Ж. Ж. Аканова А. М. Касенова стандарттау


метрология негіздері» оқулыгы үш дербес тараудан түрады. Сонымен



Pdf көрінісі
бет6/183
Дата07.02.2023
өлшемі10,03 Mb.
#66012
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   183
Байланысты:
сис

метрология негіздері» оқулыгы үш дербес тараудан түрады. Сонымен 
олардыц әдістемелік бірлігі көрсетілген.
Жалпы редакциясын Ж.Ж. Махамбетова басқарган оцу цүрапынан 
айырмашылыгы оқулықта стандарттау, сертификаттау, метро­
логия бөлімдері тольщтырылган, сынац зертханаларын аккредит- 
теу бойынша бөлімдер цосылган және Қазацстан Республикасының 
жаңа нормативті-техникалыц қүжаттамаларына, өзгерістер мен 
толыцтырулар енгізілген заңдарга сілтемелер жасалган.
Бүл оқулықтың міндеті - оқырмандарды стандарттау, сертифи­
каттау және метрология бойынша алган білімді тәжірибеде цолдана 
білуге үйрету. Жекелеген жагдайларда, нормативтік қүжаттарды 
(мемлекетаральщ және халықаралық стандарттарды, сертификат­
тау бойынша ережелерді), ҚР заңдарын және басца нормативтік


6 Стандарттау, сертификаттау жэне метрология негіздері
цүжаттарды қолдана білуі, кәсіпорындагы өнімді сертификаттау сыз- 
басын таңдай алуы; зертханалардың техникалық қузіреттілігіне ак- 
кредиттеу жүргізу тәртібін, отандық және иіетелдік өнімдерге стан­
дарттау, сертификаттау жүргізу тәртібін, шикізат жэне өнімнің 
сдйкестік сертификатын алуга керек қүжаттар тізімін білуі керек.
Авторлар оқулықты жақсарту мацсатында оцырмандардың тілек- 
тері мен үсыныстарын қабылдайды.


I тарау. Стандарттау 7
/
_ J
I ТАРАУ 
СТАНДАРТТАУ
1.1 Стандарттаудың ғылым ретінде пайда болу тарихы
Стандарттаудың 
негізі 
Еуропаның дамыған 
елдерінде 
XIX ғасырдың басындағы өнеркәсіп революциясы кезінде қалан- 
ған. Үлкен фабрикалар мен зауыттардың пайда болуы жэне олар- 
дың көп көлемде тауарлар шығаруы дайын өнімді белгілі бір 
өлшемдік ретке келтіруді, тауарлардың бір нұсқамен шығаруды, 
тауарлардың өзара алмастырушылық қасиеттерге ие болуын та- 
лап етті. Ресейде 1715 жылы Туланың қару шығаратын зауытында 
өлшемдік түрақтандыруды енгізу жұмыстары жүргізілген бола- 
тын (өзара алмастырушылық).
1856 жылы Лондонда өткен халықаралық өндіріс қызмет- 
керлерінің съезінде қатысушылардың бірі кез келген шам әрдайым 
шамды қойғышқа тура келетіндей етіп жасау туралы ұсыныс 
жасаған.
Халықаралық стандарттаудың негізі 1875 жылы Парижде 
17 елдің Халықаралық метрлік конвенцияны қабылдауы арқылы 
қаланды.
1901 жылы Англияда Стандарт комитеті құрылды және оның 
негізгі міндеті Британ империясының экономикалық жағдайын 
жақсарту болды.
Қазақстанда стандарттау кеңес үкіметі кезінде басталды. 1923 
жылы Семей қаласында Омскінің өлшем бірліктері жэне тара- 
зы тексеру палатасының бөлімшесі ашылды. 1925 жылы Алма- 
тыда Семейдің өлшем бірліктер жэне таразы тексеру бөлімшесі 
ашылып, стандарттау жүмыстары басталды десек болады. 
КСРО елдерінде бірінші азық-түлік тауарларының стандарты


8 Стандарттау, сертификаттау және метрология негһдері
1926 жылы бекітілген. Отызыншы жылдары көптеген азық-түлік 
тауарларының стандарттары бекітілді, соның ішінде ет, ет және 
сүт консервілері, тауық өнімдері және т.б. Олар түтынушыға өнім 
қүрамында судың, қанттың, түздың, майдың белгіленген үлесінің 
бар екенін кепілдейтін. Бірінші мемлекеттік стандарттар өнім са- 
пасын жақсартуда үлкен рөл атқарды. ¥лы Отан соғысы жылдары 
азық-түлік тауарларының жаңа түрлеріне стандарттар енгізілді. 
Қолданыстағы стандарттардың көбісі соғыс уақытына бейімделіп 
өзгертілді. Ал соғыстан кейінгі жылдары өнім сапасына көп көңіл 
бөліне бастады. Соған байланысты 1955 жылдан бастап 1960 
жылға дейін 200-ден астам стандарт қайта қаралды.
Әр түрлі физикалық өлшем бірліктерін қолдану елдердің 
экономикасына көп көлемде шығын экелуде. Мысалы: АҚШ- 
та әлі күнге дейін ескірген британдық өлшем бірліктер жүйесі 
қолданылады, ал Үлыбританияның өзінде ол өте аз қолданылатын 
жүйе. 1965 жылдан бастап Үлыбритания бүкіләлемдік СИ өлшем 
бірліктер жүйесіне өтуді бастады. АҚШ-та ішкі қолданысқа 
шығарылған қүрылымдық құжаттар, өндірістік бүйымдар алдын 
ала бейімдеусіз СИ жүйесін қолданатын елдерде жарамайды.
Өндірістік өнімдер көлемінің үлкеюі және ғылыми техниканың 
қарқынды дамуы кезінде өнімдердің бір нүсқалы болуы, олардың 
бөлшектерінің өзара алмастырушылық қасиеттері жөніндегі 
сүрақтар күрделіленуде. Осы салада жүргізіліп жатқан іс-шара- 
лар өнімнің арзандауына, өнім сапасының көтерілуіне, өнімнің 
шығарылу көлеміне, сату аумағының үлкеюіне экеліп жатыр. 
Жаһандану үрдісі бүл тенденцияны күшейтіп, стандарттау бүрын 
болмаған мәнге ие болуда. Тек өнімді, тауарды, қызметті жал пы­
лай стандарттау арқылы жаһан елдері мен олардың экономикасын 
интеграциялау мүмкіндігі туады. Әлемде интеграциялау үрдістері 
күшеюде. Елдер одактастық қүруда, мысалы Еуропаның 27 елі 
бірігіп Еуроодақ қүрды. Дүниежүзілік сауда үйымы қүрылды. 
Жақында Қазақстан да сол ұйымға кіруді жоспарлап отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет