Ж. Д. Рапишева, Е. Е. ТҮйте, Ж. У. Есинбаева қазақ тілінің стилистикасы



Pdf көрінісі
бет38/44
Дата11.10.2022
өлшемі1,31 Mb.
#42318
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   44
Байланысты:
Kazak tili stilistika

3-тапсырма:
Берілген аудармадағы стилистикалық қателерге, басқа 
тілден енген сөздердің қолданысына назар аударып, өз бетіңізше 
басқа да шығармалардың аударылуына мән беріңіз. 
 
1. The door was open, there was a soldier sitting on a bench 
outside in the sun – Дверь была открыта, на скамейке у стены 
сидит на солнце солдат – Есік ашық жатыр, үй іргесіндегі 
сәкіде шуақты солдат отыр». Бұл кезде шуақты деген сөз 
орынсыз берілген.
His father loses his civil rights – Его отца лишили всех 
гражданских прав - Әкесін барлық азаматтық праводан 
айырған». «rights – право» сөзін қазақ тіліне право деп емес 
құқық деп аударған жөн болар еді. 
If the car went especially fast it was probably the King – Если 
машина шла особенно быстро, - это вероятно, был король. Егер 
машина бар жылдамдығымен жүйіткіп бара жатса, - онда бұл 
кетіп бара жатқанның, шамасы, король болғандығы. Бұл 
сөйлемдегі «сar – машина» сөзін қазақ тіліне «машина» емес 
«көлік» немесе ескіше «ат арба» деп аударуға болады. Бұларды 
аудармашы шығармашылығының алғашқы кезеңінен, оның 
тәжірибесі аздығынан десек те, бұл кемшіліктер бұдан кейінгі 
тарауларда да байқалады: «Шыныаяқ» сөзі бөлек «Шыны аяқ» 
деп жазылуы керек. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


112 
It could not be worse,» Passini said respectfully – Хуже быть 
не может, почтительно сказал Пассини – Одан өткен 
жамандық бола қоймас, - деді Пассини байсалды түрмен. Неге 
байсалды? Почтительно – құрметпен, ізетпен емес пе? - деген 
аудармашының жанынан қосылған қосымшалар қазақша 
нұсқада болса да, ағылшын тіліндегі түпнұсқа мен орыс 
тіліндегі нұсқада атымен жоқ. 
Beautiful young girls – Очаровательные молодые девушки – 
Балдай тәтті бойжеткендер. Очаровательные деген сөзді 
сүйкімді немесе ажарлы деп аударса дұрыс болар еді.
I would say leave it outside the door please – Я говорю 
поставьте пожалуйста у двери» деген сөйлем қазақшаға «Мен: 
– тәңір жарылқасын, есік алдына қойып кете беріңіз, деймін», 
болып аударылғанда, ағылшын тіліндегі түпнұсқа мен орыс 
тіліндегі нұсқадағы көрініс өзгеріске түсіп, нұсқалар арасында 
стильдік алшақтық пайда болған. 
«The troops were muddy and wet in their capes – Солдаты 
шли грязные и мокрые в своих плащах – Плащтарына оранған 
солдаттар балшыққа былғанып, жаурап, сылбыр қадам 
басады». Мұнда тіпті, орыс тіліндегі нұсқада «шли» және 
қазақ тіліндегі нұсқада «сылбыр қадам басады», «жаурап» деп 
көрсетілген сөздер ағылшын тіліндегі түпнұсқада берілмеген. 
(Э.Хемингуэйдің «Қош бол, майдан!» романының қазақ тіліне 
аударылуы. Қ.Қараманұлының аудармасы).
2. ...Ертеде трактор еді. Ол бұл хоббиінің көкесінің көкесі 
еді-ау! Отан соғысынан көп бұрын, ауылға алғаш трактор 
айдап келген күні, кейде бір есіне оралған кездері, жүрегі тулап, 
көңілін ерекше жылы, толқынды леп билейді де кетеді дейсің. 
...– өткен-кеткен есіме түсіп отыр да, кхе-ха. Кемпіріне 
көк көйлек киген кезін есіне алғанын айтудан қысылды. 
– Деректір бала келе жатыр. Дұрыстап сөйлес. Мен шай 
әзірлейін.... 
– Оның маған қанша керегі бар? Кетсін де. 
– Ақа-ау, не болды балалармен бала боп. -Кемпірі кеи 
сөйледі.... 
....Директор мырс етіп күліп қойды. Шал фигураларды дәу 
алақанымен сыпыра салды да, тақтаны стол үстіне жайды. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


113 
– Бітірмедіңіз ғой? 
– Онда шатағың болмасын... 
...Шал мен директорды керісі осы қыста, екі 
трактористің елсіз тауда адасып боранда қалған кезінен 
басталған. Трактористерге емес, шал кінәні директорға 
артқан. Шалдың пенсияға шыққанына он жыл болса да, ол 
күніне бір рет ертеде іргесін өзі қалаған, кейін совхоз үлкейтіп 
салған зәулім мастерскойға кіріп кетіп жүреді. Кейде апталып 
сонда жұмыс істейді... 
– Е, Ақа, не отырыс мынау, батқан күнге көз талдырған. 
Артынан ұста бәкірдің гүжілдеген дауысы естілді. Ақпан ескі 
досының дауысын естіп қуанды. Қасындағы бос орынды 
нұсқады. 
– Отыр. Қарашы неткен тыныштық. Сабырлы-ау дарқан 
далам. Күтіп жатыр. Аңсап жатыр емес пе, кхе-ах,а? ! 
...олар не замат тағы үнсіз отырды. Шаршаған 
тамырлары быртиып-быртиып салаланған әжімді қолдары екі 
шалдың да тізесінде дамылдап жатыр. Мынау быт-шыт әжім 
буған қолдар сөйлесе не айтар еді? Ғажайып өмірдің, ауыр 
өмірдің күйін шертеді-ау... 
...– Көргенді елдің баласының жүрісі. – Шал қарсыласының 
тапқыр, ойлы болуын тілейтін. Мынау соның өзі болды. Рахат! 
Шал алақанымен бетін уқалап-уқалап алды. Шалдың осы 
ауылда шахмат ойнамаған адамы жоқ. Анада ғана, 
бухгалтериядағы есепшілерді талқан ғып ұтып кеткен... 
...– Жатып қалдым, – деді бәкір далаға шыға алмағанына 
кешірім өтінгендей. 
– Оқа емес жатып біраз дем алып ал. 
– Өзі әзер жүрген шалға, әлгі кенже ұл қынымен қанжар 
соғып бер деп әуреге түсіргені ғой, – деді кемпір сыбырлай 
сөйлеп (Р.Сейсенбаев «Хобби ғой, жарығым, хобби»). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет