Ж. Ж. Аканова А. М. Касенова стандарттау


Ill тарау. Метрология негіздері 195



Pdf көрінісі
бет132/183
Дата12.10.2022
өлшемі10,03 Mb.
#42549
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   183
Ill тарауМетрология негіздері 195
Объектілердің барлық салаларында зандылык метрология- 
сыныңережелерін,теориялықметрологияныңнегізгіәзірлемелерін 
білетін мамандар болуы керек, олар осы саладағы біліктілігін 
тәжірибеде пайдалана алуы қажет өлшеудің жагдайына жауап 
беретін (бас метрологтар, өлшеуді жүргізетін операторлар).
Өлшеуге жұмсалатын шығын өнімді әзірлеуге және өндіруге 
кететін жалпы шығынның әжептеуір бөлігін қамтиды.
Мемлекеттік стандарттарда дэлелденген жағдайда традицион 
куәлігітехнологияныңмүмкіндіктеріненозық, отандықөнімдердің, 
процестердің 
(жүмыстардың), 
қызметтердің 
бәсекелестікке 
қабілеттілігініңболашагын қамтамасыз ететін алдын алаталаптары 
белгіленеді.
Стандарттаудың объектілеріне қойылатын орындауы міндетті 
жэне үсынымдағы талаптар мемлекеттік стандарттарда көзделеді.
Өнімдердің, процестердің (жүмыстардың), қызметтердің 
қауіпсіздігін, қоршаған ортаны, азаматтардың өмірін, денсаулығын 
және ақпараттық сэйкестіктілігін, өнімнің өзара алмасушылыгын, 
бақылау мен таңбалаудың әдістерінің бірлігін қамтамасыз ету 
үшін қойылатын талаптар міндетті талаптар болып саналады.
Мемлекеттік басқару органдары, меншігініңтүріне қарамастан 
жеке және заңды түлғалар стандарттаудың міндетті талаптарын 
сақтау қажет.
Өнімдерге, процестерге (жүмыстарға), қызметтерге қойы- 
латын стандарттың үсынымдағы талаптарын егер, олар тапсырумен 
болған шарттарда немесе өнімді шығарушының (жіберушінің) 
процесті (жүмысты) атқарушының техникалық қүокаттарда 
көрсетілген болса, онда жеке жэне занды түлғалар орындауға 
міндетті.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарын 
мемлекеттік басқару органдары, заңды түлғалар, стандарттаудың 
техникалық комитеттері әзірлейді. Ол процеске эзірлеушілердің 
өкілдері, шығарушылар, өнімді түтынушылар, гылыми-техникалық 
және инженерлік қоғамдар, түтынушылар қоғамы, стандарттау, 
метрология жэне сертификаттау жөніндегі комитеттің мамандары, 
ғалымдар тартылады.


196 Стандарттау, сертификаттау жәпе метрология негіздері
Стандарттарды жоспарлау жэне әзірлеуді ұйымдастыру 
кезінде ұйымдастырушылық-әдістемелік бірыңғайлыққа қол 
жеткізу мақсатында, сол сияқты стандарттарды құру жөніндегі 
жұмыстардың 
орындалуын 
талдау 
жэне 
бақылау 
үшін, 
стандарттардың келесі алты кезеңін белгілейді:
1- 
кезең - стандарттауды әзірлеуді ұйымдастыру жэне 
техникалық тапсырмаларды жасау;
2- 
кезең - стандарттың жобасын эзірлеу (бірінші редакция) 
жэне оны пікір алуға жіберу;
3- 
кезең - пікірлерді өңдеу, стандарт жобасының ақырғы 
(екінші немесе келесі) редакциясын эзірлеу;
4- 
кезең - стандарттың жобасын қабылдауға құжаттарын 
дайындау;
5- 
кезең - стандарттың жобасын қарау, оны қабылдау жэне 
тіркеу;
6- кезең - стандартты жариялау.
Қабылданған 
жоспар 
бойынша 
стандарттау 
жобасын 
әзірлейтін ұйымның басшысы эр тақырып жөнінде басшыларын 
жэне жауапты орындаушыларын тағайындайды және техникалық 
тапсырманың жобасын әзірлеу мерзімін анықтайды әрі жұмыстың 
орындалу мерзімінің кезеңдерін белгілейді. Осы мәселелер 
бойынша бұйрық немесе жарлық шығарады.
Метрологияның негізгі мақсаты - өлшеудің дәлдіктік 
шынайылығын бағалау мүмкіндігі жэне практикада, ғылыми 
зерттеулер кезінде дайындағанда, өндірісте, өнімдерді сынақтау 
жэне бақылауда, материалды, тасымалдағанда, медицинада 
жэне тағы басқа да іс-әрекеттердің салаларында өлшеулердің 
бірегейлігінің дэлдігіне жэне шындығына жету.
Сонымен қатар қазіргі кездегі метрологияға, ғылым мен 
техниканы өркендету үшін, түрақты және нақты физикалық 
шамаларды анықтау қажет болады. Атап айтқанда жарық 
жылдамдығы 300000 м/с; ауырлық күшінің үдеуі; дененің еркін 
түсу үдеуі; авогадро саны. Планк түрақтысы т.б.
Соңғы кездерде, өлшеудің жаңа түрі, жаңа әдістемелері, яғни 
өлшеудің бағасы, бағалау, дэлдік деген үғымдар пайдаланыла 
бастады.


Өлшеу деп белгілі бір физикалық шаманың мәнін өлшеу 
құралының көмегімен табу арқылы физикалық объектілерінің 
қасиеттерінің сандық сипатын анықтауды айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет