Ж. К. Ахметова, Н. А. Бисембаева психология пәні бойынша тест сұРАҚтар жинағы павлодар 2009



бет16/101
Дата23.07.2022
өлшемі338,91 Kb.
#37877
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   101
Қылмыстық психология - құқық бұзушылардың психологиялық механизмдері мен олардың психологиялық ерекшеліктерін, қылмыстық топтардың құрылуы, құрылымы, іс-әрекет жасауы және ыдырауы мәселелерін зерттейді.
Лидер – көшбасшысы, жетекші. Топтағы бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыруда және топтағы өзара қатынастарды реттеуде шынайы орталық ролді атқаратын беделді тұлға.
Локализация - стимулдың кеңістіктегі орнын анықтайтын перцептивті әрекет.
Медициналық психология - аурулардың пайда болуы және өту барысы, белгілі бір аурулардың адамның психикасына ықпалы, сауықтыру амалдарының оңтайлы жүйесінің қамтамассыз етілуі, ауру адамның микро әлеуметтік ортамен қарым-қатынасының сипаты және олардың басқа жағдайлармен байланысының психологиялық заңдылықтарын қарастырады.
Меланхолик - темперамент типі. Жүйке жүйесі әлсіз, сәл нәрсеге реакция білдіретін, тұйық, сөзге сараң, аса баяу қозғалатын, жайбасар адам. Темпераманттердің әрқайсысы жүйке жүйесінің туа біткен қасиеттерінен туындайтын, адамның тұқым қуалайтын, жеке дара қасиеті.
«Мен» тұжырымдамасы - әркімнің өзін басқалардан ажырата алуынан көрінетін, өзінің жеке тұлға екенін білдіретін ұғым.
Механикалық есте қалдыру - заттар мен құбылыстарды ішкі мағынасын түсінбей жай қайталау арқылы еске сақтау.
Мнемоника - мүмкіндігінше көбірек мәліметтердің есте сақталуын оңайлату үшін қолданылатын әдістер мен тәсілдер жиынтығы, жасанды байланыстар арқылы есте қалдыру әдісі.
Монокулярлық көру - бір көзбен қарау арқылы қашықтықтағы объектіні дұрыс анықтай алу.
Монолог сөз - белгілі бір жоспарға сәйкес, логикалық жағынан сөздің мағыналығы мен мәнерлігінің үйлесімді болуындағы баядамашының, лектордың сөйлеуі.
Моральдық сезімдер - қоғамдық өмірдің талабына сәйкес көрінетін адам сезімдерінің бірі. Оларға: жолдастық, достық, махаббат, адамдық, шыншылдық, ар-намыс, борыш, жауапкершілік, ұят, ұлттық мақтаныш және т.б. енеді.
Мұрат (идеал) - адамның өмірден өнеге іздеуінен, біреуді үлгі тұтып қастерлеуінен байқалатын қасиет. Мұрат – кісінің алдына қойған аса ардақты, ең асыл мақсаты.
Мүдде - алға мақсат қойып, сол мақсатқа жету әрекетінің негізі. Мүдде - тұлғаның іс-әрекетің мақсатын ұғынуға бағыттылығын қамтамассыз ететін танымдық қажеттіліктің көріну нысаны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет