Қазақтың ағартушы-демократтарының халық санасын оятуға қосқан тарихи үлесі. Ш.Уалиханов, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердіұлы, С.Көбеев, Б.Өтетілеуов, С.Торайғыров, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев т.б.
Ж.Аймауытов жалпы дидактика барлық пәндерге тиісті оқытудың жалпы заңдары, жолдары, оқытуға қатысты мәселелер туралы сөз ететіні, ал жеке әдістеме дидактиканың жалпы ережелерін тек пәндерді оқытқанда, қалай жинастыру, қандай әдіс қолдану туралы баяндайтынын айтады. Ол сабақ беру үйреншікті жай шеберлік еместігін, ол үнемі жетілдіруді қажет ететін үнемі жаңалық табатын өнер, - деп бағалайды. Қазақ тілін, әдебиетті оқыту әдістемесі ғылымының тарихында А.Байтұрсынұлының көшбасшы болғаны белгілі. Ол оқудың негізі білімді өз бетінше алу екенін айтқан пікірлері әлі күнге дейін өзінің мәнін жойған жоқ. Бұл пікір педагогиканың өзекті мәселесі болып отырған оқушының өз әрекетіндегі субъектілік қызметін арттыру міндетіне сай келеді. А.Байтұрсынұлы өзінің 1928 жылы Қызылорда қаласында басылып шыққан «Тіл жұмсар» атты әдістемелік еңбегінде:«Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі – өздігінен алатын ... білімнің ұзақ жолы үшін ... балаға жұмысты әліне шағындап беру мен бетін белгіленген мақсатқа қарай түзеп отыру», - деп жазған. Оның бұл ойы бүгінгі қазақ әдебиеті әдістемесінің де негізіне жатады деуге болады. Баланың білімді өздігінен алатын жолдарын анықтау – әдістеменің басты міндеті мен қызметі екені сөзсіз. Бұл мәселелер А.Байтұрсынұлының «Баяншы», «Әлиф-ба астары» сияқты жекеленген әдістемелік еңбектерінде де айтылған. Әдіскер ғалым ретінде А.Байтұрсынұлы бастаған істі әрі қарай дамытушылардың бірі Мағжан Жұмабаев баланы әдебиетпен таныстыруға аса үлкен мән берген. Ол жұмыстың жүзеге асырылуын бастауыш мектептен бастап мұқият дайындау керек деп танып, өзінің «Бастауыш мектептегі ана тілі» атты белгілі әдістемелік еңбегін жазды. Онда М.Жұмабаев әдіскер-ғалым ретінде төрт жылдық бастауыш мектептің әр жылына сәйкес ана тілі бойынша бала тілін дамыту үшін жаттығулар жүйесін жасап ұсынған. Аса көрнекті әдіскер-ғалым М.А. Рыбникова «Әдістеме» дегеніміз – уақытты үнемдей білу. Оқушы үшін жігерін ақылмен жұмсау, оқу материалынан негізгі және басты мәселелерді таба білу, сыныптың еңбегін ұйымдастыру шеберлігі, оқушылардың әр түрлі жеке әрекеттеріне ықпал етуді алдын-ала ұйымдастыру»,-деп әдістеме ғылымына анықтама береді. Әдістеменің жалпы құрылымы жайында В.В.Голубков былай дейді: «Қай пән бойынша болмасын барлық әдістеме оқытушы жұмысының ұсынымдарын, материалдарын және әдістерін құрастырумен өзара ұқсас, сондай-ақ олар не үшін, нені және қалай деген үш негізгі сұрақтарға жауап береді. Әдебиеттік оқу әдістемесінің қамтитын аймағы мектептегі әдебиеттік оқу пәні сабақтары мен әдебиеттік оқуға байланысты сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстар және базистік оқу жоспарының инвариантты бөлігінен берілетін таңдау курстарында жүргізілетін әдебиеттік оқу сабақтарында мұғалім мен оқушының оқу-тәрбие ісінде өзара қарым-қатынасы болып табылады. Сөз өнерін, көркем әдебиеттің өзін әдебиет тарихы мен әдебиеттану ғылымында белгілі дәрежеде оқып үйрену негізінде оқушыларға әдеби білім, адамгершілік, ізгілік,имандылық, тәрбие беру мен білім-білік дағдыларын қалыптастыру заңдылықтарын ашу – оның қарастыратын басты мәселесі. 2. Әдеби көркем шығармаларды оқытудағы дидактикалық принциптер.
Ғылымилық принципі Оқытудың ғылымилық принципі оқушыларға әдебиеттік оқудан берілетін білімнің мазмұнының ғылыми анық, дәлелді болуын талап етеді.
Педагогика ғылымдары әр пәнді оқыту әдістері мен сол пәнді зерттеудің ғылыми әдістері өзара сабақтас, ұқсас болады деп есептеледі.
Олай болса, әдебиеттік оқудағы оқыту әдісі әдебиеттану ғылымын зерттеу әдісімен сабақтас.
Әдебиеттік оқу пәнін оқытудағы ғылымилық принципі әдебиеттану ғылымының әдеби шығармалардың тууы, тақырыбы, идеясы, жоспарлары, образдары, композициясы мен сюжеті, тілі суреттеу тәсілдері жөніндегі тұжырымдамаларына сүйенеді. Бұл тұста Ә.Қоңыратпаевтың әдебиет ....бір жағынан рухани мәдениет тарихы болса, екінші жағынан образдап ойлауға құрылған, сол үшін өз ерекшелігі бар құбылыс. Көркем шығарманың ішкі ерекшеліктеріне оның нақтылы тақырыбы мен идеясы, жанрлар мен образдары, типтендіру, қиялдау, композиция мен сюжеті, тілі, суреттеу тәсілдері сияқты белгілер жатады. Біздің мектептерімізде көркем шығарманың осы ішкі заңдары мен жұмыс істеу жеткіліксіз болып жүр деген пікірмен келіспеуге болмайды. Себебі, әдебиеттік оқу сабақтарында шығармаларды оқытуда «Өлең немесе әңгімеде не туралы айтылыпты? Олар жөнінде не депті?» деген жалпы сөзуарлыққа жетелейтін тәсілден, шығарманы талдау орнына мазмұнын айтудан аса алмай, әдебиеттің сыр сипатын, болмыс бітімін анықтап, талдап түсіндіре алмай жүрген жайымыз бар. /З.Қабдолов/ Мұндай олқылықты болдырмаудың жолдарының бірі, біздің пікірімізше, оқушыларға бастауыш мектептен бастап, әдебиет теориясынан қарапайым түсінік беріп, шығармаларға талдау жасау және көркем сөз өнерін ауызша, жазбаша тілде қолдану дағдысына үйретуге мән берген жөн. Әрине, «Әдебиеттің теориясын оның практикасымен байланыстыру – қиынның қиыны». Әйтсе де «Әдебиеттің теориялық мәселелері»... қатаң заң ретінде ұсынбай, теориялық талғамдарымызды жазушылық шеберлік мәселесімен, қажет жағдайда қаламгерлік өнердің қиын иірімдерімен ұштастыра, көркем шығармашылықтың психологиясымен байланыстыра жүйелеп отыруымыз керек».
Қазіргі кезде әр салалы ғылыми хабарламалардың молығуы, электрлі есептеу және компьютерлік жүйенің тұрмысқа ендірілуі жастардың өздігінен қажетті ақпараттық хабарларды іріктеп, меңгеруін, білімдерін өздігінен, үздіксіз жетілдіре беруін талап етіп отыр. Осыған орай соңғы кезде мектептерде ғылыми білім берумен бірге, оқушыларға сол пән саласы бойынша өздігінен іздену; байқау, өзінің болжамын, ой пікір қорытындысын дәлелдеу сияқты зерттеу тәсілдерін үйрету керек екендігі айтылып жүр. Әдебиеттік оқу пәнін оқытуда оқушыларға тарихи әлеуметтік жағдайлар мен әдеби шығармалардың мазмұндастығын байқату, шығармадағы идеялық мазмұндастық пен жалғастықты байқату, шығармалардағы кейіпкерлердің жан дүниесі мен психологиялық ерекшеліктерін көре білу, оларды сипаттау шығармалардағы көркемдік сөздер мен сөз тіркестерін тапқызу сияқты ізденістерге баулу, ғылыми зерттеу жұмысының тәсілдерін үйретудің алғашқы қадамдары болар еді. Әдебиеттік оқу пәнін оқытуда оқушыларға ғылыми ізденіс тәсілдерін үйрету үшін, мұғалім бұл пәннің логикасын білуге, сол пән бойынша берілетін білімнің алғашқы қадамынан ғылыми ұғымға жетелейтін жүйесін алдын-ала айқындап алуға тиіс. Бұл әдебиеттік оқу пәні бойынша берілетін білімнің болашақ даму мүмкіндігі жөнінде оқушыларға бағыт-бағдар беру үшін де қажет.
Осылардың ішінен әдебиеттік оқу пәні бойынша 4-сыныпта берілетін білімдер жүйесімен және келесі сыныптарда әр тақырыптар бойынша берілетін білімнің даму мүмкіндігі мен сабақтас, мазмұндас келетін деректерді оқушылардың өздігінен саралап, іріктеп таңдай білу үшін де оқушыларға әдебиеттен берілетін білімнің мазмұны жөнінде бағыт-бағдар беріп отыруы орынды.