Ж. Д. Рапишева, Е. Е. ТҮйте, Ж. У. Есинбаева қазақ тілінің стилистикасы



Pdf көрінісі
бет2/44
Дата11.10.2022
өлшемі1,31 Mb.
#42318
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
Kazak tili stilistika

Пікір жазғандар
филология ғылымдарының докторы,
профессор А.С.Әділова; 
филология ғылымдарының докторы,
профессор Ш.Ш.Жалмаханов; 
филология ғылымдарының кандидаты, 
доцент Қ.З.Сембиев 
© Рапишева Ж.Д., Түйте Е.Е., Есинбаева Ж.У. 
© Қарағанды мемлекеттік университеті, 2011
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ



АЛҒЫ СӨЗ 
Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құрал қазақ тілінің 
теориялық және практикалық стилистикасы мәселелерін 
қамтиды. Жоғары оқу орнының «қазақ тілі мен әдебиеті» 
мамандығы студенттеріне арналған. Оқу материалдары 
студенттерді стилистика ғылымының теориялық негіздерімен 
таныстыру, қазақ әдеби тілінің стилистикалық құралдары, 
стильдік тармақтары туралы мағлұмат беру, оларды ажыратудың 
жолдарын көрсету, студенттерге стилистикалық норманы 
меңгерту, сөздердің, басқа да тілдік тұлғалардың қолданылуына 
қарай туындайтын мағыналық реңктерін, стильдік қырларын 
ажырата білуге үйрету мақсатына сай құрастырылған.
Оқу-әдістемелік құралда авторлар стилистика ғылымының 
пайда болу себептеріне, негізгі ұғым-категорияларына тоқтала 
отырып, оның даму кезеңдерін ғылыми айналымдағы 
зерттеулерді, түрлі мектептер мен бағыттар көзқарасын 
басшылыққа ала отырып жан-жақты көрсетеді. Қазақ тілінің 
стилистикалық 
құралдарын 
фоностилистика, 
лексика-
фразеологиялық стилистика, синтаксистік стилистика, сөзжасам 
стилистикасы, сөз таптары стилистикасы тұрғысынан жеке-жеке 
сипаттап, олардың түрлі функционалдық стильдерде қолданылу 
әлеуеті мен үлес салмағын саралап көрсетеді. Авторлар 
стилистика ғылымының диахронды және синхронды дамуын 
қазақ 
әдеби 
тілінің 
стилистикалық 
нормаларының 
қалыптасуымен, дамуымен, түрлі объективті жағдайларға орай 
өзгеруімен ұштастыра отырып, пәнаралық байланысқа құрған.
Жұмыстың екінші бөлімінде берілген практикалық 
тапсырмалар теориялық материалды бекітуге, пысықтауға 
бағытталған. Олар стилистикалық қателерге байланысты 
пысықтау жаттығулары және стиль түрлеріне байланысты 
пысықтау жаттығулары деп бөлінген. Бөлімнің соңында бірнеше 
нұсқаға негізделген өзін-өзі тексеруге арналған тест сұрақтары 
берілген. 
Оқу-әдістемелік құралда берілген теориялық материалдар 
соңғы жылдары жарық көрген зерттеулерден алынып, 
құрастырылды. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет