Ж. Д. Рапишева, Е. Е. ТҮйте, Ж. У. Есинбаева қазақ тілінің стилистикасы



Pdf көрінісі
бет5/44
Дата11.10.2022
өлшемі1,31 Mb.
#42318
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
Kazak tili stilistika

(стилистика языка) деп атайды. Бұл бағыттың басты міндеті – 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


11 
сөздердің мәтіннен тысқары күйіндегі стилистикалық қызметін 
айқындау. Яғни лексикалық бірліктердің, фразеологиялық 
тіркестердің қолданылу мүмкіндіктері, морфология мен синтаксис 
саласындағы 
сөз 
таптарының 
жұмсалуы, 
синтаксистік 
конструкциялардың мәтіннен тыс мағыналары ашыла түседі.
Тіл ресурстары стилистикасы тіл деңгейлерінің ретімен 
жіктеледі: 

фонетикалық стилистика; 

лексика-фразеологиялық стилистика; 

морфологиялық стилистика; 

синтаксистік стилистика. 
Функционалды 
стилистиканы 
кейбір 
зерттеушілер 
қолданыс тілі стилистикасы (стилистика речи) деп атайды. 
Функционалды стилистика шығарманың, мәтіннің құрылымы, 
ондағы тілдік құралдардың орнымен қолданылуы, шығарманың 
болмысында кеткен саналы немесе кездейсоқ ауытқулар мен 
қателіктер, оларды болдырмаудың, кемшін тұстарды түзетудің 
жолдарын көрсетеді.
Функционалды стилистика өз ішінде стильдер жүйесі 
бойынша жіктеледі: 

ауызекі сөйлеу тілі (стилі); 

ресми стиль; 

ғылыми стиль; 

публицистикалық стиль; 

көркем әдебиет стилі (тілі). 
Функционалдық стильдердің тілдік бірліктерінің қатарына 
арнаулы сөздер мен стеротип сөздер енеді. Тілдік стереотиптер 
кешенді 
ойлау 
жүйесінің 
модельдік 
компоненттерін 
толықтырушы ретінде тілдің лексикалық қабатында жиі көріне 
алады, сондықтан олардың стилистикалық мүмкіндіктері өте 
мол. 
«Қазіргі кезде стилистика ғылымында әдеби тілдің бес 
функционалды стилі белгілі. Олардың өздері қатынас жасаудың 
нақтылы жағдай, міндеттеріне т.б. байланысты тағы ұсақ 
түрлерге жіктеледі. Оның үстіне функционалды стиль араласып 
та келе береді, яғни бір стильде басқа стильдердің элементтері 
кездесе береді. Функционалды стильдердің әр түрінің 
элементтері қабаттаса қолданылып, көп қабатты стильдік 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


12 
құбылыстар пайда болады. Бұл жағдайда стильдердің өзара 
нәтижесінде және олардың өз ішінде бөлінісі себепті жасалады. 
Сөйтіп, тілде функционалды стильдік және стилішілік жіктеліс 
өте күрделі, сан тармақты болып келеді» дейді зерттеуші
Б.Шалабай [6, 9].
Академик М.С.Серғалиев: «Функционалдық стильдердің 
қай-қайсысы да шағын стильдерге жіктеледі» дей келе, ғалым әр 
стильдің сипатын көрсете келіп, көркем әдебиет стилін шағын 
стильге ажырату олардың жанрлық ерекшеліктеріне байланысты 
болады деген тұжырым айтады [2, 19]. 
Жалпы алғанда, функционалды стильдің үш негізгі белгісін 
атап көрсетуге болады. Олар:
1) қоғамдық өмірдің белгілі бір саласын бейнелейді, 
олардың өзіндік қолданыс аясы, өз тақырыбы бар;
2) қарым-қатынастың белгілі бір жағдайын көрсетеді – 
ресми, бейресми т.б;
3) өзіндік ұстанған бағыты, тілінің негізгі мақсат-міндеті 
бар. Әрбір функционалды стиль жалпы әдеби нормада 
пайдаланудағы өзіндік ерекшелікке ие, ол жазбаша да, ауызша 
да өмір сүруі мүмкін. Әрбір стиль өзіндік ерекшелігі бар түрлі 
жанрдағы шығармаларды қосып алады.
Функционалдық 
стильдердің 
әрқайсысы 
өз 
мүмкіндіктерінше тілдік бірліктерді қолданудың өзіндік 
модельдері мен трансформациясын жасауға ұмтылады. Ол тілдің 
дамуына және стильді қалыптастыруға ықпал жасайды. Тілдік 
модельдер 
мен 
бірліктер 
функционалдық 
стильдердің 
шеңберінде қарастырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет