Ж.Қ. Астамбаева, Г. И. Уәйісова, Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы: Алматы, 2010, 85 бет


ШЖБМ-ге арналған оқу-әдістемелік және басқа оқыту құралдарына сипаттама



бет4/42
Дата26.06.2022
өлшемі3,32 Mb.
#37308
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
Skbm

ШЖБМ-ге арналған оқу-әдістемелік және басқа оқыту құралдарына сипаттама
Оқыту құралдары – оқытудың біртұтас әдістемелік жүйесінің бір компоненті (оқытудың мақсаты, мазмұны, ұйымдастыру формалары, әдістері, принциптері сияқты).
Оқыту құралдары заттар мен құбылыстардың жиынтығы (В.Е.Гмурман, Ф.Ф.Королев), белгілер (модельдер), амалдар (П.Р.Атутов, И.С.Якиманская), сондай-ақ тікелей оқу-тәрбие үдерісіне қатысушы, жаңа білімді меңгеруді қамтамасыз етуші және ойлау қабілеттерін дамытушы (Г.С.Костюк, А.Р.Лурия, М.Н.Скаткин) сөз деп түсінеміз. Оқыту құралдары – бұл ақпарат алу тіреккөздері, бұл әр түрлі модельдердің жиынтығы деуге болады.
Оқыту құралдарын табиғаты әр түрлі модельдердің жиынтығы ретінде қарастыруға болады, ал әрбір модель, біріншіден, оқытылатын ұғымдарды толығымен немесе ішінара ауыстырады; екіншіден, оқытылатын ұғым жөнінде жаңа мәліметтер береді
Оқытылатын материалдардың берілуіне байланысты модельдер заттай-материалдық (иллюстрациялық) және идеалдық (ойлау) болып бөлінеді.
Заттай-материалдық (иллюстрациялық) өз ретінде физикалық, заттай-математикалық (тура және тура емес үйлесімділік) және кеңістіктік, уақыттық т.б. болып бөлінеді. Ал идеалдық модель образдық және логикалық-заттай (баяндау моделі, аналогия моделі) болады.
Заттай-материалдық (иллюстрациялық) моделін біріктірген оқыту құралдарына приборларды, кестелерді, диапозитивтер, диафильмдер т.б. жатқызуға болады. Ал идеалдық модельден тұратын оқыту құралдарына бағдарламалар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, оқу құралдары, әдістемелік мақалалар, мұғалімге арналған көмекші құралдар т.б. жатқызуға болады.
Оқыту үдерісінің екі жақты үдеріс екенін ескере отырып, А.П.Усова педагог пен баланың әрекетін бөле көрсетіп, оқыту құралдарын жіктемелеудің өзіндік нұсқасын ұсынады. Осыған орай, ол дидактикалық құралдарды екі топқа бөледі. Құралдардың бірінші тобы педагогтың іс-әрекетін қамтамасыз етеді және ересек адамның оқытуды негізінен сөздің көмегімен жүзеге асыратынын сипаттайды. Оқытудың екінші тобында оқытуға әсере ететін құралдар етіліп, дидактикалық материалдар мен дидактикалық ойында ерекшеленеді, олар өз кезегінде білім беру міндеттерін, яғни көрнекілік пен баланың ондағы практикалық әрекетін ескере отырып құрылады.
Шағын жинақты бастауыш мектептерді көрнекі құралдармен жабдықтау ісінде үлкен табыстарға қол жеткізген, өз тәжірибелерін жинақтап, тарата білген үздік мұғалімдер – Ы.Құсайынов пен Б.Құсайыновалар болды. Олардың мектепті көрнекі құралдармен және оқушыларға таратып беретін дидактикалық материалдармен жабдықтау жөніндегі іс-тәжірибелері аудандық, облыстық, республикалық және сол кездегі Кеңес Одағы көлеміндегі газет-журналдарда жарияланып тұрды. Құсайыновтардың іс-тәжрибелерін таныстыратын кең ауқымды экспозиция Мәскеудегі ХШЖ-нің (ВДНХ) «Халық ағарту» павильонына көрмеге жіберілді. Осындай табыстары үшін кезінде Ы.Құсайынов алтын медальмен, Б.Құсайынова қола медальмен марапатталған болатын. Кейін олардың озық іс-тәжірибесі жеке кітапша болып 1970 жылы «Аз комплектілі қазақ мектебі» деген атпен басылып шықты. Бұл еңбек – мұғалімдер үшін өте қажетті және таптырмас көмекші құрал. Шағын жинақты бастауыш мектеп мұғалімдері Құсайыновтар ойлап тапқан жиналмалы тақтаны (универсальная доска), сондай-ақ сызба-кестелерді, дидактикалық карточкаларды, лотолар мен грамматикалық ойындарды өз жұмыстарына еркін пайдалана алады.
А.П.Усова ұсынған дидактикалық құралдардың жіктемесі М.А.Данилов, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткиннің құралдарына сәйкес келеді. Бұл ғалымдар оқыту құралдары ақпаратты беру ненің – сөздің, көрнекіліктің, практикалық әрекеттің көмегімен қамтамасыз ету деп түсінеді.

Оқу-әдістемелік құралдарға оқу-әдістемелік топтама (ОӘТ) құрамына енетін мына құралдар жатады:

  1. Бағдарлама (1-4 сыныптар);

  2. Оқулықтар (1-4 сыныптар);

  3. Қазақ тілін оқыту әдістемесі (2-4 сыныптар)

  4. Математикадан дидактикалық материалдар (1-4сыныптар);

  5. Математиканы оқыту әдістемесі (мұғалімдерге арналған көмекші құрал (1-4 сыныптар);

  6. №1 және №2 - математика дәптерлері (1сынып);

  7. Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар (1-2 сыныптар)

  8. Бастауыш математика курсындағы шығармашылық жаттығулар: оларды орындау технологиясы (1-4 сыныптар);

ШЖБМ оқу үдерісінің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес мектеп оқушыларына арналған оқыту құралдарына нақты талаптар қойылады.
Оқу құралдарының әдістемелік аппараты алдымен онда кіші мектеп жасындағы оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастырып қана қоймай, сонымен бірге, жабдықтар да, оқу құралдары да оқушының өз бетімен жұмысын басқаруға септігін тигізуі керек.
Мұғалімдер, әдіскерлер және ғалымдар ШЖМ-ке арналған оқу құралдарын дайындау жөнінде әр түрлі пікірлер айтуда. Ол құралдар мектеп ерекшелігіне сай бір оқу бөлмесінде бірнеше сыныппен жұмыс істеп отырған мұғалімдердің оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына септігін тигізуі тиіс. Онда ең алдымен баспадан шыққан оқулық пен дәптер қажет. Одан басқа сынып-комплектінің барлық балаларын қамтитындай, сабаққа тартуға арналған санау материалдары бар қосымша, кестелер, ауызша есептеу мен математикалық диктанттың баспаға түсірілген түрі, санау материалдары, есепті шешуге үйретуге арналған графопроектордың транспоранты.
1964 жылы В.П.Стрезикозиннің басшылығымен ШЖБМ-нің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес жасалған комплекс құралдарының тиімділігін анықтауға арналған жұмыстар ұйымдастырылып, әр түрлі үлгілері жасала бастады. 1970 жылдан Г.Ф.Суворованың басшылығымен ауыл мектептеріндегі оқу пәндерін оқытып-үйрету мәселелері жөнінде зертхана қызметкерлері жұмысты жалғастырды.
Қазіргі кезде ШЖБМ-ке арналған әдістемелік жиынтыққа енетін бірнеше құралдар дайындалған. 1987 жылы ШЖМ мұғалімдерінің жұмыс орны – стенка-шкаф шығарылған, онда жылжымалы сынып тақтасы, экран, барлық оқу жабдықтарын сақтайтын заттар, қарапайым техникалық оқу құралдарын қоятын мұғалім үстелі бар.
Сынып-кабинетті әдістемелік жабдықтауға да баса назар аударылуда. Әдістемелік жабдықтауға мыналар кіреді: оқушыларға арналған дидактикалық материалдар, аудио-визуалдық және техникалық оқыту құралдарын сабақта оқушылардың өз бетімен қолдануы жайлы мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулар, сынып-комплектімен жұмыс істеуге арналған әрбір пән бойынша тақырыптық жоспарлар.
Бұлармен қоса, арнайы ШЖМ-ке арналған құрал-жабдықтар бар:

  1. Қарапайым лингофондық құрылыс, бір сынып оқушыларымен мұғалім жұмыс істеп жатқанда, екінші сынып оқушыларының өз бетімен жұмысын ұйымдастыруда кеңінен қолданылады.

  2. Шахтылы (шахтный) экран, жарықта қолдануға болатын экран, яғни оларды қолдану кезінде бөлмені қараңғылау қажет емес.

  3. Әр түрлі перфокарталар, планшеттер, блок-сигналдар; олар оқушылардың білімдерін тиянақтау, бекіту, тексеру, есепке алу кезінде, сондай-ақ оқу үдерісінің барлық кезеңдерінде қолданылады.

Практика көрсеткендей, қалыпты мектептерде қолданылатын оқыту, көрнекі құралдарды, жабдықтарды ШЖБМ ерекшеліктеріне сәйкестендіре қолдануға болады. Мысалы, сынып тақтасы, қалталы полотно (өз бетімен жұмысты ұйымдастыруға болады), карточкалар (мұнда фланелограф не магниттік тақтаға көлемі мен мазмұны әр түрлі тапсырмалар беріледі), тәжірибелер жасау және ірі көрнекі құралдарды пайдалану үшін астына қойылатын (подставка) заттар.
Сабақта үнемі пайдалану үшін суреттер, кестелер, плакаттар алдын-ала ілініп, беті жабылады.
Көптеген мұғалімдер диафильм және эпифильмдермен жұмыс істеу кезінде отырған оқушылардың бойына қарай сынып бөлмесін шымылдықпен бөлуді пайдаланып жүр.
ШЖБМ-те қалыпты мектептерге арналған оқу құралдарын қолданатындықтан, аталмыш мектептердің өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, типтік оқыту құралдарын толықтырып, сәйкестендіріп, мүмкін болса, күнтізбелік жоспарды сынып-комплектінің ыңғайына қарай қайтадан жасауға, өңдеуге болады.
ШЖБМ мұғаліміне баспадан шыққан не қолмен плакатқа түсірілген жазба көрнекі құралдары қажет. Оқушылар кестемен жұмыс жүргізу кезінде оларға арналған ескертулер, нұсқаулар жазылған көрнекі-көрсету кестелері, дәптер-блокноттар, анықтама материалдар, оқушының өз бетімен қорытындылауына үйрету мақсатында берілетін баспаға түсірілген ережелер жан-жақты қолданылады. Ал ол кестелерде тек орындауға арналған жаттығулар ған емес, нақты тапсырма мен оны орындау үлгісі де берілуі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет