Ж. Баласағұнидың «Құтты білік» шығармасындағы кейіпкерлердің образы


Айтолды-Данышпан,адал,шыдамды,шыншыл



бет2/2
Дата10.11.2022
өлшемі2,87 Mb.
#49139
1   2

Айтолды-Данышпан,адал,шыдамды,шыншыл,

  • Айтолды-Данышпан,адал,шыдамды,шыншыл,
  • Күнтуды-құдіретті,әділ,
  • Өгділміш-білгір,адамгершілігі мол,іскер.
  • Одғұрмыш-дана-дәуріш,ақылы көл-көсір.

Күнтуды хан деп бастадым сөзімді,
Соның жөнін айтайын деп ей, ізгі!
Айтолдыны жыр еттім — мархаббатты,
Нұрын төккен бақыттың, шапағаттың .
Бұл Күнтуды — түп-түзу заңның өзі,
Ал Айтолды — бақыт һəм құттың көзі.
Заты — Ақыл, бастайтын ұлылыққа,
Аты Өгдүлміш сөйледім мұны жұртқа.
Одғұрмышты сөз еттім тағы да мен,
Ақыбет* деп ат қойдым мағынамен.
Тіліме төрт нəрсені тиек еттім,
Көз ашылар, көңіліңе түйе кеткін.
Данышпан бек бар еді жаһан басы,
Жасады ұзақ, жасарды ғалам жасы.
Ол — Күнтуды əлемге аты мəлім,
Даңқы мəлім, құты мен заты мəлім.
Құлқы түзу, жаны мəрт өмірі ұдай,
Көзі қарақты, сөзі шын, көңілі бай.
Білікті бек, ойы ұшқыр, ғадал еді,
Жаманға — өрт, жауына тажал еді.
Жəне жайсаң, мейірімді асқақ ер-ді,
Атаң-даңқы күн сайын асқан ер-ді.
Білімді бек қадірлі құлығымен,
Тірлік етті жарасты қылығымен.
Айтолды атты бар еді бір ер кісі,
Даңқын естіп, келді елбасын көргісі.
Жігіт еді жаны жомарт, жұғымды,
Көңілі зерек, ақылды, ойлы, ұғымды.
Көрікті еді, көз қарығар түрінен,
Сөзі майда, шындық тамған тілінен.
Күллі өнердің бəрін түгел үйреніп,
Жүрген ер-ді өнерді еркін игеріп.
Айтолды
Күнтуды
«Құтты білік» түрік елінің ел болу жолындағы қоғамтану, елтану дастаны десе де сияды. Көркемдігі кемел, ойы зерек, тұғыры берік ақылман трактаттың қазақ жерінде жазылуының өзі, осы өңірді мекендеген жұрттың құпия да қастерлі жазуы болғандығының өзі көп жайды меңзесе керек.
Сонымен қатар, «Құтты білік» шығармасында биліктің тек адамгершілік және имандылықпен санасқанда ғана абыройлы болатынын дәлелдеген және сол жолға апаратыны көрсетілген. Осы «Құтты білік» шығармасы туралы А.Кононов былай дейді: «Өзінің насихаттық уағыздық мәтелдерінде Жүсіп ойдан шығарылмаған, нақты өмірден алынған өмірдің жарқын шынайы бейнелерін берді».
Қорыта келе, Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» еңбегі ислам дінінің бар қағидаларына сай келеді. «Құтадғу білік» шығармасы адамдарды адамгершілікке, әдептілікке және имандылыққа шақырады. Әр адам Баласағұнның бұл шығармасын оқуға міндетті деп білемін.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР
  • Əуезов М. Шығармалар. Он екі томдық. Алматы: Жазушы, 1969. 11-т
  • Келімбетов Н. Қазақ əдебиетінің ежелгі дəуірі. Алматы: Мектеп, 1986. История всемирной литературы. М.: Наука, 1985. Т.2.
  • Жүсіп Баласағұн. Құтты білік (Ауд. А.Қ.Егеубаев). Пекин: Ұлттар, 1989.
  • https://kk.m.wikipedia.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет