Қабылан – аңдардың ішіндегі ең жүйрігі. Негізгі мекені шөл дала мен саванна. Қабылан жемін қуып жетіп ұстайды. Ерекшелігі мысықтарша тырнағын ішке жиып ала алмайды. Оның дене тұрқы – 130 см, құйрығының ұзындығы – 75 см, арландарында шағын жал болады.
Бұдан ерте кездерде қалың ну орманда аңдарға арналған автобус жүріп тұрыпты. Оның шофері Қоңыр Аю екен. Ол әр кез таңертең орманның бір шетіндегі кәрі еменнің түбіне келіп тоқтайтын көрінеді. Со арада жиналған аңдарды мінгізіп алып, орманның ішіндегі баратын жерлеріне тасып жүріпті.