Ж. Аймауытов жалпы дидактика барлық пәндерге



бет2/2
Дата17.04.2023
өлшемі54,85 Kb.
#83472
1   2
Сонымен, әдебиеттік оқуда ғылыми принципке қойылатын талаптар:
1/ әдеби шығармаларды талдауда әдебиеттану ғылымының теориялық қағидаларын басшылыққа алу;
2/ ғылыми-танымдық әдіс пен оқыту әдісінің сабақтастығын ескерту;
3/ әдеби шығармаларға талдау жасауда оқушыларға әдебиеттану ғылымын зерттеудің әдіс-тәсілдерін үйрету.
4/ ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығын тарихи-деректі сипатта баяндау;
5/ оқушыларға әдебиеттік оқу пәні бойынша берілетін ғылыми білімнің болашақ даму мүмкіндігін ескеру, ол жөнінде оқушыларға бағыт-бағдар беріп отыру.
Бұл жұмыстар оқушылардың ұғым-түсінігіне сәйкестендіріле жүргізіледі. Яғни оқытудың ғылыми принципі оқушының жас және жеке ерекшеліктерін ескеру принципімен тығыз байланысты.
Әдебиеттік оқу әдістемесінің жалпы сипаттамасы.
Әдебиеттік оқу әдістемесі – педагогикалық ғылымдардың саласына жататын ғылыми пән. Нысаны – мектепте әдебиеттік оқу сабақтары кезінде мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынасы болып табылады, ол педагогика ғылымы теориясының жалпы қағида ережелеріне сүйенеді. Бірақ әдебиеттік оқу әдістемесі педагогика сияқты мектеп, оқу-тәрбие мәселелерін тұтас алып қарастырмайды, тек көркем әдебиетті оқып үйрену негізінде оқушыларға берілетін білім мен тәрбие мәселелерін ғана өз шеңберінде алып баяндайды, — деп жазды көрнекті әдіскер-ғалым А.Көшімбаев. Бұдан әдебиет әдістемесі мен жалпы педагогика ғылымының өзара байланыста болатынын көреміз. Кезінде әдістеменің қолданбалы ғылым екендігін және ол жалпы дидактиканы негізге ала отырып, алуан түрге ене алатынын көрнекті педагог Ж.Аймауытов айқындап айтқан.
Ж.Аймауытов жалпы дидактика барлық пәндерге тиісті оқытудың жалпы заңдары, жолдары, оқытуға қатысты мәселелер туралы сөз ететіні, ал жеке әдістеме дидактиканың жалпы ережелерін тек пәндерді оқытқанда, қалай жинастыру, қандай әдіс қолдану туралы баяндайтынын айтады. Ол сабақ беру үйреншікті жай шеберлік еместігін, ол үнемі жетілдіруді қажет ететін үнемі жаңалық табатын өнер, — деп бағалайды.
Қазақ тілін, әдебиетті оқыту әдістемесі ғылымының тарихында А.Байтұрсынұлының көшбасшы болғаны белгілі. Ол оқудың негізі білімді өз бетінше алу екенін айтқан пікірлері әлі күнге дейін өзінің мәнін жойған жоқ. Бұл пікір педагогиканың өзекті мәселесі болып отырған оқушының өз әрекетіндегі субъектілік қызметін арттыру міндетіне сай келеді. А.Байтұрсынұлы өзінің 1928 жылы Қызылорда қаласында басылып шыққан «Тіл жұмсар» атты әдістемелік еңбегінде:«Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі – өздігінен алатын … білімнің ұзақ жолы үшін … балаға жұмысты әліне шағындап беру мен бетін белгіленген мақсатқа қарай түзеп отыру», — деп жазған. Оның бұл ойы бүгінгі қазақ әдебиеті әдістемесінің де негізіне жатады деуге болады. Баланың білімді өздігінен алатын жолдарын анықтау – әдістеменің басты міндеті мен қызметі екені сөзсіз. Бұл мәселелер А.Байтұрсынұлының «Баяншы», «Әлиф-ба астары» сияқты жекеленген әдістемелік еңбектерінде де айтылған. Әдіскер ғалым ретінде А.Байтұрсынұлы бастаған істі әрі қарай дамытушылардың бірі Мағжан Жұмабаев баланы әдебиетпен таныстыруға аса үлкен мән берген. Ол жұмыстың жүзеге асырылуын бастауыш мектептен бастап мұқият дайындау керек деп танып, өзінің «Бастауыш мектептегі ана тілі» атты белгілі әдістемелік еңбегін жазды. Онда М.Жұмабаев әдіскер-ғалым ретінде төрт жылдық бастауыш мектептің әр жылына сәйкес ана тілі бойынша бала тілін дамыту үшін жаттығулар жүйесін жасап ұсынған.
Аса көрнекті әдіскер-ғалым М.А. Рыбникова «Әдістеме» дегеніміз – уақытты үнемдей білу. Оқушы үшін жігерін ақылмен жұмсау, оқу материалынан негізгі және басты мәселелерді таба білу, сыныптың еңбегін ұйымдастыру шеберлігі, оқушылардың әр түрлі жеке әрекеттеріне ықпал етуді алдын-ала ұйымдастыру»,-деп әдістеме ғылымына анықтама береді. Әдістеменің жалпы құрылымы жайында В.В.Голубков былай дейді: «Қай пән бойынша болмасын барлық әдістеме оқытушы жұмысының ұсынымдарын, материалдарын және әдістерін құрастырумен өзара ұқсас, сондай-ақ олар не үшін, нені және қалай деген үш негізгі сұрақтарға жауап береді.
Әдебиеттік оқу әдістемесінің қамтитын аймағы мектептегі әдебиеттік оқу пәні сабақтары мен әдебиеттік оқуға байланысты сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстар және базистік оқу жоспарының инвариантты бөлігінен берілетін таңдау курстарында жүргізілетін әдебиеттік оқу сабақтарында мұғалім мен оқушының оқу-тәрбие ісінде өзара қарым-қатынасы болып табылады. Сөз өнерін, көркем әдебиеттің өзін әдебиет тарихы мен әдебиеттану ғылымында белгілі дәрежеде оқып үйрену негізінде оқушыларға әдеби білім, адамгершілік, ізгілік,имандылық, тәрбие беру мен білім-білік дағдыларын қалыптастыру заңдылықтарын ашу – оның қарастыратын басты мәселесі.
Әдебиеттік оқу пәні жеке тұлғаның, адамның рухани әлемін, оның адамгершілігін, ойлауын, көңіл-күй сезімін, тілін, шығармашылық әрекет бастауларын қалыптастыруда ерекше орын алады.
Әдістеменің даму тарихында, қалыптасу үрдісінде әдеби білім беру негізгі қағида болып табылатын оқу бағдарламалары мен оқулықтар жасау мәселелері, әдебиеттік оқу сабағын оқытуды жетілдіру сияқты мәселелер әдебиеттік оқу пәні құрылымын құрайды.
Әдебиеттік оқу пәні оқушы бойында биік эстетикалық талғамды дамытуды, өнер туындысындағы, табиғаттағы, адамдар қарым-қатынасындағы үйлесім мен әсемдікті танып ұға білуге, дұрыс бағалауға, әсерленуге, терең пайымдауға үйретеді, сонымен бірге ол көркем әдебиетке деген сүйіспеншілікті, ынта-ықыласты оята отырып, оқырман мәдениетін қалыптастырады.
Әдебиеттік оқу пәні оқушыны өнер туындысын тануда қажетті біліммен, біліктілік дағдылармен қаруландырып, онда көркем бейнені қабылдауға қажетті сезім сергектігін, шығарманы мазмұн мен түр бірлігінде, көркемдік тұтастыққа қабылдай білуді; шығармада кескінделген мінездер сырын, шығарма идеясын, жаазушы позициясын шығарма арқауына сүйене отырып ашуды; өзіндік ой толғамында дербестік, идеялық-көркемдік құндылығы жоғары туындыларды ғана қалайтын талғампаздықты, көркем туындыларды салыстыра отырып, қарастыра алу біліктерін қалыптастыруды көздейді.
Осы негізде мектептегі әдебиетік оқу пәні жеке тұлғаның үйлесімді дамуына қызмет атқаратын негізгі эстетикалық пән деген тұжырымға келеміз. Қоғамның және мәдениеттің даму өзгерістеріне сай әдебиет пәнінің бағдарламалары, оқулықтармен қатар оны оқыту әдістемелігі де жетілдіріліп отырады және ол қалыптасқан отандық әрі әлемдік тәжірибеге негізделеді.
Эстетикалық тәрбие беруге көзқарас пен таным ынтымақтастыққа, бірлікке, еркіндікке, адалдыққа, шыншылдыққа, патриоттылыққа, мейірімділікке, кішіпейілдікке тәрбиелейді. Эстетикалық сезім мен қабылдауда қазақ ақындық өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдарының мазмұндық ерекшеліктері туған ел, туған жер, атамекен, атақоныс, жер-су, мәңгілік пен бүгінгілік, тағдыр, т.б. ұғымдарды қалыптастыратынын ұғып-түсінеді. Эстетикалық баға беру мен пайымдау ақындық өнерінің тарихи даму ерекшеліктерінен білімін меңгертуде жас жеткіншектердің ақыл-ойын, рухани дүниетанымын, бабалар мұрасына деген қызығуын арттырады. Эстетикалық белсенділік өздігінен ізденуге жол ашады, ақындық өнер өлең шығаруға, білуге, олар қоршаған орта табиғат құбылыстарын абстрактілі бейнелей білуге, бабалар мұрасын ұрпақтар мұратына айналдыруға өз үлесін қосуға талпынады[,22б].
Демек, эстетикалық тәрбие үрдісінде ақындық өнерді пайдалану ақыл-парасаттылық (рационалды) және сезім (эмоциалды) элементтерінің өзара байланысын қалыптастырады. Педагогикада бұл мәселені шешуде адам ақыл-ой мен адамгершілігінің әсемдікке бой ұруы және эстетикалық сезімдерінің өзара байланыста екендігін негізге алады.
Бұл болашақ ұстаздардың кәсіби даярлығына ерекше талаптар қойып, оның психологиялық және педагогикалық жолдарын зерттеуді алға қояды.
1. Өнер арқылы қоршаған орта, табиғат сұлулығынан ләззат алу, оны сезінуге, шын көркемдіктен жалған көркемдікті ажырата білуге, яғни сұлулықты қабылдауға, түсінуге талпындырады, жеке тұлғаның дүниетанымын қалыптастырады.
2. Эстетикалық тәрбие беруде ақындық өнердің кеңістік пен уақыт тұрғысынан танымдық – тәрбиелік маңызын және болашақ мұғалімдерді осы игі істерге баулу, сөз жоқ, бүгінгі педагогикалық білімді ізгілендіріп, жаңа сапаға көтереді.
Балалардың жан-жақты дамып жетлуіне атақты ойшылдар мен ақын – жыраулардың шығармашылығында орын алған педагогикалық идеялар үлкен септігін тигізді.
Осыған байланысты жерлесіміз І. Жансүгіров шығармаларындағы эстетикалық тәрбиеге қысқаша тоқталайық.
І.Жансүгіров шығармаларындағы эстетикалық тәрбие". Ақын, жазушы, қайраткер, азамат Ілиястың бейнесін әдебиетімізде өз дәрежесінде жасап, оның бүкіл творчествосын, асқақ поэзиясын, шалқар прозасын, драматургиясын жан-жақты қарастырып жатқаны мәлім.
Сонымен қатар, "Өнерді жан-тәнімен түсініп, күй құдіретін тіл күшімен жеткізіп, таңдандыра білген композитор Ілиястың эстетикалық көзқарасы қаңдай?"-деген сұрақ тууы мүмкін.
Ұлы ақын – қазақтың талантты ақыны, көркемдік ізденісі дараланып тұрған ұлы тұлға. Ал оның жастарға эстетикалық тәрбие беру жанрындағы техникасы қазақтың ұлттық ою-өрнегін жалғастырып қана коймай, жаңғыртып отырады. Ақынның әр өлеңінің әр тақырыбынан әрдайым қазақ халқының ұшы-қиыры жоқ мол да бай дәстүрінен саналықпен, білгірлікпен нәр алатындығы анық байқалады. Оның әр шығармасымен танысқан кезде шығыс және батыс елдерінің фольклорына жүйелі жүгінетінін айқын аңғара аласың. Сонымен қатар, ақынның асқақ поэзиясындағы азаматтың өз дауысынан халық тарихын терең билетіндігі өзінің маржан жыршыларымен көркем тізілген. Бұдан ақынның әнге де, биге де бейім екендігін, өзі домбыра шертіп, қоңыр дауысымен ән салып талай тыңдаушыларын тамсамдырып, таң калдырғанын, сөйтіп бар өнерін халқына, ел-жұртына, туған даласына арнағанын білеміз[2,12б].
Сол дала перзенті ақын Ілияс айтқандай:
Жүрегім жырым сенікі,
Кеңісті далам, кең далам.
Тудым, өстім, есейдім,
Ен далам-анам, мен-балаң, -
деп ағынан жарылады. Ақын шығармаларының осындай өткірлігіне қарай отырып, ондағы эстетикалық тәрбие берудегі маңызды жағы қайсысы десек, ол ақын жыраулар мұрасын зерттеу ісіне оны халық арасына кеңінен танымал етуінде дер едік.
Жыр дүлдүлінің еңбектерінен қазақ халқының рухани мәдени тарихында көрнекті орын алатын ақын жырлардың болмысы, өнерпаздық табиғаты, сегіз қырлы, бір сырлы жаратылысы бір басында бірнеше өнердің тұтасып, түйіскендігі сияқты қасиеттердің бірлестік тапқандығы шебер баяндалады.
Халықтың поэзиялық-музыкалық мәдениеті байырғы сақтаушылары мен таратушыларын бірнеше түрге жіктеп, олардың бір-бірінен айырмашылығын, ортақ сипаттарын білгірлікпен әңгімелейді. Атап айтсақ, ақын импровизатор, жырау, жыршы, әнші ақындар және өлеңшілер деген ұғым-түсініктердің табиғатын шығу төркінінен - мағынасын терең ашып, талдап береді. Ақындық мектеп пен дәстүрге ақындық қасиет қабілеттің қону, даму, өрістің, кемелдің жолдарына шығармашылық құпияларына тоқталады. Дәл осы орайда құдіретті ақынның романдары мен пьессалары, фельетондары жайлы тоқталмай-ақ, қазақтың ән-жырларын, күйлерін қалай жинақтап, театр жұмысын қалай жандандыру керек сияқты мақалалардың өзі қазіргі ұрпаққа таптырмайтын мұра десек те болады. Мысалы: " Қазак, күйлері жиналсын" деген мақалада мынандай жолдар бар: "Ел өнерінің бір түрі ән-күйді жинауға жаңадан аяқсалдық, оның алғашқы адамы - Затаевич. Затаевич қолында жаңа басылған "1000 әннен" басқа бірнеше жүздеген ән жинағы, күй жинағы бар көрінеді. Затаевичтің қолына түскен ән-күй үлкен қазынадан өңдеген қазына",-дей келіп, оның Семей, Қарқаралыға барып "Қосбаслар", "Абылайдың қара жорғасы", "Боз айғыр", "Аққу", "Ақ боран", "Асан қайғы", "Бес төре", "Сары өзен", "Шал-кемпір", "Теріскақпай" және басқа да күйлерді алып қайтқанына тоқталады, Сонымен бірге, біздің елде ертеректе Тойтан деген бір шал қырық күй тартады екен. Ол күйлердің бұл күнде біреуін ешкім білмейді. Тек күй аттарын аңыз қылатын көрінеді. Сөйтіп Тойтан өмірі 40 күйді ала кетіп отыр - дейді. Сондай-ақ осы мақаласында Жетісудың Талдыкорған уезінің Ақсу болысындағы домбырашылардың: Нұрсипа, Егеубай, Молықбай т.б. тартатын күйлері мыналар: "Ақ көбек", "Қара көбек", „Қазан қаласын шапқандағы күй”, „Мәдіген Шара”, „Барақ”, „Ала байрақ”, „Қара жорға”, „Шыңырау”, „Тепеңкөк”, „Құдіреттің құсы”, "Дүлдүлдің жүрісі", "Абай қоңыр" және бұдан басқа да көптеген күйлерді тізген. Мұның сыртында басқа да күйшілердің есімдерін атап, олардың қандай күйлерді орындайтынын да жазып берген[3,23б].
Ақынның "Театр туралы", „Ән әншілер жайында" деген мақаласында да төлім-тәрбие аларлық көптеген ой-тұжырымдар айтылған. Мысалы "Біздің әніміз елдікі дедік , ал ел қайдан алған? Қамыстан шыққан ба? Ұста алған ба? Осы толып жатқан әннің шығарушысы кім? -дегендерге келсек, әнді әнші-серілер шығарған. Әнші-сері сол елдің ішіндегі адамдар; Бірақ, әңгіме әннің шығуында болады",- дейді. Мысалы Бұхар жырау әнін толғау ырғағында, жұмбақтауға, ханға, биге, батырға арналған түйткілді сұрау тастау ырғағына салса, Асан-Қайғы ашықтан - ашық зарлау, қоныс іздеу, дағдару, безілдеу сарынмен кетсе, қу тілді ақын құлдың әнін мақалдау, ақырын ыбыр, шымшылау келеді,-десе, Біржан, Ахан, Әсет, Мұхит, Шолақ, Жарылғап, Берлі, Ғазиз, Ыбырай, Жаяу Мұсалардың әңдерінің бір-бірінен бөлек екендігін айтады.
Міне, осыған байланысты қазіргі шығып жатқан ән-жырларымызға, күйшілерімізге, шаңырағы құлап қалған көптеген халық театрының мүшкіл халдеріне ақынның көзімен карасақ бәлкім басқаша болар ма еді.
Енді ұлы ақынның қазіргі мектеп оқушыларынан бастап жоғары оқу орындарында әлі де оқытылып келе жатқан атақты "Құлагер" поэмасына сәл ғана құлақ түрсек:
Көзіңнен айналайын тостағандай,
Қияр-ем сені неғып тастағанға-ай.
Басыңды неге итке иіскетейін,
Ерте-кеш құшақтамай жас баламдай,
Құлагер, қош-қош атып, жолдасым-ай.
Мен білдім түнесем де тұрмасыңды-ай.
Тигізбей топыраққа жоғары іліп,
Сақтармын өле-өлгенше қу басыңды-ай.
Соны айтып Құлагердің басын кесті,
Көрген жан: „Қайтейін шіркін асыл!”-десті.
Достары „Қайран ер-ай, обал-ай” -лап,
Қатары сол сиымен барсын!” – депті.
деген жолдар кім- кімді болса да күңірейтпей қоймас. Ал, осы бір ана, поэманың жүйесі бойынша кино да түсірілді. Сөйтіп поэзия мен киноның үндестігінің өзінен ақын аруағына табынбай көріңіз. Тек кино ғана емес-ау, Жансугіров шығармаларындағы өлеңдердің арасында әнге сұранып тұрғандары қаншама? Оған да мысал келтірсек. Қазақ Республикасының халық әртісі Дәнеш Рақышевтің Ілияс ақынның "Домбыра" өлеңіне ән шығарғаны әркімге белгілі. Бұдан басқа ақын ағаның "Күйші", „Көбік шашқан", "Исатай" поэмалары да күллі оқырман қауымның жүрегінен жол тауып, оның өзі эстетикалық,тәлім-тәрбие алуға, өмірді олармен өрнектеуге бастап отырған жоқ па? Қорыта келгенде, ақын ағамыз өзінің артына:
Ағынды менің Ақсуым,
Аңырап әлі ағасың.
Ақыланған ашумен,
Ақтарды асқар елбасын,
Тас тартуын, шапшуын,
Қарасаң қайран қаласың.
Жалғыз жазғы бір кеште,
Жағаладым жағасын,- деп,қасіретті жылдардың жазықсыз құрбаны болып, кейінгі ұрпағына осындай құдіретті, нөсерлі жырларын тәлім-тәрбие болсын деп тастап кеткен шығар деген ойға қаласың. Олай болса жастарға эстетикалық тәрбие беруде бай, есте қалар ақын жырларын өз салт-дәстүр өмірімізден кенже қалған жастарды сусындатып, оқытып, үйрете білсек одан ұтылмасымыз хақ[4,10б].
Жер жанаты Жетісуда дүниеге келген Ілияс Жансүгірұлының әдебиет әлемінде алатын орны өте үлкем және өзгеше, оның ақындық үнінен өрен талантының көздері ашылды.Ол халқының ән енері мен сөз өнерін сүйді, оларды жас, тебіренгіш жанымен беріле күйіттеді, бойлай зерттеді. Ақын өзінің қабілетін адебиеттің барлық жанрында керсетіп үлкен еңбек етті.Ол-саңылақ ақын, шебер жыршы, үлкен прозайк, драматург, сонымен бірге өткір сатираның уытты фельетондардың майталманы. Ащы күлкі, әзіл - оспақ, жеңіл юмор -Ілиястың шыгғармашылығына тоят берер, сүбелі жатқан бір қыры .Қазақ халқы- ақын халық "Түйеге мінгеннің төрт ауыз, атқа мінгеннің алты ауыз өлеңі бар"- дейді халқымыз. Кез-келген үлкен - кіші, әйел- еркек" ауылдың алты аузынан", "қонақ кәде", "жар-жар", "бет ашар", "той бастарды" қасиетті қара домбыраға қосылып термелей жөнеледі. Ақын, жыраулар таң бозарып атқанша елін қорғаған батырлар, хандар, билер, жөнінде және махаббат хикаясын шертіп, хисса- дастандар толғагған. Болашақ ақын ел ішіндегі жыршы мен жырауларды көкейіне тоқи берген:
Жас Ілияс кең даланың крі төсшде, арынды Ақсудың жағасында дүниеге жыр болып туды. Ол айлы кеште, үзақ түнде, салқын самадда отырып қонақ айтқан әңгімені, балалар айтысатын жұмбақ- жаңылтпашты, әжелердің ескіден қалған ескермесін, қыз бен жігіт сырласатын қара өлеңцерді, тағы басқа ел әдебиетін тыңдап, оларды жаттап өсті. Далада туып өскен, даладан еш уақытта қол үзбеген ақын Ақсу өзеңдерінің мөлдір суына балғын денесін шынықтыра жүріп ел ішіндегі шешсендер сөзін, шежірелерді, жырларды құйма құлағына құйып жүрді. Ілияс Жансүгірұлы Қазақстан жерінің бүгінгісін көрсету үшіноны Қазақстанның өткенімен салыстыра отырып жаңа даланы бейнеледі. "Дала" тақырыбындағы жазған өлеңдері сәтті де ұтымды беріледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет