Орындаған: Серік Диана Мамандық: Арнайы педагогика-302 Тексерген



Дата14.12.2022
өлшемі36,29 Kb.
#57201
Байланысты:
АП-302 Серік.Д мшб срсп 5


Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті



ОСӨЖ


Тақырыбы: «Көркем әдебиетпен жұмыс істеу әдістемесі»

Орындаған:Серік Диана
Мамандық: Арнайы педагогика-302
Тексерген:Жубатырова Б.
Жоспар:
1. Баланың тілдік және жеке тұлғаның дамуындағы балалар көркем әдебиеттің маңызы.
2. Көркем әдебиет-бала тілін жан-жақты дамыту құралы.

Көркем әдебиет-өнер сөзі -өнердің бір,түрі шындықты бейнелеуді сез арқылы жеткізу,бейнелердің көрнекі бейнеленуі. Сөз адамда көрнекі бейнелердi келтiретiн жалғыз бейне емес. Бұл пиктографиялық хаттама және Символикалық бейнелеу өнерінде көрінеді. Ал көркем әдебиет сөз арқылы жеткізіледі. Басқа өнер түрлерінен ерекшелігі: сөз арқылы біз көргенді, естігенді, уайымымызды, сезімімізді, ынтамызды баскаларды жеткіземіз.


Сөздің құдіреті мен күші, үлкен ерекшелiгi жанның қыр-сырының қозғалысын,әртүрлі әлеуметтік процестерді нақты жеткізеді.Мектеп жасына дейінгі бала, көркем әдебиетпен жұмыс жасауға тәжірибесі жоқ, ең алғаш балабақшада көркем әдебиетті оқуға кіріскенде қызығушылығы арта түседі. Баланың психологиялық ерекшелігі әр әдеби шығармадан эмоционалды әсер алуы қайсысы дұрыс,кайсысы бұрыс екенін айыра білуіне дамыту бала әдебиетті өнердің бір түрі белсенді болуына байланысты. Аталған қасиеттерді деп түсінгендей, бейнелік мінезін түсініп сезіне алады. Көркемділігін сезіну арқылы балада ең бағалы тәрбиелi қасиет қалыптасады: өнерде белсенді болу. Шығармашылық қабылдаудың негiзгi қасиеттерінің бірі шығарманың мазмұнын ұғып, түсіну.
Балалардың өнер туралы білімі дамыған сайын (көрнекілі,музыкалы,театыр және т.б.) көркем әдебиетпен ұштастыруға болады. Әдебиет,тіл дамыту арқылы өнердің әр түрін таныстыруға болады. Қабылдау кең көлемді болу үшін әдеби шығарманың мазмұнын айтқызу ете орынды. Күрделі мазмұндауда балаға қосымша сұрақ қоя отыра, баланың зейінін аудару,есiне түсiруге көмек тесу. Көмектесе отырып әдеби шығарманың мазмұнын толық қабылдай алады. Бала әңгімені,ертегіні,өлеңді,жаңылтпашт ы,жұмбақты және т.б. тыңдаған соң эмоциональды әсер алады, әңгімені жақсы түсінеді және меңгереді.
Әдеби шығарма баланы жан-жақты тәрбиелейді,адамгершілік қасиеттерді,көркем эстетикалық талғамды қалыптастырады.Көркем сөздің мағынасын қабылдануы мен қалыптасуы көп жұмыс істеуді талам етеді, баланы Фольклор мен балалар әдебиетімен тaныcтыpy kepeк. Берілген кітаптағы әңгімені оқып, суреттегі берілген бейнені әңгіме ретінде түсіндіріп беруін талап еткен дұрыс.Балада көркем әдеби шығармалар жайлы түсінігі кеңейіп, ұсак фольклорды ажырата алады. Көркем әдеби шығармалар арқылы балалардың қызығушылығын көмектеседі.
Сабақтарда көркем әдеби оятуда,ойыншықпен жұмыс істеу балалардың әңгімені жақсы түсінуіне шығармаларды кеңінен пайдалану балалардың көздік қорын молайтуға қабылдауды мынадай әдістер жүзеге асады:
Әдеби шығармаларды қабылдауды мынадай әдістер жүзеге асады:
- әңгімелеу-баланың әдеби шығармамен танысу;
-тақырыптың экскурсия,балаларды әдеби шығарманы қабылдауға үйрету -мәнерлеп оқу, тәрбиешінің балалар мен эмоциональды қатынасқа түсуі,уайымдау,эмоция мен ойлау қабілетін дамыту;
-әңгімелеу, оның мазмұндау формасы көркем эстетикалық шығарма ретінде қабылдау;
-көркем шығарманы қорытындылау,кейіпкердің мінезі,жағдайлар,шығарма идеясы т.б
-шығармашылық тапсырма, баланың,сөздік қоры дамыту,күрделі сейлемдер құрастыру, сөздің мәнерлігі;
-сюжеттердің сай келуі, кітапиллюстрациясы, техникалык жабдыктар.
Көркемдік-сөздік әрекетте балалардың мәнерлеу өнерінің дамуына және қалыптасуына үлкен мән берiледi: балаларға поэзиялық шығармаларды ырықты дауыспен нақты жеткiзу, сөздік дыбыстарды дұрыс айту, айтылған әнгімеге өз көзқарасын бiлдiру. Баланы көркем әдебиет үлгілерімен таныстырып, сана сезімін тәрбиелеп, сөйлеу қабілетін дамыту жауапты мәселе. Көркем әдебиет-шығармалары балаларға адамға тән сезімдер дүниесін ашып, жеке адамға, кейіпкердің жан - дүниесіне қызығушылығын тудырады.

Көркем шығарма кейіпкерлерімен бірге қуану – қайғыруды үйрене отырып балалар өзінің айналасындағы жақын адамдардың көңіл - күйін байқауға үйренеді. Оларда адамгершілік сезім, қайырымдылық қасиет әділетсіздікке қарсы тұру қабілеттері оянады, адалдық нағыз азамат қасиеттері қалыптасады.


"Сезiм бiлiмге жол ашушы, шындықты сезбеген адам оны түсінбейді және оны тани білмейді де",- деген болатын В.Г.Белинский. Көркем шығармада бейнеленген сезiмдердi ұғына отырып, балалардың сезімталдығы жетіліп, дамиды.

Баланың әдебиетпен таныстығы халық шығармашылығының ең қарапайым түрлері-тақпақ,өлең, халық

ертегiлерiнен басталады. Адамгершілік қасиеттерді,рухани бағыттылықты, өтірік мысқылдарды, тілдің көркемдігін түсінуін қалыптастыру-шағын көлемдегі

фольклорлық шығармалардың

ерекшелігі.

Ертегiлер,өлеңдер,әңгімелер оқылғаннан кейін алған әсерлі сезімдерін тыңдаушыларға жеткізе білуді үйренеді.

Мектепке дейінгі ұйымдарда мектепалды даярлық балаларының жас ерекшелiгiне орай колданылатын оқу тәрбие әдістерінің түрлеріне

тоқталамыз.


СӨЗДІК ӘДІСiне. баяндау, репродуктивт, эвристикалық, әңгімелесу, т.б. жатады.

Баяндау әдісі арқылы сабақта балаларға жаңа білім беріледі. Баяндау әдісін қолдану үшін материалдарды тәрбиешінің өзі жетік те, толық бiлуi тиіс. Баяндау барысында шығарманың басталуы, өрбуі, шарықтау шегі және аяқталуын дауыс ырғағы арқылы шебер жеткізе отырып, көркем шығарманы баланың санасына жеткізуге жағдай жасалады. Дауыс ырғағы, эмоциялық сезімі,

кейіпкерге енуi, бет-қимыл қозғалысы, мимикасы, т.б. шығарма мазмұнына сәйкестендірілген жағдай ғана, баяндаушы өз мақсатына жетеді. Мұндай әдіс

көркем шығармаларды меңгертуде көрнекі орын алуға тиіс. Себебі, сөз шеберлігін, әдеби сөйлеуді балалар тәрбиешіден үйренеді.


Репродуктивті әдісті сабақта қолдану кезінде тәрбиеші түрлі сұрақтар койып, тапсырмалар орындатып, балалардың жаңа білімді меңгеруіне, өткенді

естеріне түсіруіне, яғни шығарма кейiпкерлерiн суреттеуі немесе оқиғаны қысқаша өз түсінігі бойынша айтып беруге жетелейді. Балалардың өткен тақырыпты естеріне түсiруге және жаңа материалдарды меңгертуде мазмұнды суреттер беріліп, ойыншықтарды пайдаланып әңгімелеу ұсынылады.

Эвристикалық әдістің көмегімен көркем шығармаларды меңгертуде түрлі педагогикалық жағдаяттар туғызатын сұрақтар мен тапсырмаларды

Балалардың өздігінен шешуіне мүмкіндік туғызылады. Сондай-ақ, баладан өздігінен ойыН

жүйелі құрастыру және өз ойын толық жеткізу талап етіледі.Сөздік әдіске жататын баяндау, әңгімелеу, әңгімелесу, қысқаша әңгіме құрастыру тәсілдері мектепалды балаларының ойын өрбітіп,тілін дамытуда өте тиімділік көрсетеді.

Бұл әдіс тәрбиешінің баламен жұмыс істеуіне және жаңа материалды талдап,шығарманың мәнін саналы түсінуіне жағдай жасайды.

Бақылау-көркем әдебиет сабағында шығармаларды балаларға саналы түрді түсініп меңгерту, оларды өмірмен байланыстыру, өздiгiнен қорытынды жасай

білуге баулу көзделеді. Бақылау арқылы баланың ой тоқтатуы,зейін тұрақтылығы,тілін дамытуға жағдай

жасалады.

Мектепалды даярлығына сөздік әдісіне жататын тәсіл-тыңдау. Бұл жастағы балалардың тындауына арналған көркем шығармалардың көлемі молаяды, кеңейеді.

Көркем шығарма мазмұны да күрделене

бастайды. Сондыктан,бұл жастағы балалардың оқыған шығарманы тыңдауда зейіні тұрақтанады да,

әңгіменің мазмұнына, оның жекелеген кейiпкерлерiне өзiнiң көз қарасын білдіре алады.

Бұл кезде көркем шығарма жанрларын ажырата біледі. Көркем шығарма жанрларын

терең қабылдау үшін тәрбиеші оның мазмұнына сай атрибуттар мен қажетті кейіпкерлердi пайдалануға тырысады. Мысалы, ертегіні талдауда тәрбиешінің ауызша әңгімелесуі ғана емес, оның мазмұнына сай салынған суреттерді тамашалап, сахналық көріністі пайдаланса, балалар есте сақтау процесін

жузеге асырады. Сонда ғана ертегінің тәрбиелік мәні ашылып, балалар ол жөнінде өзіндік қортынды жасап, ертегі кейіпкерлерін салыстырып, өмірмен байланыстыра алады. Тәрбиеші үшін ең негізгі көрсеткіш балалардың көркем шығарманы қабылдау. Бұл жөнінде В.А.Сухомлинский: "Бала бала болуы керек"

яғни ертегіні тыңдай отырып, оның кейіпкерлерінің адалдықтың

зұлымдықты,

жаксылыктың жамандықты жеңуі, жан ашырлық танытуы, қуану, ренжу, образға енуіне мүмкүндік жасау керек. Сонда ғана тәрбиеші алға қойған мақсатына жете алады деп корытындылайды.

Әдеби шығармаларды оқу барысында тілдік - көркемдік әрекет жүзеге асады: әңгімелерді тыңдау, әңгімелеп айту, өздеріне таныс әңгімелерге ұқсастырып өздігінен әңгіме құрастыру.

Сол арқылы бала шығармашылыққа талпынады. Сондай - ақ, тақпақтарды, мақал мәтел, жаңылтпаш, жұмбақтарды

пайдаланады. Тілдік-көркемдік әрекет,яғни көркем шығармаларды сахыналау,



қуыршақ театырымен, сюжетті-ролді ойындармен тығыз байланыста жүзеге асырылады. Тілдік –көркемдік әрекетке жатқа айту да енеді. Балалардың мәнерлеп айтуына өлең, тақпақтарды жатқа оқуға,белсенділік танытуға әр

түрлі тәсілдер әсер етеді. Жұмбақтарды жатқа айту және шешу, мақал мәтелдерді жатқа айту өз ойын қысқа Да образды жеткізуге дағдыландырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет