Ж. Ж. Аканова А. М. Касенова стандарттау


Метрологияның ұйымдастырушы



Pdf көрінісі
бет133/183
Дата12.10.2022
өлшемі10,03 Mb.
#42549
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   183
3.2 Метрологияның ұйымдастырушы, 
ғылыми және әдістемелік негіздері
Метрологиялық қамтамасыз ету қызметінің ұйымдастыру- 
шылық құрылымы:
1. ҚР-дағы Индустрия және сауда министрлігі;
2. Техникалық реттеу жэне метрология жөніндегі комитет;
3. «Қазақ метрология институты» РМК Метрологиялық 
қызмет Қазақстанда 1923 жылы қүрылған. Бұл Семейдегі шагын 
метрология зертханасы болатын.
Метрологияның заңнамалық базасы -  бұл «Әкімшіліктік 
құқық бұзушылық туралы» ҚР кодексі, «Өлшеу бірыңғайлығын 
қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңы.
Метрологияның 
экономикалың 
базасы. 
Мемлекеттің 
қаражатына Мемстандарт жэне өлшеу бірыңғайлығын қамтамасыз 
ету облысында Мемлекеттік бағдарламаларды құрады.
Келісім қаражатына, ягни жеке қызметтің өзінен алынатын 
қаражаттарға келесі жұмыстар жүргізіледі:
1. 
Өлшеу құралдарын (ӨҚ) салыстырып тексеру;
2. 
ӨҚ калибрлеу;
3. 
ӨҚ мемлекеттік сынау;
4. 
Өлшеуді жүргізу әдістерін (ӨЖӘ) аттестаттау;
5. 
ӨҚ метрологиялық аттестаттау;
6. 
Қүжаттамаларды метрологиялық сараптау;
7. 
Метрология облысында мамандарды дайындау жэне 
олардың біліктілігін жоғарылату.
Өлшем бірлігін цамтамасыздандырудыңұйымдастырушылыц 
негіздері
Мемлекеттік метрологиялык қызмет Қазақстан Республика- 
сының метрологиялық қызметінің бағыттаушы қүраушысы 
ретінде келесілерден қүралады:
Ill тарау. Метрология негіздері 197


198 Стандарттау, сертификаттау және метрология негіідері
Стандарттау, метрология жэне сертификаттау жөніндегі 
уәкілетті органнан (кейін уәкілетті орган);
• Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтан.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасында өлшемдер
бірлігін қамтамасыздандыру бойынша жұмыстарды мемлекеттік 
басқаруды іске асырады.
Уәкілетті органның негізгі мақсаттары мен міндеттері 
келесілер болып табылады:
- өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік сая- 
сатты құру жэне іске асыру;
- Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметінің 
жұмысын бағыттау;
- Республикада қолдануға жіберілетін өлшем бірліктерінің 
жүйесін бекіту;
- өлшем бірліктерінің мемлекеттік эталондарын құру, бекіту, 
сақтау жэне қолдану ережелерін бекіту, өлшем бірліктерінің 
эталондық базасын жетілдіру;
- Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз- 
дандырудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет