Үй жануарлары


«Жабайы аңдар туралы тақпақтар айту»



бет7/7
Дата06.01.2022
өлшемі0,8 Mb.
#13901
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
балаларға жабайы және үй жануарларын таныстыру

«Жабайы аңдар туралы тақпақтар айту»

1:Түлкі айтты. Түлкімін

Тұнып тұрған күлкімін

Бұлаң - бұлаң, құйрығым

Текке өтпейді бір күнім.

2:Әй, түлкіжан, мақтанба

Сиқырланып ақталма

Күшіңді сенің көрейін

Қасекең келе жатқанда.

3:Балпаң - балпаң, басамын

Алтын қырдан асамын

Аю деген ағаңмын

Аңшы көрсем қашамын.

4:Мен кірпімін, кірпімін

Көрінбей тұр кірпігім

Балаларға ұнайды

Жүретінім түртіліп.

5:Қайшы құлақ қоянмын

Ақшыл түске боялдым

Сытыр еткен бұтақтан

Елең етіп ояндым.

6:Жолбарыспын жыртқышпын

Бәрінен де мықтымын

Ормандардағы аңдардың

Жайратып салар күштімін.

7:Мен - мықты арыстан.

Аңдардың патшасы.

Жауымның алысқан

Күл болған қаңқасы

Бір көргенді білгін

Мен алып пілмін

аспаймын саспаймын

Жамандыққа баспаймын

8:Мен тиінмін, тиінмін

Аңды көрсем бекінем

Талдан - талға секірем.

Үй жануарлары мен жабайыжануарлардың айырмашылығы

Үй жануарларына адамдар қамқорлық жасайды. Олар қыста жылы қорада тұрады. Адамдар оларды жем шөппен қамтамасыз етеді.

Ал, жабайы жануарлар олар ну орманда өмір сүреді, өз тамақтарын өздері тауып жейді, қыста кейбіреулері ұйықтайды, ал тұлкі, қасқыр, қоян секілді аңдарға қыс өте ауыр тиеді. Олардың тамақ тауып жеуіне тырнақтары мен тістері көмектеседі. Күзде қасқыр мен мен түлкінің жүні түлеп қалыңдай бастайды, сол себепті олар қыста жүні қалың болғандықтан тоңбайды. Қоян жауларынан қорғану үшін тонын ақ түске өзгертеді.

Үй жануарлары адамға күнделікті пайдаланатын күн көрісіне қажетті болып келеді. Мысалғ ит ол үйді қорғауға немесе өрісте өте пайдалы жануар. Ал кей үй жануарларын азық ретінде немесе көлік ретінде пайдаланамыз.




Қорытынды.

Қорытындылай келе мен өз ойымды айта кеткенді жөн көрдім. Қазіргі таңжа жас балалар ұялы телефонға немесе теледидарға байлаулы келеді. Сол себепті сырткы тіршілікке кызығушылығы да төмен. Жануарларға аяушылык немесе сүйіспеншілікпен қарау азайып бара жатыр. Тілі жоқ жануардың тілін түсінбесе де қамқорлық жасау адамдық міндетіміз деп білем. Біз секілді кішкентай ғана бүлдіршіндерді тәрбиелейтін болашақ тәрбиешілер осы мәселені алға қою керек. Бүлдіршін кішкентайынан үй жануарларымен бірге өсіп, мейіріммен қараса, басқа мәселелердеде мейірімді болады деп ойлаймын. Және тағы айта кететін жәйт, балалар жануарларға мейірімді болғанын қаласақ циркке апармау дұрыс деп ойлаймын. Еркін жануарды қамап қою немесе адам өз қалағанын жасату деген дұры емес. Бала осындай кері заттарды көру арқылы мінез құлқы қалыптасады. Кішкентай бала ненің дұрыс ненің бұрыс екенін білмейді. Көргенін дұрыс деп ойлайды. Жануарларды қорлықпен ұстайтын цирк секілді кері тәрбие беретін жерлердің атымен жойылса екен деген тілек, үміт бар. Әрине балалардың мейірімді, жанашыр болуы бірінші ата ананың, екінші тәрбиешілердің және қоғамның әсері бары сөзсіз.



Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. https://kk.wikipedia.org/wiki/Қазақша_Уикипедия

  2. Жануарлар туралы үлкен энциклопедия. Автор: Ш.Саймқұлова



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет