Ж. Д. Рапишева, Е. Е. ТҮйте, Ж. У. Есинбаева қазақ тілінің стилистикасы



Pdf көрінісі
бет9/56
Дата03.12.2023
өлшемі1,31 Mb.
#134074
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   56
Байланысты:
Kazak tili stilistika

Стилистикалық мағына
қазіргі уақытта стилистикалық 
коннотация деген терминмен аталып жүр. Қазақ тіл 
білімінде стилистикаға байланысты еңбектерде де жан-жақты 
талданған, кейде мәдени коннотация ұғымымен қатар айтылады, 
сондықтан лингвомәдениеттану бағытында қарастырылып жүр. 
Стилистикалық мағына – қолданыс тіліндегі денотативті немесе 
бейнелі уәжді аспектілерінің интерпретациясы мағынасында 
жұмсалынады. 
Қазақ әдеби ұлттық тілінде образды ассоциативті 
стилистикалық коннотациялар өте көп, ол ауызекі сөйлеу 
стилінде, көркем әдебиет тілінде молынан ұшырасып отырады.
Қазіргі уақытта тілдің ауыспалы мағынасынан туындаған 
стилистикалық коннотациялар жеке зерттеу салаларына 
айналып кетті. Ол, негізінен, стилистикалық мағына 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


25 
терминінен таралғанын айту керек. Тілдің номинативті жүйесі, 
әлеуеттілігі ұлттық әдеби тілдің байлық қорынан алына отырып, 
стилистикалық мағына кез келген қолданыс тілінде коннотация 
тудыратын образды-бейнелі сөзге айналады. 
Стилистикалық 
тәсілдер
деп 
стильдерді 
құрастырушының әр түрлі тілдік бірліктерді қолдану амал-
тәсілдерін айтады. Олар: троптың түрлері, стилистикалық 
фигуралар, стиль құраудың стратегиясы мен тактикасы. Тілдік 
бірліктердің дәстүрлі стилистикалық тәсілдері контекстен тыс 
стилистикалық коннотациялардың негізгі жүйесін құрай 
отырып, оның тұтас көркемдік сапасын жасайды. Қолданыс 
тілінің аясында тілдік бірліктердің анық, көркем, бейнелі 
шығуына 
стилистикалық 
мағына 
үлкен 
ықпал 
етеді. 
Т.Г.Винокур бұл экспрессивті стилистиканың негізгі базасын 
құрайтын атауларды "узуалды-стильді комплекс" деп атаған
[3, 7], олар мәтінде коммуникативтік актінің құрылымдық-
стильдік базасын толық қалыптастырады. 
Экспрессивті 
стилистиканың 
енді 
бір 
негізін 
құрайтын 
белгісі 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет