«Жан шуағы» (2002) атты үш жыр кітабын ұсы нып 
үлгерді.
Мұның біріншісі, «журналистиканы жайна 
та-
мын», журналистиканың нанын жеп, нәпақа тауып 
жүрмін дей 
тін екі он жылдықта – әр мезгілде 
жазы лып, әр мезгіл де жарық көрген жырлар мен 
Тәуел 
сіздіктің алғашқы жылдарында бұған дейін 
қалғып-мүлгіп марғауланып келген ақындық 
шабыттың оянуы нан, сілкінуінен бар мақ шайнаған 
өкініш  тің орнын толтыруды саналы түрде сезінген 
ақын  дық  қажыр дың,  намыстың,  күрестің  бұл қы- 
ны сы нан  туған  еді.

20
Сайлаубек Жұмабек
«Дәуір –  дастан»  жинағы бір-бірінен біраз жыл-
дар көз жазып қалғанмен, бәрібір оқырман мен ақын 
бір өзеннің екі жағасындай болып шын да шы найы 
поэзияның арна 
сында – ортақ қазы 
ғында қайта 
табысты. Жыр жинағы әде 
би сынның, жұртшы-
лықтың назарына осынысы арқы лы заңды ілінді деп 
білемін. Мұның жарқын мысалдары көп.
Дегенмен, ақын Сатыбалдының шығармашы лық 
өр леуіне, көтерілуіне, меніңше, ұлы суреткер Мұх-
тар Әуезов  тің 100 жылдығына арналған халық  ара-
лық ашық поэ зия мүшәйрасында (1997 жыл) үшін-
ші бәйгені жеңіп алуы зор қозғаушы күш болды 
деп білеміз. Мәселен, осы халықаралық мүшәй  раға 
республикалық  баспасөз  бетте рін де  жария ланған 
жүз-жүздеген туындылардың ара 
сынан маң 
дайы 
жарқырап шығу аса биік сын болатын. Тақы 
рып 
– біреу, туындылар – жыртылып-айрылады. Тар -
ландар да, талапкерлер де бақ сынасты, бап сы-
насты. Дегенмен, ақын Сатыбалды Қосалыұлы Ду­
ла ти  дың  «Алма ты  ақшамы»  газетінде  жариялан­
ған «Қазақтан алып қазаққа керекті» атты топ­
тамасы – Мұхтар Әуе зов тің тұлғасын, болмысын, 
мұ расын, құдірет­киесін ақын дық тың көзқараспен, 
та р ихи  тың  деректі  – ғаламат сирек деректі мей­
лінше ұтқыр, мейлінше дәл, мейлінше көр кем түрде 
жеткізгені үшін үшінші бәйгені заңды да әділ жеңіп 
алған еді. Мәселен, Тәжімаһалда – әлемнің жеті кере ­
метінің бірінде Шығыстан шыққан ұлы есім дер  дің 
қатарында Мұхтар Әуезовтің зермен ойып жазыл­
ғанын ақын Сатыбалдының:
Рухбасы біздің дәуір көшінің,
Артық екен өнердегі несібің!
Ұлылары санатында Шығыстың,
Тәжімаһалдың төрінде тұр есімің!

21
Ондағылар, айтып­айтпа, санаулы­ақ,
Сол бір асыл Есімдерді санау – бақ!
Мұхаң аты басылғанда көзіме,
Қызып қоя берді бойым талаурап.
Бағып тұрмын өзімді әзер бағамдап,
Қуаныштан көздің жасы тарамдап,
Қонғаны ғой, қонғаны ғой Саған Бақ,
Қонғаны ғой, қонғаны ғой Маған Бақ!» 
–  деген жолдарына ешқандай комментарийдің 
қажеті жоқ.
Нағыз ақындар провинцияда – ауылда туып, 
орталық 
та – астанада өмірден өтеді дейтін әрі 
бір орайда өміршең дігі дүдәмал осынау тәмсіл бұл 
арада ақын Сатыбал 
ды Қосалыұлы Дулати үшін 
кәдеге жүрмейді, дәйек-дә 
лел бола алмайды. Бұл 
орайда, бірер апта Шымкентте, не бірнеше ай 
Төлеби ауданындағы Майбұлақта тіршілік тің керзі 
етігімен өз тағдырын кешіп жүрген, өз талшығын 
тауып жүрген, сонысын қанағат етіп, сонысына 
сүйсінетін ақын Сатыбалды шығармашылығы үшін 
бұл тек қызыл сөзбен қиқулатуға ғана жарайтын, 
желкемденген қаң бақ нақыл ғана болып қала береді.
Бұған,  «Көзімнің қарасы» (2001 ж.) жыр кітабы 
айрық ша нақты дәлел. Өйткені, ұлы Абайдың ұлы 
жырлары на жалбарына отырып, ұлы ұстазын Тәңір-
ге балап, со ған сыйына отырып, ақын Саты балды 
да ендігі жырла 
рын «көзінің карасындай» етіп 
жеткізуге ұмтылды. Ал, көркемдіктің биік талаптары 
мен критерийлерінде «көзі  нің қарасындай» өлеңдер 
тудыру қиынның қиыны, сирек тің сирегі. Әрине, 
Абайдың көзімен, Абайдың өлшемі мен қара ғанда. 
Ең басты мәселе, ең басты жетістік Абай болуда емес. 
Абайға ұқсау арқылы, өзіңе деген, поэзия ға деген 
адалдығыңды, арыңды сақтап, өзіңнің «көзің 
 
нің 

22
Сайлаубек Жұмабек
қарасындай» өлеңдер жазу – ең басты мәселе, ең 
бас ты жетістік. Мәселен,
Доланалар бөрік киген елтірілі,
Айлы ауылдың рең­кейпін келтірді
Майсылаудай маужыраған мамыр түн,
Тыныштықты тұншықтырып өлтірді.
Жел желпімей, желігі ұстап түн күлмей,
Жатыр ауыл, жатыр ұйықтап дым білмей...
Шатырлайды шыдамы кем жұлдыздар,
Қоламталы қозға салған дүмбілдей.
Төзімімен күтетұғын сырласын,
Ай батқанша көтермейді қыр басын
...Сипап едім Сырбұлақтың сырғасын,
Таңдайыма тамды тәтті ұрғашы үн.
Жиды білем, жыны қозып, жел есін,
Құлағыма ентігеді елес­үн
Бұлдыр өмір, бұлақ құрлы, қайтейін,
Мейірімді бір қандырмай келесің.
* * *
Бақыт деген біле­білген адамға,
Бәсірелі Бостандығы – Қазақтың! 
– дейтін ақын жырындағы ысылған, толысқан, 
өзіндік өрнегі мен қоңыр әдемі әуені бар туындының 
келісі 
мін зайыр байқамау, көрмеу, аңғармау, сүй-
сінбеу мүмкін емес. Табиғат ақын болып, Сатыбалды 
табиғат болып емірене-елжіреп жырлап тұр емес пе?!
Көркем поэзияға қажет компоненттердің бар-
шасы бар. Жіліктеп, қайта мазмұндап жатудың өзі 
ерсі. Тек бар болғаны, ақын Сатыбалдының «көзінің 
қарасындай» болып туған осындай жырлардың бұл 
жинақта молдығы на риза боласың. Ақын көзінің, 

23
ақын сезімінің, ақын ойының, ақын суретінің 
осындай әрі қарапайым, әрі тосын, әрі шағын, әрі 
шынайы, әрі шыншыл, әрі қанағатшыл бол мысына 
шын қайран қаласың, шын тәшін боласың.
Жасандылық атаулының жаяу борасынынан 
шарша 
ған, сансыраған оқырман қауымның ара-
гідік болса да, әсіре се, әлі де болса ауылда қалған 
осындай табиғилық пен, қоспасыздықпен, өміршең 
әрі нақты суретпен, ұт қыр да дәл метафоралар мен, 
теңеулермен ұшырасқан 
 
да, ақын Сатыбалдымен 
осылай табысып, осылай қауыш қан сәтте поэзияның 
көзге көрінбейтін осындай тылсым жұмбақтарының 
әсері мол екенін мақтанышпен айту ға тиіспіз.
«Жалын» баспасынан жарық көрген «Көзімнің 
қарасы»  жинағындағы ақынның осындай шынайы 
табыстары осылайша көз қуантып, көңіл тойды  рады.
Меніңше, оның есесіне провинцияда – ауылда 
туып, орталықтан – астанадан жырақта жүріп-ақ 
ақын дық дарынына да, абыройына да дақ түсір мей, 
жеңіл-жел 
пі мерзімдік-календарьлық, науқандық 
ыңғайдағы «кезек 
ші» тақырыптарға ұрынбай, 
дастархандық одаларға қалам тартпай жүре білу 
де қалам мінезінің ірілігі мен ұяты на тығыз байла-
нысты. Әйтпесе, жасанды арнау өлеңді – жарапа зан 
жырды жамыратуды кәсіп етіп шапан киіп, ат мініп, 
кітап шығарып «белгілі», «мықты» ақын ата 
нып 
жүргендер арамызда жетерлік.
Меніңше, «Жан шуағы» атты жыр кітабы – ақын 
Сатыбалды Қосалыұлы Дулатидың шығармашы лық 
жо лында сүбелі орын алады. Қазір елімізге Қадыр 
Мырза Әлидің, Шерхан Мұртазаның, Тұманбай 
Молдағалиев тің көп томдықтарын полиграфиялық 
та, көркемдік те биік-биік мәдениетпен шығарып, 
оқырмандар ықыласы мен алғысына бөленген 
«Қазығұрт» баспасынан шық 
қан «Жан шуағы» – 

24
Сайлаубек Жұмабек
жыр кітабы ақынның досы Қуаныш пен Күләшқа 
арналған.
Өмірде егіз қозыдай дос-құрдас, әрі туыс, әрі бауыр 
бо лып, тіршілік атты көштің басы мен жуан ортасында 
ке ле жатқан белгілі қоғам қайраткері, Республика 
Парламенті Мәжілісінің депутаты, қаламгер Қуаныш 
Төлеметов – қалың елдің сүйіспеншілігіне, сеніміне 
ие болған аб 
зал азамат. Тұла бойы мейірім мен 
бауырмалдықтан тұратын сирек азамат. Оның өзінде 
барды атымтай жомарттық 
пен өнерге қамқорлық 
жасайтыны қазір аңызға айна лып кеткен.
Ақын Сатыбалды тек өзінің досы Қуаныш 
Төлеметов бойындағы іріліктерді мейлінше ірі, 
мейлінше нақты жыр лауға ұмтылғандықтан, оның 
бұл туындылары поэ зия  лық жинақтаушы сипатқа 
ие болған деп білеміз. Мұнысы ның жемісті болып 
шыққандығы кітаптағы өлеңдер дің өнбойынан және 
бір тарауға топталған әр жылдар туын дыларынан 
анық байқалады. Ең бастысы, шын жыр 
ланған 
өлеңдердің жалаң одаға, жалаң жадағайлыққа, жалаң 
тамсануға, жалаң одағайлыққа айналмағанында.
Ал  «Жан шуағы» жыр кітабының өнбойындағы 
ғала 
мат көңіл-күйлердің әралуан тербелісі мен 
тебіренісінен туа тын көркем сыр, көркем жыр, көркем 
мұң, көркем сурет ақын Сатыбалды Қосалыұлының 
өз табиғатын, өз өрне гін, өз бояуын әрқашан дара 
әрі табиғи жеткізетінін айрық ша нақты көрсетеді. 
Мәселен: 
Талқысы таза талғамым – 
Ауылым – арман­ардағым, 
Алақаныңа салып көрерсің
Сағынышымның салмағын.
Тарқамайтұғын құмарым,
Бәсіре болған арманым;

25
***
Дүниенің қабағына қарайды,
Жасқа толы жұлдыздардың жанары;
***
Түзде туған жасыл әлем түзде өліп,
Жаратылыс заңын бізге үйретті;
***
Жапырақта мөлдіреген меруертті,
Бәсірелеп бал орнына жаладым;
***
Бір кесегім мың қарғаға дарымай, 
Қалжырасам, шарап ішпей нені ішем?
***
Адалдықты арамдықпен жемдедім, 
Мен де осылай күнәсі бар пендемін;
***
Әйелдердің осы белі, білегі,
Дүниені ұстап тұрған бүгілмей;
***
Шырқап аққан бұлақтарға тұрған мұз,
Судың жаурап қатып қалған дауысы;
***
Өткен істе белгі әлі­ақ өшеді,
Суды сыза түскен іздей қайықтан;

26
Сайлаубек Жұмабек
***
Ақша қармен қып­қызыл боп от өтті,
Лаулап өтті бір құшақ от – өтті елік;
***
Бақ ішінде бақыт серуен салып жүр,
Бұлалықтың бойынан бу бұрқырап;
***
Табиғаты тағдырдан да күрделі, 
Жағажайда махаббат жүр адасып;
***
Бұйығы бұйраттарды оятып жүр,
Сырғасы сыңғырлаған сәуір айы;
***
Суын сыққан боз көйлекті
Күздің тәнін құшамын деп;
***
Таңға дейін «тірі өліп», 
Тірілемін қайтадан;
***
Ұлы Муза! Таза пейіл­нұсқамен,
Өлім жеңе алмастай жыр жазалық;
***
Басқа бақыт менде болып көрмеген
Өлең жазып отыратын кезімнен;

27
***
Сұлулықты мәпелей берейікші, 
Құйып ап көзіміздің қарасына, 
–  дейтін мол­мол мысалдарды іріктей отырып, 
көзінен тіз сең, әр өлеңнен кездесетін мол­мол жол дар, 
мол­мол шу 
мақтар, көбінесе, «қыздың туған бала­
сындай» болып келе тін шағын да шымыр, шалқар да 
ширақ, шаңқан да шабытты, шемен де шерлі, шуақ ты 
да шырынды, ұлар дың шырылындай сирек те таза, 
ширыққан да шыншыл осын дай мол­мол лирикалық 
өлеңдерге қалайша сүйсінбейсің!
Асылы,  «Дәуір  –  дастан», «Көзімнің қарасы» 
атты жи 
нақтарда ара-тұра кездесіп қалатын көп 
сөзділік, сенти ментальдік, шұбалаңқылық, біркелкі 
сарындастық тәріз ді кемшіліктер «Жан шуағы» атты 
жинақта шеттеп кал ған. Ақын өзін-өзі аяусыз сынға 
алған, аяусыз тезге сал 
ған. Мейлінше қысқа әрі 
ширақ, қанық бояумен жазуға ден қойған.
Сатыбалды ақын «Жан шуағы» жыр кітабында 
ақын дық шеберлік тұрғысынан ерекше өскен. Ең 
бастысы, мейлінше қысқа жазып, ой мен сезім-
нің, сурет пен тіл 
дің нәзік үйлесімдерін киіктің 
асығындай, жүзік тің көзінен өтерліктей етіп жет-
кізуге көп күш жұмсаған, көп тер төккен. Бұл орайда
ақын Сатыбалды ежелгі Шы ғыс поэзиясының қыс-
қа үлгідегі ғажайып үрдістерінен, көне жырау-
лар поэзиясының табиғи түрде түйдек-түй 
дек ке-
летін төкпе тыныс-лебінен нақты үйреніп, со лар ды 
шығармашылық дербес те нақты қолтаңбаға – өзін-
дік дара ақындық келбетіне айналдыра білген.
Қысқа сөздің алдағы уақытта жалғаса беретінін 
ес 
кере отырып, газеттік көлемге бағына отырып, 

28
Сайлаубек Жұмабек
бел 
гі 
лі ақын Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби 
ауда ны ның  Құр мет ті  азаматы  Сатыбалды  Қосалы­
ұлы Дулати дың бүгін ге дейінгі шығармашылық жолы 
оның қазіргі қазақ поэзиясында ешқашан оф 
сайд­
қа түспейтін ақын екенді гін, провинцияда –  ауыл­
да жүрсе де, қазіргі қазақ өлеңі нің орталығында – 
астанада әріптестерімен қатар, бір ге жыр жазып 
жүргендігін дәлелдейді.
Сондықтан шығар, қазіргі қазақ поэзиясының 
көр кем  дік алаңына провинцияда – ауылда жүріп-
ақ ақын дық абыройы мен ақындық арын жалпақ 
жұрт қа тек перзент-өлеңдерімен, өлең-перзенттері-
мен, толғағы – тағ дыр, тағдыры – толғақ жырлары-
мен ешқашан оф сай д қа түспейтін қайсар да мейі-
рімді дарын иесі десек, шындықпен шұрқырасып 
барып, желкенін көретін ақи 
қат нұры шығар 
ма-
сынан шалқып көрінетін ақынның бірі – Сатыбал ды 
Қосалыұлы Дулати деп әрі батыл, әрі мақтана айтуға 
тиіспіз.
2002 жыл.

29
шынДық шоғы мазДаған, алаулаған
(Арқау – біреу, кітап – үшеу)
 
Алматыдағы 1986 жылы Желтоқсан оқиғасы және 
оның ащы шындығы, тәуелсіз елдің жаңа тарихында 
ала тын орны жыл өткен сайын биіктеп, асқақтап 
келеді. Өйт кені 17-18 желтоқсандағы оқиғаның біздің 
әлеуметтік-рухани санамызда, ұлттық танымы мыз-
да, өркениет мем лекет жолындағы демокра тиялық 
сапарымызда терең із қалдырғаны – тарихи ақиқат. 
Сондықтан болар, біздер осынау тарихи оқиғаға 
әр кез де әрқилы тұрғыдан жан-жақты зер салатыны-
мыз және заңды. Міне, қазір осынау тарихи оқи ғаны 
ортақ арқауы етіп алған үш кітап біздің қолы мызға 
тигелі де бірша ма мезгіл болады. Әуелде Орта лық 
және республикалық баспасөз беттерінен таныс 
материалдардың 
қаншалық ты 
жинақталаты нын 
тосумен жүрдік. Ақыры, солар дың басым дені үш 
кітап болып шығыпты. Ал осынау жинақ қа енбеген 
дүниелер кездесіп жатса, ол болашақтың сыба ғасы 
болар деген үміттеміз. Міне, 1991-1992 жылдары жа-
рық көрген үш кітаптың орны ерекше. 
Биылғы Желтоқсан оқиғасының жиырма жыл-
ды 
ғы 
на орай, осынау үш кітаптың толықтырыл-
ған нұсқасы оқыр 
 
мандар қолына тигенде, әрине, 
нұр үстіне нұр болар еді. Өйткені, осынау жиырма 
жыл ішінде бір ұрпақтың ауы сып та үлгергені тарих 

30
Сайлаубек Жұмабек
шындығы ғой. Дегенмен, осынау үш кітапты он бес 
жылдан кейін оқысаңыз да, сол кезең нің әлеуметтік-
қоғамдық атмосферасы көз алдыңа қаз-қалпында 
келетіні бар. Бұл арада құрастырушылар мен жауап-
ты шығарушылар Талғат Айтбайұлы мен Тойбо л ды 
Зейнәбіловтің жауапкершілігі мен ыждағаттылы-
ғын, жанашырлығы мен азаматтық еңбектерін атап 
айту ды тікелей парызымыз десек артық емес. 
Осынау арқауы ортақ үш кітапқа енген әралуан 
материалдардың өнбойындағы дерек – шындық қа, 
шын  дық – тағдырға, тағдыр – тәлкекке, тә л кек – 
әділет  сіздікке,  әді  летсіздік  –  зорлыққа,  зор лық  – 
соққыға, соқ  қы – қасіретке, қасірет – трагедияға 
ұласып кеткен. 
Осынау арқауы ортақ үш кітапқа енген әра луан 
мате риалдардың өнбойында қорқақтық – бұқ пан-
тайлыққа, бұқпантайлық – үрейге, үрей – сат-
қын 
дыққа, сатқын 
дық – құлақкестілікке, құлақ-
кестілік – жандайшаптық 
қа, жандайшаптық – 
жауыз  дыққа, жауыздық – ездік ке, ездік – екіжүз-
ділік ке, екіжүзділік – қарабеттік ке ұласып кет  кен. 
Тоғышарлық – мансапқорлыққа, мансап 
қор 
лық 
– кәзаптыққа, кәзаптықтың – құрдымға ай налу 
эволюциясына нақты деректер барысында толық 
көз жеткізе аламыз. Арқау – біреу, кітап – үшеу. 
Шағын-ша ғын үш томды – Желтоқсан оқиғасының 
тырнақалды тарихы десек артық айтпаймыз. 
Өйткені, мұндағы әр 
алуан материалдардың қай-
қайсысы болмасын нақты дерек терге мейлінше бай 
келеді. Өйткені, мұндағы әр қилы материалдардың 
қай-қайсы болмасын адамдар тағдырының әртүрлі 
көріністерін мейлінше толық көр сетеді. 
Асылы, арқауы – Алматыдағы 1986 ж. 17–18 жел-
тоқ сан оқиғасы болған осынау үш кітапты жаның 
тітіркенбей-түршікпей әсте оқу мүмкін емес. Кезінде 
әр мезгіл де оқыған тұстағы әсерлердің мұздай суды 

31
басыңнан құй ған дай болып өте шығады дегеніміз 
бекер екен. Өте шық пайды екен. Жан-жүрегің де, 
ой-санаңда өзінен-өзі мұзға айна лады екен. Енді сол 
материалдардың көпшілігін үш кітаптан бір мез-
гілде, біртұтас қалпында оқып шық қаныңда шоши-
сың әрі сескенесің, қапаланасың әрі ыза ланасың, 
қайраттанасың әрі асқақтайсың. Жан-жүре гіңдегі, 
ой-санаңдағы баяғы мұз тамырлар мен мұз орга-
низмдер, мұз сүйектер енді мәңгілік мұздайтын 
Мұз Алау ларға – Тарих Алауларына айналып шыға 
келеді екен. Мұны Жер жарылып жұта алмайды 
екен... Мұны Тау қопарылып баса алмайды екен... 
Мұны Мұхит тасып тұн 
шық 
тыра алмайды екен... 
Мұны Жанартау өртеп өші ре алмайды екен... 
Өйткені желтоқсан оқиғасы – күні келмеске 
кеткен Кеңестер Одағының, Кеңестер өкіметінің бірі 
кем жет піс жылдық «жарқын» жолындағы жой қын 
жарылыс болғандығын осынау үш кітаптан нақты 
көреміз.
Өйткені бодандық пен кіріптарлық бар жерде 
әділет пен демократиялық сақталмайтынын, қызыл 
империя 
лық мүдде Орталық әміршілдік-әкім 
шіл-
дік, тоталитар 
лық билік үстемдік еткенде, барша 
ха 
лыққа тән Теңдік пен Тәуелсіздік тәрізді асқақ 
мұрат тардың шортан жұт қан шабақтарға айналаты-
нын осынау үш кітаптан айқын сезінеміз. 
Өйткені, бодандық пен кіріптарлық бар жерде 
адам пра 
восы мен демократияның сақталмайты-
нын  және  бұлар   дың  демократиялық  Конститу ция-
да алдамшы бап тар – бояма догмалар күйінде қала 
беретініне осынау үш кітаптан мейлінше то лық көз 
жеткіземіз. 
Дегенмен, арқауы – Желтоқсан оқиғасы болған 
осынау үш кітапта баяндалатын жәйттердің төрт-
күл дүниені – он сегіз мың ғаламды дүр сілкіндір гені 
тарихи шындық еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет