Таңдамалы
Үшінші том
УДК 821.512.122
ББК 84 (5 қаз)
Ж 81
© Сайлаубек Жұмабек, 2014
© «Ан Арыс» баспасы, 2014
Жұмабек С.
Ж 81 Таңдамалы. Құраст. З.И.Жұмабекова. – Алматы:
«Ан Арыс» баспасы, 2014.
ІSBN 978-601-7130-14-5
Т.3. – 288 б.
ІSBN 978-601-7337-71-1
Сыншы Сайлаубек Жұмабектің бұл үшінші томына алғаш қы екі
әңгімесі, әдеби туындыларға әр жылдарда жазылған сын мақа лалары,
сондай-ақ, театр, кино, музыка, сурет өнерлерінің белгі лі тұлғалары
туралы терең ой-толғамдары, сұхбаттары, авторлар ға жазған хаттары
енгізілді. Өнердің қай саласын да жетік біле тін ол осы еңбектері
арқылы оқырмандарға қолға алған тақыры бын жан-жақты талдап,
сыни тұғырда мәнін ашып берген.
Кітап жалпы оқырмандарға арналған.
ҚАзАҚСТАн РеСпУБлиКАСы МәДениеТ МиниСТРлігі
«әДеБиеТТің әлеУМеТТіК МАңызДы ТүРлеРін БАСып шығАРУ»
БАғДАРлАМАСы БойыншА ЖАРыҚ КөРДі
ІSBN 978-601-7337-71-1
Қолжазбаны баспаға әзірлеген, құрастырған сыншы ның жары –
зибәгүл исақызы Жұмабекова.
УДК 821.512.122
ББК 84 (5 қаз)
3
Дәстүрмен, салтыңмен Дәуірле,
шарықта
1934 ж. 17 август – 2 сентябрь аралығында СССР
Жазу шылар одағының і съезі болып өтті. үстіміз дегі
жылы совет жазушылары өздерінің тарихи маңы
зы зор бірін ші съезіне 50 жыл толуын атап өтеді.
әлеумет
тікрухани тарихымыздағы осынау айтулы
датаға орай газетіміз дің тілшісі, қазақ совет әдебиеті
нің негізін қалаушылар дың бірі, Қазақ ССР Мемлекет
тік сыйлығының лауреаты, көрнекті суреткер ғабиден
Мұстафинге жолығып, бірне ше сұрақтар қойған еді.
Біз бүгін оқырмандар назарына сол шағын сұхбат ты
ұсынамыз.
Тілші: Ғабең, өзіңізге мәлім 1934 ж. Совет жазушы-
лары ның І съезі болып өтті. Съездің көптеген тарихи
шешім дерінің бірі ретінде жаңа тұрпаттағы СССР
Жазушылар одағының құрылуын ең алдымен және
зор мақтаныш пен ауызға аламыз. Көп ұлтты совет
әдебиетінің тарихын сөз еткен тұста осынау одақтың
шежіресіне де назар аударатынымыз заңды ғой. Осы
орайда сіздің қысқаша лебізіңізді біле кетсек...
ғ.Мұстафин: СССР Жазушылар одағының Бірін ші
съе зін әлеуметтік-мәдени тарихымызда үлкен орын
алған дәуір лік оқиға дер едім. Өйткені, социа лис-
тік қоғамымыз да, күнделікті тұрмысымызда, сана-
сезімімізде адамзат тарихы бұрын көріп-білмеген,
4
Сайлаубек Жұмабек
әрі ғажайып, әрі түбір
лі өзгерістер туып, дамып,
берік орнығып және тамырын тереңге жіберіп
көркейе түсті. Міне, осынау сапа лық ұлы өзгерістер
РАПП ҚазАПП және тағы басқа әртүр лі ұйымдар
мен топтарда шашырап жүрген қаламгерлер
дің
күшін бір ортаға, бір мақсатқа топтастыруды қа-
жет еткен еді. ВКП (б) Орталық Комитеті 1932 ж.
23 апрель де «Көркем әдебиет және өнер ұйымда рын
қайта құру туралы» қаулы қабылдады. Осы қаулы-
ның негізін де Жазу шылар одағының ұйымдастыру
ко митеті құрыл ды, оның председателі совет әдебие-
тінің негізін қалаушы ұлы жазу шы Максим Горький
болды.
Ұйымдастыру комитеті жүргізген қыруар
шаралар
дың нәтижесінде совет жазушыларының
І съезі зор өр леу үстінде өтіп, социалистік реализм
салтанаты
ның өмірге келгенін көрсетті. Максим
Горькийдің І съез
ді ашқан сөзі, съезде жасаған
баяндамасы, ұйымдық мәсе
ле қаралған алғашқы
пленумдағы сөйлеген сөзі совет жазушылары ның,
СССР Жазушылар одағының идеялық-әлеу
мет-
тік платформасын нақты айқындап, белгілеп бер-
ген болатын. Міне, елу жылдық әдебиет тари
хы
-
мыз
да совет қаламгерлері социалистік реализм
прин ципі нен еш айныған емес. Келешекте де осы-
лай бола бер
мек. Сондықтан да партиялық және
халықтық принциптер ге негізделген көп ұлтты со-
вет әдебиетінің тарих аренасы на осылайша шы ғуы
айрықша құбылыс болды. Бірін
ші съездің, СССР
Жазушылар одағының рухани-әлеумет
тік күш-
қуаты, тарихи жеңісі, міне, осынысында.
Лениндік партияның жетекшілігімен СССР Жа-
зу
шылар одағы социалистік қоғамның дамуын
көрсететін ең басты әрі шешуші әлеуметтік-
5
экономикалық міндеттер
дің алғы шебінен табы-
лып отырды. Қаламгерлер Отаны
мыз бен халқы-
мыз бастан кешкен жарқын да жеміс
ті кезеңдер
-
дің от-жалын көрігінде, қайнаған ортасында, небір
ыстық-суықтың аласапыран өтінде абыройлы тұ-
рып келеді. Совет жазушыларының қалам қай раты
алғашқы бесжылдықтар дәуірінде, Ұлы Отан со-
ғысы жылдарында, соғыстан соңғы кезеңдерде өте-
мөте қуат
ты, айрықша өткір, барынша кемел
дене
түскені баршамыз
ға мәлім. Бұған М.Горький мен
А.Фадеевтің, М.Шолохов пен Л.Леоновтың, М.Әуезов
пен Ш.Айтматовтың, В.Катаев пен М.Шагинянның,
С.Вургун мен Ғ.Ғұламның, К.Федин мен Тихоновтың,
А.Твардовский мен М.Дудиннің, Р.Ғамзатов пен
М.Кәрімнің, К.Кулиев пен В.Быковтың, О.Гончар мен
Д.Кугультиновтың, И.Абашидзе мен Э.Межелайтис-
тің және тағы басқа бірталай ірі суреткерлердің
елімізде ғана емес, шет елдерде де кеңінен таны мал
атақты шығарма
лары айғақ. Совет жазушылары-
ның қалам қайраты ал ғаш қы бесжылдықтар кезі-
нде, Ұлы Отан соғысы жылдарын да, соғыстан соңғы
дәуірде айрықша қуатты, айрықша өт кір, айрықша
кемелдене түскені баршамызға мәлім.
Тілші: Қазіргі халықаралық жағдай бүкіл адам-
зат баласын қатты елеңдетіп отыр. Империалис тік
реак ция ядролық апат қауіпін төндіруге жол бергісі
келетін сыңай танытады. Совет қаламгерлерінің,
СССР Жазушы лар одағының халықаралық беделі
жөнінде қысқаша айта кетсеңіз.
ғ.Мұстафин: Совет қалам қайраткерлерінің,
СССР Жазу шылар одағының халықаралық беделі
сонау І съез
ден бастап-ақ өте жоғары. Өйткені,
СССР Жазушылар ода
ғы өзінің интернационал-
дық парызын әр уақытта жоғары ұстайды. Халықтар
6
Сайлаубек Жұмабек
арасындағы өзара достық пен ынты
мақтастықты
көркем сөз шеберлері рухани тұрғы
дан дәне-
керлеушілер. Прогресшіл адамзат баласы, совет елі
планетамыздағы баянды бейбітшілік үшін дәйек-
ті күресіп келеді. Мәселен, М.Горькийдің І съезд
атынан Роман Ролланға жолдаған құттықтауы фа-
шизм қауіпі нен сақтандыруға әлем қаламгер ле рін
шақырғаны белгілі. СССР Жазушылар одағы
ның
социалистік елдерде гі әріптес ұйымдарымен, Азия-
Африка жазушылары
мен, капиталистік елдердегі
прогресшіл қаламгерлермен ынтымақтасты
ғын,
достық қарым-қатынасын сүйсінер лек дәрежеде деп
батыл айта аламыз. Азия және Афри
ка жазу
шы-
ларының Ташкентте, Алматыда өткен конф е рен-
циялары осының дәлелі. Совет жазушылары ядро-
лық апат қаупіне қарсы күресте зор белсен
ділік
таны тып отыр.
Тілші: Ғабе, СССР Жазушылар одағының І съезі не
және сондай-ақ «Қазақ әдебиеті» газетінің шық қа-
ны на да биыл елу жыл толып отыр. Бір-біріне ұла сып
жат
қан тойлар үстіндегі тілегіңізді газет оқыр
ма-
нына жеткіз сек деген өтінішіміз бар.
ғ.Мұстафин: – Тойларың тойға ұлассын. Айтпақ-
шы «Қазақ әдебиеті» газетінің тиражы қанша?
Тілші: Сексен алты мың.
ғ.Мұстафин: Жақсыақ екен. Газет тиражы-
ның әлі де өсетініне сенімім мол. Өйткені, әде-
биет – халық өмірі нің айнасы деп бекер айтпай-
мыз. Газеттің прозасы жә не поэзиясы өз алдына,
ел өміріне, қоғамдық тіршілігіміз
ге араласудағы
батыл қадамдарын қатты құптай
мыз. Газет әрқа-
шан оқырмандарының алдында жүруге тиіс. Онда
жариялайтын материалдар көбінесе алуан-алуан
көкейкесті, зәру, өткір мәселелерді көтеріп жатса
7
құба-құп. Мұның бәрі әдеби немесе шаруашылық
проблемалар
ды арқау ететіні және белгілі. Газет-
тегі дүниелер
дің тұшымдыларын көбейтіп жатқа-
ны мыз нұр үстіне нұр ғой деп ойлаймын. Газет ал-
дағы уақытта моральдік-этика лық проблемалар дың
ұлттық формаларының, дәстүрлері
нің озығы мен
тозығын назардан қағыс қалдырмас. Ана тіліміз дің,
төл әдебиетіміздің қамқоры – Халық тар Дос тығы
орденді «Қазақ әдебиеті» газетінің оқырман
дары
көбейіп, артқан үстіне арта берсін.
Тілші: Әңгімеңізге рахмет.
Әңгімелескен
Сайлаубек Жұмабеков.
«Қазақ әдебиеті», 1984 ж. 03.
8
Сайлаубек Жұмабек
тартыс
(Әңгіме)
– Әй кемпір! Өмір бойы бір жібі түзу шай құя ал-
май кеткенің бе осы? – деген атамның зәрлі дауысы-
нан селк етіп, оянып кеттім. Шиырыла дөңгелен ген
кесе, ақ самауырдың оттығының төменгі жиегіне
тиіп, шарт сынды.
– Саған не болған? Кәрі жының неден қозды? –
деп шап ете қалған әжемнің сөзі құлағына кіріп те
шы ғар емес.
Екі көзі даладағы көкбурыл атта. «Сабыржан,
тұ рып шайыңды суытпай іше қойшы» – деп мені
оятқан әжеме атам:
– Қайтесің оны, кеудесінде намысы жоқ шірік ті?!
Тұрған уақытында-ақ ішер! – деп атамның жи рен
мұр ты едірейіп, шеке тамыры білеулене қалды. Таң
атпай жа тып кемпіріне неге ашуланып отырғанын
мына сөзінен-ақ бі ле қойдым. Дегенмен , арты не
болар екен, – көзімді тарс жұмып тыңдай бердім:
– Анда жүрсе әкесінің панасында, мұнда келсе
се нің сипауыңда боркемік болып өсіп келе жатқанын
байқа
майсыңдар – деп шал шайды жылдамдата
ұрттай түсті.
– Байғұс-ау, босқа күйіне бермесеңші. Алда-
жал да әкесі екеуміз кінәлі болсақ, бүгіннен бастап
қойдық та, осы баланы қолыңа бердік. Маған десең
үйтіп жесең де! Бұғанасы қатпаған баладан түңіліп-
9
ақ болдың ғой, түге. Аузың күйіп, басыңа түссе де,
қоймайсың бір.
Баяғыда білесің бе? Қолың шығып, екі ай Түркіс-
тан да жатқаныңды ұмыттың ба? Он екі мүшесі сау
тұрғанда, осы көкпарыңа қызықтырмай-ақ қойсаң
қайтеді қарша дай баланы, – деп қарсы дау соғып,
әжем де болар емес.
Осы сөздерің ғой, намысты қолдан бергізгені
деген
де атамның ағы бар сол көзі, шапыраштана
әжеме қадалды.
Мен түк білмегенсіп төсектен атып тұрдым да,
бұлақ қа қарай бет алдым.
Есіме кешегі өткен көкпар түсті. Түс ауып,қызуы
қайт қан шақ. Күн де таудың шыңындағы төрін, оның
тас бөстегін жамбастауға асыққандай, солай қарай
жантая жүзіп бара жатты.
Жусанды «Жаман даланың» аспаны ап-ашық.
Өкпе тұсы мыздағы Қаратаудың өркешті биік теріне
қонақта ған шарбы бұлттар таяқ тастам жердей ап-
анық көрінеді.
Көкпарды тартушылардан қызықтаушы адам көп.
Ішін де тай мінген жас балалар да, дөнен-бесті л ерін
ой
нақ
шытқанмен, қатарлас бозбалалар да, алда-
нышы бол ған жуас аттарының қос бүйірін тыным сыз
тепкі ле ген қариялар да бар. Тамашалаушылар дың
қалың орта сын дамын.
Өн бойым дуылдап, денем қозып тұр. Осын-
ша тыпыр
шығанмен, әзір көкпар тартқаным жоқ.
Дүдәмал данып жүрексінгендей боламын.
Доданың қақ ортасында екі қарт. Екеуі де осы
өңірге аты шыққан көкпаршылар және бір-біріне сәті
түскен шақ та азу тістерін қаттырақ батыруға іш тей
бекініп жүрген кә рі тарландар.
Оның бірі – ақ қылау молырақ түскен қаба
сақалды, бітік көзді, қайратты Ескендір қарт та,
10
Сайлаубек Жұмабек
екіншісі ме
нің мұрты шоқша сақалына ұласқан,
өңінен нұры тайма
ған қой көзді, тарамыс келген
Достай атам. Дәйім жұрт
тың әділ таразысында
Достайдың салмағы басым екенін оны осынау
қаумалаған көпшіліктің жамырай айтуынан ес тіп
тұрғаным бір бұл емес. Осы мақтанышымды жұрт
көрсе екен деп, айнала мақтана қарайын. Тағы да
айта түс
се екен деп құлағымды тосамын. Бұдан
он жылдай бұрын атамның осы далада, тап қазір
борша-боршасы шы ға терлеп, тыраштанып жатқан
Есекеңнен жеңіліп қал ға нын өз көзіммен көріп едім.
Сол жолы аттан құлап, оң қо лын шығарып алғанда,
қорыққанымнан ба әлде жаным ашығанынан ба,
әйтеуір жылап жібердім.
Тағы да екеуі тартысып жатыр. Бір-бірін омыраула-
ған аттардың жусанның түбірін қазып кетіп, топырақ
шаң ды бұрқ-бұрқ еткізеді. Реті келсе бірін-бірі шай-
нап таста мақ. Атамның тақымындағы серкені Есе кең
оңтайына кел ті ре алмай, сан ойқастап, шыр айна-
лып жүр. Менің де, осы жұрттың да мойын дауынша,
Ескендірде қайрат-қажыр бары рас, бірақ жеме-
жемге келгенде аты түсінбей әлек болады да, күні
бойы сорғалаған намыс тері зая кетеді.
Атамның астындағы көкбурыл биыл айтулы
бабын да, иесінің тақым қағысын бірден сезе қоятын
әккі қу дың нағыз өзі. Достай атамның талай сүрі не-
тін жерінде осы көкбурыл икемділігімен, төзімділі гі-
мен сан рет құтқа рып жүр. Шабысы да бар, бауы рын
жазып алса, анау-мы нау атыңды шаңына көміп кете
береді.
Енді алыстан қарайын деп, анадай жерге шауып
шығу ым мұң екен, тақымындағы серкесімен Достай
атам Қара
тауды бетке алып, жөнеп барады. Сол
уақытта атам емес, дәл бір өзім жеңгендей делебем
қозып, төтесінен шауып, алдынан шықтым. Атам
11
қалжырады ма, әлде ары қарай менің алып кет кенімді
қош көріп, мақтаныш еткісі кел ді ме, ердің дөңгелек
тірсегінен ілінген серкесі бар астында ғы көкбурылды
маған берді. Менің ала аяқ торы дөненім ді өзі мінді.
Алқынған көкбурыл атпен бірге жүрегім де өрекпіп
алға ұшып тұр. Осы сәтте қуғыншы жұрт та біз ді
қоршап үлгерді. Додаға еріксіз түстім.
Қорыққанымнан ба әлде сасқанымнан ба, шекем-
нен шып-шып тер бұрқ етті. Әрі-бері сынай жұлқып
өткендер ге әзірше сыр берген жоқпын. Тақымым-
дағы серке
ні пысықтана қысып, ортада тұрмын.
Атам анда-санда бе кем болуымды мезгегендей, көз-
қырын тастап, енжар лау бақылап тұрды. Осы кезде
көзілдірігін қалтасына сал
ған Ескендірдің неме-
ресі – Сахан маған жақындап кел ді. Терісіне сый-
май, намыстан ашынған сыңайы бар. Ке ле сер кеге
жармасты. Ол да, мен де күш аяп қалған жоқ пыз.
Бір-бірімізге оңай берісетін де түріміз жоқ. Құла ғым
жұрттың айқайлаған даусынан тұнып кетті.
– Әй, Ескендірдің баласы етжеңділеу емес пе,
қазір-ақ тартып алады.
– Қой, Достайдың Сабырбегі де оңай шағыла тын
жаңғақ емес тәрізді!
Ата намысын еселеп қайтармақ ниеті бар ма,
әйтеуір Сахан
ның шүңірек көздері қанталап
қызарып кетіп ті. Та науы қусырылып, тістеніп алған.
Ала бауыр дөне ні де ширатылып, үрке тарпын ған
бойда басын кекшең-кекшең еткізеді. Онысынан
сескеніп, қарап қалған мен жоқ. Құлшыныс та, құді-
рет те бір өзіме ғана біткендей, қау малаған жұрттың
арасынан суырылып шығар саңы лау іздеп тұрмын.
Бірақ, әзірге ондай ашық сәт көзге көрін бейді. Сахан
тағы тартып өтті. Көкбурыл артқа шегініп Сахан ның
ала бауыр дөненін омыраулап, қағып таста ды. Ол
бұған да қарамай бір айналып, ойқастай келіп тағы
12
Сайлаубек Жұмабек
да жармасам дегенше, көкбурылмен кілт бұрыл дым.
Жусанды даланың ақ тозаңы аттың сауырына дейін
көтеріліп, басылып жатыр.
Топтан шыға бергенімде көлденең тұрған біреу
сер ке ні қуыс сұғанақтығымен тартып қалайын деп
еді, оның қо лын әлде кім қағып жіберді. Серкенің
тірсегі үзілуге сәл-ақ қалды. Үрейден пысықсын-
ған мен серкені алдыма жалма-жан өңгеріп алдым.
Енді тақымымды қағып, көкбурыл мен көсіле шабам
дегенде, Сахан қайтадан кес-кестеп шы
ға келді.
Тағы серкеге жармасты. Кеудеммен ерге мықтырақ
қыса алмадым ба, әлде қара былғарымен тысталған
ер ден сусыды ма, әйтеуір осы жолы Сахан жұлып
әкетті. Қапы қалдым. Атыма сеніп айладан бос
қалға ныма, көкпар дан қорқып, мұндай тартыстардан
сырт жүргеніме, ойлама ған жерден осалдық көрсе-
тіп алғаныма ызам келіп, булық қан сәтімде көзім-
нен жас ыршып кетті. Біздерге атай жы мия күліп
өтті. Ескендір қарт тамағын кенеп қойып, кеңкілдей
күліп барады. Саханның да екі езуі екі құла ғын да.
Көзілдіріктің астындағы ноқаттай көздердің мыс қыл
күлкісі жанымды жегідей жей түсті.
Достай атам астындағы алааяқ торыны қам шы сы-
мен сауырдан аямай бір тартып, үйге қарай құ й ғыта
ша ба жөнелді.
Үйге келген соң, әжем дайындаған кешкі асқа
қара май, жатып қалдым. Бет қайда атамның жүзіне
қарау
ға, өңі қашып, ұрты суалып, құнысы бар
адамдай бүкірейіп, ұнжұрғасы түсіп кетіпті.
Бұлақтан жуынып келе жатқанымда: «Додасы
мен шыр ғалаңы көп өмірдің кез-келген тарты сында
бос белбеу бол мау керек қой, бұл мұндар!» – деген
Достай атам ның сөзі құлағыма шалынды.
Шілде, 1971 жыл.
13
топан
(Әңгіме)
Дәулеткерей өзінің ауыр ойынан арыла алмай
отыр. Түнгі қиялай ашылған шаңырақтан аспанға
қарап, көз алмайтын әдет шығарғанына да біраз
болды. Көкпең бек көк аспаннан рақым күткеніне
алты айдай болса, атқа мініп, ел ішіндегі, ауыл
арасындағы ойын-сауықтың сә
ні болмағанына да
сонша уақыт болды. Биылғы көктем
нің қызығы
да Дәукеңнің жабыңқы көңілі мен сарыуайым нан
салбыраған еңсесінен көтере алған жоқ.
Дәукең қамыққан көңілімен бір қырындап,
сол қолы
на сүйенген бойда, жартылай көтеріліп
домбырасын алды да, құлақ-күйін келтіре бастады.
Әр пернесін қайта-қайта басып, бірнеше күйлерді
буынды жерлерінде
гі ырғақтарын сәл-сәл келтіре
сала, басқа әуенге ауыса бер ді. Домбырасының үні
қашан таза шыққанға дейін Дәукең оны бап тау дан
еш жалықпайды. Тиегін ілгерілі-кейін ді жыл жытып
отырып ,«Көркем ханымды» біраз жері
не дейін
тартты...
Жер ортасы елуден асқанмен, Дәукең әлі өңін
бере қоймаған. Дөңгелек келген бет-пішініне жара-
сып тұра
тын қап-қара мұрты мен сақалы сүй-
кімді де келбетті көр
се
теді. Сағыныштан мұңай-
ған өткір көздері ғана бір сыр білдіріп қояды... Жүзі
14
Сайлаубек Жұмабек
сынықтығынан ба, Дәукең нің сындарлы мінезі мен
сыпайы кербездігі көзге бір ден түскенмен, бұрынғы
серілік сымбаты жоқ. Күйші осы бір алты ай ішіндегі
өмірін, шабыт өзегінің терең мөлдірін де гі бұлқынған
қасиетті сырын, қос ішекті қызғыш домбы расы ның
әдемі бір сазды ырғағымен айтқысы-ақ келеді.
Әсіресе, Топанын ойлағанда, күйші өзінің не
болып кет кенін сезбейді де білмейді... Бүркіті қай
жердің аспаны нан сорғалай құйылып, қандай түлкі
алып жүр екен... Өт кен қыс қай аңшының бағы жан-
ғанын Дәукеңнің қазір-ақ білгісі келіп отыр. Әттең...
әттең дүние-ай, – деп ол домбырасының тамырын
тыңдады.
Дәулеткерейдің күн санап өткізгеніне бес ай
жиыр ма тоғыз күн болды. Есіл-дерті «Топан» атты
бүркіті нің бір хабарын білу. Кезінде сүйеніші бар
екендігін, осы аймақ тағы бүкіл жұрттың бәрі естіген.
Міне, бір күні кем ал ты ай уақыт. Содан бергі жалғыз
жанашыры, сырласы екі туып бір қалған бауырынан
да жақын жебеушісі – осы қызғыш домбырасы.
Күйшінің жалғыз жарылқаушысының өзі – домбы-
ра сы да, сыңар қуанышын жоқтап, жалғызсырап-ақ
жүр. Шығарушысы да, тартушысы да Дәулеткерей дің
өзі бол ғанымен «Қос ішек» те, «Құдаша» да, «Жеңгем
сүйер» де осы алты ай ішінде өздерінің бұрынғы
әуезі нен өзгеше леу шығып жүр. Шешіле алмай жүрсе
де, күйші өз күйлері
нің біразын тартты. Мұндай
сәттерде Дәукеңнің үсті не кіруге ешкімнің батылы
жетпейтін. Бұл төреден ығып, қорыққандықтан емес,
сиқырлы саздың уыз шырыны
на құндылықтан,
көңіл құйқылжытқан құдіретке тағ зым еткендіктен
еді. Қазір оның көкірегіндегі сабырлы
лық пен
жайсаңдықты күдікшіл мысы басым қорқыны
шы
мен үрейінің жағымсыз әсері, тартқан күйлері нің
15
орындалуына аздап та болсын нұқсан келтіріп отыр.
Боз торғай шырылдаса да, көкектің жарапазан үні
сұңқылда са да, күйші елең ете түседі.
Неше бір ойға шомған Дәукең домбырасын жайлап
қа на тартып отыр. Бүткіл көкірегі мен тұла бойының
тұтас қан күшін мың орап шідерлеген шабытына да
ерік бер мей отыр. Көзі көк аспанға сүзілген... Күні
бойы тартқан оң қабағы, ылайым жақсылық болғай...
Күйші шекпенін жадағай жамылып тысқа шықты...
Өзін-өзі дер кезінде тоқтатпағанда, тұла бойын дір
еткіз
ген сағыныш өксігі қос шектен зар күйінде
шығып, ыршы на зарлайтын болған соң, оған өзінің
де қосылып кетпесі не шарасы қалмайтын еді...
– Уһ, – деп басын шайқаған күйде Дәукең үйдің
тұсы нан өтті.
– Үйбай-ай, тілімді тістеп алдым ғой. Үйге ашығып
бі
реу келеді екен... Е, Құдай төренің «Топаны»
бола көр, – деген бәрінің бабын тауып, көңілінен
шығатын бәйбі шесінің ашық дауысын зайыр естіп,
іштей қуанып қал
ды... Күйші біраз жерге барып,
кішкентай төмпешікке отырды. Алыстан ауылға
беттеген қойлар көрінеді. Ана
дай жердегі қозы-
лақтардың маңыраған дауысы күй
ші
нің көңілін
елең-елең еткізеді. Шырылдаған қозы-лақ көген нен
ағытылғысы келіп енелеріне жамырағысы келе
ді.
Осынау тұнық өмірге ұмтылған шабытым сияқты
екен, – деді Дәукең. Бүркіті де өзге жерде, жаңа
иесін өгейсіп, Дәукеңді іздер ме екен? Әй, қайдам...
Осы дүдәмәл ой, адам ды қайтып алдандыра алады?
Болмашы нәрсеге кей де имандай сенетініміз бар ғой...
Топаны қай аңшы ның, қандай пенденің томағасында
тыпыршып отыр екен...
Бүркіттің көкірегінде менің домбырамның үні сай-
рап тұратындығы рас болса, түбі оралады. Ал, егерде
16
Сайлаубек Жұмабек
өзі нің тегіне қосылса, не өзге бір сиқырлы әуеннің
ортасына тап болса, онда қайтып оралуы екіталай...
Өзінің тұңғиық ойынан арыла алмаған күйші,
оң қо лын жазық майданына апарған қалпымен көз
жетер жер ге дейін сұғына қарап, көк аспанды тінтіп
шықты. Қыра
ғы көзі түстік жақтан ноқаттай қа-
раны шалып қалды... Жүрегі кеудесінен шоршыған
балықтай ытқып шығып кететіндей, сабырлы Дәу-
кең еш тағат таппады. Ақиқат кө зі жетпей тұр ған
сәтінде осылай болған күйші көзі жеткен де не болып
кетерін елестетпек түгіл, ойлаған да жоқ еді. Ноқат
қара бірте-бірте үлкейе беріп, жақындаған сайын
айқын дала түсті. Топанына жорыған күйші орны-
нан ұшып тұрып, үйге қарай аяңдады. Күмбір-күмбір
үндер дің жа ңа әуені көкірегіне симай, домбыра ша-
нағына жету ге асықты. Аспанда саңқылдаған дауыс
шықты. Күйші ба
сын сілке кілт көтеріп, аспанға
қарады. Қаһарланған шабыт па, әлде қуанған
нан
шаттанған шабыт па, әйтеуір Дәуеңді көз тоқта-
тып, қарауына шамасын келтірмей, ауырлау дене сін
ырсылдатқызып, үйге қарай ширақ жүгіртті. Сәл
жүгі ре бере, желбегей жамылған шекпені де сусып
түсіп қалды.
Дәулеткерей оған қараған да жоқ. Бүркіті, сүйік ті
Топаны төмендеп, тас төбесінде ұшып келе жатыр...
Дәукеңде ес жоқ... Үйге кіре қызғыш домбыра сын
ал ды. Алқынып әрі асығып, ең бастысы шатта нып
отырса да, ол домбырасын әдеттегісінше көңілдегідей
баптады. Тек бұл жолы асқан ширақтығы мен ретті
жердегі жылдамды ғын көрсетті. Бұл сәтте аңсарын
басып болмағанымен, ақи
қат сағынышын зайыр
дәлелдеген бүркіті үйдің шаңырағы на келіп қонды.
Дәукең Топанға көз алмай қарап отырып, дом-
бы
расын қағып-қағып жіберді. Топан да отты
Достарыңызбен бөлісу: |