Ж. К. Ахметова, Н. А. Бисембаева психология пәні бойынша тест сұРАҚтар жинағы павлодар 2009



бет21/101
Дата23.07.2022
өлшемі338,91 Kb.
#37877
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   101
Байланысты:
психология

Салыстырмалы психология - адам психикасының шығу тегі мен дамуының, адам санасының қалыптасуының биопсихологиялық алғы шарттары мен заңдылықтарын, адам мен жануарлардың психологиялық қарекетіндегі жалпылық пен айырмашылықты зерттейтін психология саласы.
Сана - әлеуметтік тіршілік иесі ретіндегі адамның рухани белсенділігінің ең жоғары деңгейі. Бұл белсенділікке тән ерекшелік - шындық болмысты сезімдік және ойша бейнелер нысанында бейнелеу адамның практикалық іс-әрекетінен бұрын болады және осы іс-әрекетке мақсатқа лайықтылық сипат береді.
Сангвиник – темперамент типі. Бұл типті адамның эмоциялық қозуы шапшаң, күшті болады, бірақ көп тұрақтамайды. Көңіл - күйі әп- сәтте өзгергіш, әсершіл, көтеріңкі мәнерлі сөйлейді, ақжарқын, ашық, басқалармен тез тіл табысатын, қызықтыратын іске бейімділігі, талабы, талпынуы көп, бірақ бастаған ісіне тыңғылықты болмай, жұмысты аяқсыз қалдыратын адам.
Сауалдама - алдын ала әзірленген сұрақтар жүйесіне жауап алуды көздейтін сауал парақ. Сауалдаманы сауалданушыдан қажетті мәлеметтер алу үшін, сондай-ақ үлкен әлеуметік топтардың пікірін білу үшін жүргізіледі.
Сауда психологиясы - саудаға қатысатын адамдардың жан дүниесін, мұқтаждығын, қызығуын, мақсаттарын зерттейтін психология ғылымының саласы.
Сезгіштік - адамның түйсіне алу қабілеті. Сезгіштік абсолюттік және айырма болып бөлінеді. Абсолюттік сезгіштік деп - сезім мүшелерінің өте әлсіз тітіркендіргіштерді түйсіне алуы. Айырма сезгіштік - сезім мүшелерінің тітіркендіргіштердің арасындағы болмашы айырмашылықты түйсіне алуын айтамыз.
Сезімдер - адамның айқын білінген заттық сипаты бар және біршама орнықтылығымен ерекшеленетін эмоциялық күйіну-сүйінулерінің айрықша түрі. Сезім - сыртқы дүние заттар мен құбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес келу-келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық процесс.
Сенсибилизация - тітіркендіргіш әрекетінің ықпалымен жүйке орталықтары сезгіштігінің артуын көрсететін психикалық құбылыс.
Симпатия - адамның басқа кісілерге, олардың топтарына не әлеуметтік құбылыстарға орнықты мақұлдаушылық эмоциялық қатынасы; жарқын жүзбен, тілектестікпен, тәнті болып қараудан, қарым-қатынас жасауға, ілтипат білдіріп, көмектесуге дайын тұрудан және тағы басқа ізгі ниеттерден көрінеді.
Синестезия - тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуін тітіркендіргіштерде оған тән түйсіктермен қатар басқа сезім мүшелеріне де тән түйсіктердің пайда болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет