3-тапсырма: Төмендегі берілген мәтінен орыс тілінен енген сөздерді
тауып, олардың қандай мақсатта қолданып және қалай жасалып
тұрғандығын түсіндіріңіз. 1. ...Сіз білмейсіз ғой... – деп жолдасым қаракерді шаужайлап қатарласты. Сіз білмейсіз ғой... бізбен ағайын, жасы менімен түйдей құрдас Әбдірахман деген болды. Жасында болыстың үйінде бұзау бағып өсіпті. Ол уақытта болыстың үйінде ауылнай болатын. Балалармен араласып жүріп учительден оқып, төрт жылдан соң школды бітіріп шығыпты. Әбдірахман өзі айтатын: күндіз қозы мен бұзау бағам, кешке келгенімде учитель бір шын мұсылман жігіт еді, «байлардың балаларынан да маған сенің оқығаның керек қой» деп түннің бір талайына дейін оқытушы еді. Ақырында сол учительді тырысуының арқасында школды бітірдім... Менің учительге өтеп бітіре алмастық борышым бар еді, – деді. Әбдірахманның әкесі өте кедей болған адам. Ауылнай школынан шыққан соң да, Әбдірахман малайлықтан құтыла алмады. Ақырында, он екі-он үштегі шамасы болса керек, тұрған байынан қашып дуанға барып, бір ноғайға жаз қызметке тұрып, қыс оқуға кірді. Бір екі жылға шейін жаз жалданумен болды. Берірек келген соң жаз байларда орысша бала оқытты. Ақырында әйтеуір школды бітіріп шықты. Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
96
Әбдірахман школды бітіргенде дабысы жер жарды. Өте зерек болған ғой, учительдерді де мақтаса керек. Дуандағы нәшәндік «тілмаш» бол деп өтінген екен, болмай елге келді. Нақ сол кезде болыстың песірі өліп песірсіз тұр еді. Әбдірахманға песір бол деп жабысты, оған да болмады. Жамантік болысындағы бір байдың школына барып бала оқытты. Содан бері қыс сонда бала оқытып, жаз елде болады. Сол жылы үйеннің бас кезінде келіп еді. Содан бері Әбдірахманды көргенім. Маған: «Маған көріспейсің бе» деп қалжыңдады. Әзілдесіп үйге кірдік. Төр алдында Қажыбай әңгімені көселтіп отыр екен, бізді көрген соң жым болды (Б.Майлин «Шұғаның белгісі»).
2. ...Ауылға өкіл келіп, «Шоқтал» басындағы ауылдың жалпы жиылысын шақырды. Ауыл болғанмен жиырмаға жетпейтін үй ғой, қанша адамы бар, бәрі Сартайдың үйіне жиналды. Әйелдер де қалмай келсін деп айтады деген соң, Айша да барды. Сартайдың үйі аузы-мұрнынан шығып отыр екен. ...Мал қосу, малды ортаға салу дегенге Айша шыны түсінген жоқ. Түсінбегені – өкілдің баяндамасын дұрыс тыңдамағаны еді. Менің сұрауым бар, – деді Жаман, – ал біз кәлектип болайық. Еншімізді де қосайық. Сонда үйімізді қайтеміз?... (Б.Майлин «Қара шелек»).