6. Публицистикалық мәтіндерді стилистикалық талдау Сұрақнама:
1. Публицистикалық стильге сипаттама беріңіз. 2. Публицистикалық стильге қойылатын басты талап қандай? 3. Публицистикалық очерк, мақалалардағы т.б. көркем бейнелік құралдардың, қарапайым сөздер мен тұрақты тіркестердің, көнерген сөздердің, ауызекі сөйлем элементтерінің қызметін түсіндіріңіздер. 1-тапсырма: Бұқаралық ақпараттар құралдарынан публицистикалық
стильге тән стильдік байлаулы тілдік бірліктерді (мысалы: баршамызға белгілі, маңызы зор; біршама азаяды//көбейеді//жақсарады деп күтілуде... және т.б.)теріп
жазыңыздар.
2-тапсырма: Мәтінге стилистикалық талдау жасаңыз.
16 наурызда Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов қазақстандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен брифинг өткізіп, Қазақстан Республикасының кезектен тыс президенттік сайлауын өткізуге дайындық барысымен таныстырды. ОСК төрғасының хабардар еткеніндей, сайлаушылар тізімін жасау – сайлау комиссияларының маңызды міндеттерінің бірі. Бұл шара жыл бойы жүргізіледі. Бүгінде елімізде көші-қон үдерістері белсенді жүріп жатыр. Астана мен Алматыда жаңа үйлер салынуда. Сондықтан сайлаушылар тізімін жасауға баса назар аудырылып отыр. Орталық сайлау комиссиясының басшысы 19 наурызда еліміздің барлық өңірлерінде сайлауды ұйымдастырушылармен семинар-кеңестер өткізу шаралары аяқталатынына тоқталды. Бүгінде аумақтық сайлау Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
108
комиссияларының мәжілістері дауыс беру күніне әзірлік шараларына байланысты өтіп жатыр. Бұл шараларға жергілікті атқарушы органдар мен ішкі істер органдарының қызметкерлері қатысуда. ...Сонымен қатар, бірқатар БАҚ Орталық сайлау комиссиясына арнайы бет арнап отыр. Онда түсіндіру, ақпараттандыруға қатысты мәліметтер мен сайлау барысына байланысты өзге де ақпараттар жариялануда. Қ.Тұрғанқұлов брифинг барысында ОСК-ға түскен арыз- шағымдарға да тоқталды. Оның келтірген мәліметтері бойынша, осыдан үш күн бұрын «Лайықты тұрғын үй» қоғамдық ұйымынан 136 өтініш түскен. Бұл өтініштер – Орталық сайлау комиссиясының құзырына жатпайтын мәселелер. Өтініштер банк пен құрылыс мекемемелерінің