Ж. Д. Рапишева, Е. Е. ТҮйте, Ж. У. Есинбаева қазақ тілінің стилистикасы



Pdf көрінісі
бет37/44
Дата11.10.2022
өлшемі1,31 Mb.
#42318
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   44
Байланысты:
Kazak tili stilistika

 
1-тапсырма:
Төмендегі 
берілген 
өлеңдердегі 
көркемдеуіш 
стилистикалық тәсілдерді тауып, олардың қалай жасалып 
тұрғандығын түсіндіріңіз. 
1. Гүл шолып, жүрер айнап ұшып сып-сып, 
Үстіңнен аю тасты сылдырлатса
Самайдан ішкен қымыз шығар шып-шып. «Жетісу 
суреттері». 
2. Ағынды менің Ақсуым,
Ақырып әлі ағасың, 
Ақиланған ашумен 
Ақтарды асқар сабасын
Таңырқап тау-тас тамсанып 
Жымиды жұлдыз мұныма 
Сүмиген сүңгі сұрша тал 
Шомылды таудың суына «Ағынды менің Ақсуым». 
3. Сарайым – сабам, құям пісіп-пісіп 
Сапырып ән қымызын, ой кернетіп 
Сөз – жаңбыр, даусым – дауыл, әнім – ескек 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


110 
Ойнақтап басылайын аз желдетіп «Әнші». 
4. «Еркетай қоңыр жел 
Еркеме соқсаң егерде 
Күрсінгендей сыбырла 
Кімдікі десе,-үндеме...
«Еркетай қоңыр жел» (І.Жансүгіров). 
5. Бүктетіліп жатқан бел 
Сүтке тойған марқадай 
Бұйра қою қарағай 
Белге біткен шалқалай 
Су жеп қойған жұмыр тас –
Түйір-түйір малтадай «Еділде». 
6. Қайғылы Ай, тұрсың көкте түсін қашып 
Қайғылы жер жүзіне нұрын шашып 
Жылжисың ақырын ғаан қорыққан жандай 
Жүргендей жол таба алмай бейне адасып «Айға». 
7. Қайғылы қайың! 
Аяныш жайың 
Сыбырлайсың 
Дірілдейсің 
Еңкейесің 
Күбірлейсің 
Ызғарлы жел
Соққан сайын... «Қайың» (М.Жұмабаев).
2-тапсырма: 
Көркем шығармадан алынған үзіндіге тілдік талдау жасап, 
көркем стильдің негізгі белгілерін көрсетіңіз. 
Шексіз тұңғиық қаракөк аспандағы жұлдыздар баданадай-
баданадай болып, айналасына алтын шапақ шашады. Мана ел 
жатар кезде теріскейден күнгейге қарай ақ жолақтанып 
созылып жатқан Құс жолы жылжи-жылжи бағытын 
өзгертіп, енді шығыс пен батыс арасын қосқан ақ шаңдақ 
соқпаққа айналыпты. Жеті қарақшы да төмендей-төмендей 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


111 
көкжиекке төніп барыпты да, шалқасынан түсіп жатып алған. 
Қызыл іңір түсісімен күнгей беттен өріктей қызарып туатын 
Марс жұлдызы недәуір биіктеп, бесіндік тұсына барып 
қарауылға тұрыпты. Жез түймедей жылтыраған Темірқазық 
қана бұрынғы орнынан тапжылмаған. Төбеңдегі жарық аспан 
есепсіз ұлғайып, ал астындағы от тұяғы топ-топ тиген жер 
тоқымдай кішірейіп кеткен тәрізді. Ал өзің болсаң, жарық пен 
қараңғылық қабысқан шекара тұста, батып-шығып жүзіп келе 
жатқандайсың. Бірақ төбеңдегі Темірқазық сияқты сен де бір 
орныңнан қозғалмайсың. Осынау мәңгілік жалпақ жақын дүние 
астында құс қанатын байлап алып зуылдап ұш – бәрібір саған 
қол бұлғап, жол болсын айтатын ешкім жоқ. Түнгі әлем жым-
жырт (О.Сәрсенбаев «Шамшырақ»)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет