Зерттеу міндеттері



Дата31.10.2023
өлшемі16,02 Kb.
#120978
Байланысты:
Кіріспе Нурхаят


Кіріспе
Информатика- компьютер және одан басқа да техникалық құрылғылар көмегімен ақпараттарды алу, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану зандылықтарын, тәсілдерін, жолдарын зерттейтін ғылым саласы. Ал жалпы алғанда информатика -ғылым мен техниканың бірлестігі. XXI ғасыр дамағын технологиялар заманы болғандықтан, информатика ғылымының қолданыс аясы кеңеюде. Сонымен қатар біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналуда.
Информатика ғылымының қазіргі таңда видео ойындар бағдарламалауда, әр түрлі платформалар ойлап табуда қосқан үлесі зор. Осы видео ойындар, әр түрлі платформалардың информатикалық мақсаты- күрделі ойын, платформа кодтардын сипаттау және талдау, сол арқылы өзге де кодтарды ойлап табуға көмек болып табылады.
Зерттеу өзектілігі. Информатика ғылымы біздің күнделікті өміріміздің бір бөлшегіне айналғанына байланысты, сонымен қатар, қазіргі таңда әр түрлі платформалар, видео ойындар, түрлі-түрлі қосымшалар жасау адамзаттың күнделікті өміріне енгендіктен, қазіргі таңда әр бір жан бағдарламалау тілін білуі тиіс. Бүгінгі күні адамзатты таңқалдыру қиын болғандықтан, әр түрлі күрделі кодталған ойындар ойлап табу керек. Ал ол үшін қарапайым 2D форматында ойын жасап үйренуден бастауға арналған платформалар қажет. Сондықтан да қазіргі таңда әр түрлі ойын, анимация жасау процестерін қарапайым және түсінікті тілде үйрететін білім беру платформаларының өзектілігі жоғары.
Зерттеу міндеттері:
-Ойын, анимация жасайтын қарапайым бағдарламалау тілі Pygame туралы мәліметтерді ғылыми әдебиеттерден, түрлі энциклопедиялардан жинақтау;
-Оның қолданысын, қаншалықты түсініктілігін зерттеу;
-Осы бағдарламалу тілін жетік меңгеру;
-Бағдарламау тілі арқылы видео ойын, анимация жасау туралы видео сабақтар түсіру;
-Видео сабақтарға арналған жаңа платформа құру;
Жұмыстың негізгі нәтижелері: Видео ойын, анимация жасауда үйрететін білім беретін платформа ойлап табылды. Қарапайым бағдарламалау тілі Pygame-нің қолданыс аясымен таныстым. Pygame-нің алгоритмдерін үйрендім. Білім беру платформасы жайлы түсінік қалыптастырдым. Көптеген практикалық жұмыстар жасап, ізденіс нәтижесінде өз білімімді тереңдеттім.
Зерттеудің әдістемелік және теориялық негіздері: Зерттеу жұмысында мәліметтерді салыстыру, саралау, практикалық талдау әдістері қолданылды. Ұсынылып отырған жұмыстың нәтижелерін оқу орындарында, информатика ғылымына қызығушылығы бар оқушыларға пайдалануға болады. Оқушылардың ғылыми жұмыстарына көмекші құрал бола алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет