Ж. К. Ахметова, Н. А. Бисембаева психология пәні бойынша тест сұРАҚтар жинағы павлодар 2009


Толеранттық - қайсыбір жағымсыз факторға жауап әрекеттің болмауы не бәсеңсуі, оның әсеріне сезгіштіктің төмендеуінің нәтижесі. Тоқтамға келгiштiк



бет24/100
Дата15.11.2023
өлшемі335,01 Kb.
#123567
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   100
Байланысты:
Ж. К. Ахметова, Н. А. Бисембаева психология п ні бойынша тест с

Толеранттық - қайсыбір жағымсыз факторға жауап әрекеттің болмауы не бәсеңсуі, оның әсеріне сезгіштіктің төмендеуінің нәтижесі.
Тоқтамға келгiштiк - адамның небiр қиын-қыстау кезеңдерiнде қажеттi шешiмдерге келiп, оны жүзеге асыруда қабiлетiнiң болуы. Тез тоқтамға келу үшiн адам асығып аптықпайды. Бұл әрбiр iстi ой таразысына салуды қажет ететiн қасиет.
Топ – іс-әрекетті бірге орындау процесінде бірлескен адамдар қауымдастығының әлеуметтік типі. Топтың мөлшері бойынша: үлкен, кіші топтар болып бөлінеді. Топтың даму деңгелері- ассоциация, корпорация, ұжым. Топтың түрлері: ресми, бейресми, нақты, шартты, диффузиялық, референттік топтар болып келеді.
Тұрмыстық психология - күнделікгі тәжірибеде жиналған білімдерге негізделуі және мәселенің дұрыс шешімін тез табуға мүмкіндік беретін интуицияның барлығы.
Түзеу психологиясы - құқық бұзушыларды көбіне еңбекпен түзеу мекемелерінде түзеу мен қайта тәрбиелеудің жағдайлары мен ерекшеліктерін зерттейді.
Түйсік - сыртқы дүние заттар мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелер.
Түрткі - субъектінің өмір сүру жағдайы ықпалымен қалыптасатын және оның белсенділігінің бағыттылығын анықтайтын әрекетті туғызушы. Түрткі - адамды түрлі іс-әрекетке итермелейтін себеп.
Уақытты қабылдау - бірізділікті, жылдамдық ұзақтылығын санада бейнелейтін шынайы құбылыстар.
Ұстамдылық - адамның оқыс қимыл-қозғалыстан, орынсыз сөйлеуден, бос күйiп-пiсуден бойын тежей алу қабiлетi. Ұстамды адам әр кез терең ойланып, iстiң тетiгiн аңғара отырып әрекет етедi. Мұндай адам өзiнiң бар күшжiгерiн тек алдындағы мақсатын орындауға ғана арнап отырады.
Ұжым - қоғамға пайдалы ортақ мақсатқа жұмыла еңбек ететін және психологиялық тұрғыдан топтасқан адамдар тобы. Ұжым адамдардың әлеуметтік қауымдастығының ең жоғарғы формасы.
Ұмыту - меңгерген материалдың еске түсіру мен қайта жаңғыртылуы мүмкіндігінің біртіндеп кемуімен сипатталатын ес процесі. Ұмытуды ең алғаш
Г.Эббингауз зерттеп, мағынасыз вербальдық материалдың жадқа сақталуының уақытқа тәуелділігін эксперименттік тұрғыда анықтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет