Ж. Д. Рапишева, Е. Е. ТҮйте, Ж. У. Есинбаева қазақ тілінің стилистикасы



Pdf көрінісі
бет31/56
Дата03.12.2023
өлшемі1,31 Mb.
#134074
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   56
Байланысты:
Kazak tili stilistika

 
Хабарды жеткізуде де публицистикалық стиль көркем 
әдебиет стиліне ұқсамайды. Көркем шығармадағы оқиға 
қаламгердің шығармашылық әлемінен сұрыпталып өтсе, 
публицистикалық шығармаларда деректер документальды 
беріледі. 
Қалың 
бұқарамен 
байланысты 
болғандықтан, 
публицистикалық 
стиль 
ауызша 
сөз 
стиліне 
жақын. 
Публицистикалық стиль – белгілі бір нысаны, орны, функциясы, 
мазмұны, құрылымы мен пішіні бар, белгілі бір жанрлар жүйесі 
және қоғам мүшелеріне әсер ету тәсілдері бар тұтас 
шығарманың түрі. 
Публицистикалық стиль – әдеби тілдің функционалдық 
стильдерінің ішіндегі ең күрделісі. Оның күрделілігі шағын 
стильдердің көптігінде және жанрларының әртектілігінде. 
Публицистикалық стиль газет стилі, лозунг стилі, радио тілі, 
теледидар тілі, сөйлеуші шешен стилі, публицистикалық әдебиет 
тілі сияқты шағын стильдерге бөлінеді. Алайда осы шағын 
стильдер арасындағы ең негізгісі, публицистикалық стильдің 
барлық ерекшеліктері мен белгілерін өз бойына сақтайтыны – 
газет стилі. Кейде публицистикалық стильді газет-публицистика 
стилі деп беру де газет тілінің жоғарыдағы белгілеріне 
байланысты. Сондықтан публицистикалық стильдің өзіндік 
ерекшеліктері мен белгілерін, интонациялық құрылымын 
анықтауда 
баспасөз 
материалдарын 
пайдаландық. 
Публицистикалық стильге тән басты ерекшеліктер: берілген 
материалдың өзектілігі және ресми деректермен сәйкестігі; 
берілген материалдың қалың көпшілікке түсініктілігі; берілген 
материалдың оқырманға әсерлілігі. 
Публицистикалық стильде авторлық баяндаудың үш түрі 
кездеседі: оқиғаның І жақтың жекеше түрінде баяндалуы; І 
жақтың көпше түрінде баяндалуы және автордың ІІ жақтан 
баяндауы. Осы баяндаудың әрқайсысы публицистикалық 
стильде үлкен стилистикалық қызмет атқарып, оның жанрлық 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


77 
ерекшеліктеріне сәйкес қолданылады. Публицистикалық стиль 
әдеби тілдің нормалық жүйесіне қатысы жағынан да 
ерекшеленеді. Бұл стильде әдеби нормадан ауытқу жиі 
кездеседі. Стильдің әдеби тілдің нормасына қарым-қатынасы екі 
жақты: 1. Стиль қалың бұқара тілінің нормалануына әсерін 
тигізеді; 2. Бұл стиль арқылы әдеби тілімізде жаңа 
стилистикалық нормалар қалыптасады.
Публицистикалық стиль әдеби тілдің функционалдық 
стильдерімен тығыз қарым-қатынаста келеді. Әдеби тілдің 
функционалдық стильдерінің тығыз байланысты болуы олардың 
саралануының кейіннен пайда болған құбылыс екендігін 
растайды. Бұл байланыс бір функционалдық стильге тән амал-
тәсілдердің 
екінші 
бір 
стильде 
қолданылуынан, 
бір 
функционалдық стильдің екіншісіне әсер етуінен, соның 
нәтижесінде әдеби тілдің функционалдық стильдер жүйесінің 
дамуынан байқалады. Бір стильге тән тілдік ерекшеліктердің 
екінші стильге ауысып, өнімді қолданылуы стиларалық 
диффузия деп аталады.
Соңғы кездегі көркем әдебиет стиліне публицистикалық 
стильдің дәстүрін қолданып жазылған шығармалардың бар 
екендігі анықталып отыр. Бұл құблысты Р.Сыздықова 
публицистизм құбылысы деп таниды. Публицистикалық стильде 
бірізділік күшті болады, терминдерді, сөз тіркестерін жұмсауда, 
сөйлемдерді құрастыруда әдеби тілге және өзіне тән дәстүрлі 
қалыптасқан нормаларды қатал сақтайды; баспасөз беттерінде 
метафоралық қолданыстар болады. 
Публицистикалық стиль қазақ тілі мәдениеті мен 
лингвостилистикасының ең бір үлкен бөлшегіне қызмет етеді. 
Ол қоғамдық ортаға стилистикалық бағалау категориясы арқылы 
белгілі сөз бен сөйлемдердің жиынтығын құрайды. Газет 
тіліндегі 
стилистикалық 
категориялар 
ұстанымы 
публицистикалық стильдің сөздік қорының лексикасын 
құрайды. Бұрынғы сөздік қордан шыққан сөздер немесе, 
керісінше, публицистикалық стильдің негізгі сөздігі болған 
сөздер қайта айналысқа түсіп, өзінің стильдік бояу, стильдік 
мағына, стильдік мәнін де өзгертеді.
Зерттеушілер 
публицистикалық 
стильде 
сауатты, 
мәдениетті сөйлей алмаудың өзіндік себептері жоқ емес дегенді 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


78 
айтады: біріншіден, қазақ тілінде көпшілік ортасында және 
ресми ортада сөйлеудің қажетті болмауынан, екіншіден, 
орфоэпиялық нормаларды сақтамаудан, ойдың логикалық 
желісін сақтамаудан, үшіншіден, ұлттық ойлау жүйесін жоғалту 
үстінде екенін де жасыруға болмайды, төртіншіден, сөздерді бір-
бірімен үйлестіріп, сөйлемдерді дұрыс құрамау сияқты толып 
жатқан кемшіліктердің болатынын ашып айту қажеттілігі 
туындап отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет